Контрольная работа по "Истории Казахстана"
Автор: s1mpleofsss • Сентябрь 17, 2020 • Контрольная работа • 1,228 Слов (5 Страниц) • 610 Просмотры
1. Ұлттық-азаматтық бірегейліктің және ұрпақтар сабақтастығының тарихи тағылымы.
Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігі "Қазақстан – 2050" қалыптасқан болатын мемлекеттің жаңа саяси бағыты ол стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі "Бірегейлік пен бірлік" атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген болатын .Тұжырымдама бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, білім туралы, тіл туралы, мәдениет туралы заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі даму тұжырымдамасына негізделген.
Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделген болатын:
1) негізгі бағыт ол ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы.
2) "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары болып саналады және ол азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел.
3) Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы болып саналады, ол мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;
4) Қазақстандық бірегейлік пен бірлік ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың және меніңде этностық тегіне қарамастан өзімнің тағдыры мен болашағым мен Қазақстанмен байланыстыруыма негізделеді.
Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар ол Тәуелсіз Қазақстан.
Бұл таңдаудың мәнін ұғыну бірігудің басты негізі.
2.Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық.
Тарихи сананың деформациясынан кейін ұлттық бірегейлік пен ұлттық-азаматтық тұтастықты қалыптастыру ең ірі мәселенің біріне айналды. Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен мәдени мұраны игеру және оны қазіргі заманғы даму кезінде лайықты жаңартып үйлестіріп ірі мәселеге айналғандықтан ұлттық тарих пен мәдениеттің тоталитарлық идеоло- гия қысымымен үміті мен маңызы зор. Болашақ дамудың айқын рухани бағдарын анықтау үшін халықтың ғасырлар жинақтаған мәдени мұрасын игеру қажет, өйткені мәдениет кез келген ұлттың бірегейлігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондай ақ қоғамдық санамен қатар ұлттық өзіндік сананың да адамның әлеуметтік өмірінде орны зор. Ұлт немесе этнос тәрізді әлеуметтік бірлік сипаттамасының маңызды өлшемдерінің бірі менталитет.Менталитет
дегеніміз mens – латынша ойлау тәртібі ол ақылдың ерекше рухани қыртысы дегенді білдіреді. Бұл термин қазіргі мағынада жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұлттың өзіндік ойлау жүйесі болып табылады, эмоционалдық және құндылығы мағынасы деген мәнде түсіндіріледі.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының мақсаты мен міндеттері.
1980 жылы аяғында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ұлттық тәуелсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шыға бастады.1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920-1950 жылдарда қуғын сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау туралы қаулы қабылданды.Сол тарихи кезеңдегі ең басты оқиғалардың бірі 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған тіл туралы заңы еді.Бұл заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл,ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді.Осылайша тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен мемлекеттік тіл қоғамды жұмылдырушы әрі біріктірші күшке айналды.
1990 жылы 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді.Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланған.
1990 жылы 19 тамызда елде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетің құрылғаны жарияланды.Кеңес Одағының ыдырауын тездетіп,оны реформалаудың 20 тамызға белгіленген Новоогареов келісімін болдырмады.
1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қой қолған болатын.
Жалпы ғаламдық үдерістерді талқылай отырсам,Н.Ә.Назарбаев мынаны атап көрсетті; Біреулер үшін жаһандану-халықтарды одан әрі алшақтата түсетің Жаңа Бабыл.Енді біреулер үшін жаһандану қоғамдар мен мемлекеттер қауымдастығының әлеуметтік мәдени мүдделерін ескеруге мүмкіндік беретін әлдеқандай Біртұтас алаң теориясы.Басқаша айтқанда Жаһанданудың қарсыластары үшін бұл бар болғаны баяғы неоколониализм,неовестернизация,неомодернизация сияқты ескі құбылыстардың жаңғырған атауы ғана.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде толық қалыптасып болды.Біздің елімізде тиімді экономикалық реформалар жүзеге асырылды.Жаңа кезеңдегі еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылу деген ұмтылысы жай ғана қойылған мақсат емес.Ол тәуелсіз елдің реформалар тәжірбиесінен туындаған жалпыұлттық мақсат.Бұл Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу жолында жасалған алғашқы нақты қадамдарың бірі ғана.
4.Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқытудың негізгі принциптері мен әдеттері.
Оқушының өз қолы жете алатын бұл үшін бірқатар қиыншылықтарды жеңу керек тапсырмаларды беру әдісі болып саналады. Бұл деңгей оқушының білім
алу қабілетіінен бір ғана саты жоғары болуы тиіс.
Оқыту оқушыға түсінікті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана бұл сабақ оған қызықты бола алады. Тым қарапайым немесе тым қиын тапсырма олардың қызығушылығын төмендетеді.
Қиын, алайда орындалуы мүмкін болатын тапсырма оқушының өз күшіне деген сенімін арттырады.
Оқушылардың назарын фактілік материалға ғана емес, тоериялық қорытындылар және тұжырымдарға да аудару тарихты мектепте қарайды.
Материал мүмкіндік беретін жерлерде даяр қорытындыларды оқушыларға бере салудың қажеті жоқ деген ойдамын.Оқушының өзіне фактілерді тұжырымдату арқылы қорытынды жасауға мүмкіндік беру керек.
...