Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Истории Казахстана"

Автор:   •  Февраль 15, 2022  •  Контрольная работа  •  712 Слов (3 Страниц)  •  273 Просмотры

Страница 1 из 3

1.ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары.

- Ең алдымен, Қазақ елінің қазіргі бізге таныс көпұлтты құрамы аз уақытта қалыптаспады. Қазақстанға басқа ұлт келіп қоныстанудың басталған уақыты патшалық билік тұсында болған. Ал кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапқан болатын. 

Қазақстанға Ресей шаруаларының қоныс аударуына келетін болсақ, Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей мемлекеті өзінің саяси мүдделерін жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көшу ағымдарының отаршыл сипаты айқындалды.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы үлкен ықпал етті. Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.

Қоныс аудару қозғалысы тарих сахнасында 3 кезеңді алады, әр кезеңнің хронологиялық шеңбері бар.

  • 1861-1885 жылдар. Бұл аралық 1 кезең
  • 1886-1905 жылдар. 2 кезең
  • 1906-1917 жылдар аралығы 3 кезең.

Алғашқы кезең. 100000-ға жуық орыс, украин, беларусь шаруалары Сібір, Орталық Азия және де Қазақстанға қоныс аударуы Ресейдің шаруашылық саладағы саясатымен мен тығыз байланысты.

1861 жылғы реформадан соң помещиктер өз пайдасына шаруалардың атаулы реформаға дейінгі өңлеп келген жерінен үлес алуға құқылы болды. Сондықтан помещиктер шаруа жерлерін тартып алды.

Екінші кезеңі. ХІХ ғасырдың соңында Украина мен Ресейден қоныс аударушылар саны көп болғандықтан, халықтың ұлттық құрамы өзгерді.

Үшінші кезең. 1906-1915 жылдары Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақтардан 2,5 млн десятина жер тартып алынып, қоныс аударушыларға бөліп берді. Осы кезең уақытында Ресей орталығындағы аграрлық қайшылықтардан шығудың жолын П.А. Стольпин ойлап тапқан болатын. Ол 1906 жылы 6 қарашада шаруа қауымынан шығып, хуторға енуі туралы жарлық шығарды. Стольпин ауыл шаруашылығын кризистен шығару үшін шаруалар қауымын таратты.

2. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары

- Мемлекеттік Дума мен демократиялық бағыттағы депутаттардың мына мәселелер бойынша ой-көзқарастары бірдей болды: Ресейдің қазақ халқының жеріне қатысты заңдар әділетсіз деп бағалануы керек, өйткені олар жергілікті халықтың мүдделерін толықтай есепке алмады. Алайда патша үкіметі мүлдем құлақ аспады. Ол қоныс аудару ісін шешу үшін батыл шешім және кұшті билік қажет деп, «шиеленіскен түйінді» біржолата шешілу қажет деп санады.

Соңында «шиеленіскен түйінді» шешілді. Бірнеше көтерілістер, оның ішнде 1916 жылдағы көтерілістер басылды. Ең жақсы деген қазақ жерлері 1917 жылға дейін 45 миллион гектар жері казактарға, қоныс аударып келген шаруаларға, және помещиктермен мемлекет қол астына өтті. Бұл 45 млн га қазақ жерінің 16 пайызын құрады. Осылайша қазақ қожалықтары отырықшы тұрмысқа аударылды.

3. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы.

Транспорт.  Қазақ жерініғ байлығын игеру теміржол құрылысына тәуелді еді. 1874-1876 жылдары Самара-Орынбор теміржолы салынды, ол Торғай облысы мен Орынборды, Орталық Ресеймен жалғастырды. ХІХ ғасыр соңында су көлігі, пошта-телеграф, теміржол қатынасы қазақ жерін Ресей орталығымен байланыстырды.

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (104.1 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club