Контрольная работа по "Истории Казахстана"
Автор: Asem Tashinova • Сентябрь 12, 2021 • Контрольная работа • 1,088 Слов (5 Страниц) • 322 Просмотры
1-Біздің Қазақстан Республикамыздың тарихы ерте темір дәуірінде қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ, сармат тайпаларынан бастау алады. Сақ тайпалары негізінен тиграхауда, парадарайа, массагет, исседон, аргипей, аримаспы тайпаларынан құралған тайпалық одақ болып табылады. Кейін ерте орта ғасырларда қағанаттар (түрік, батыс түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ)ал дамыған орта ғасырларда мемлекеттер(қарахан, қарақытай, найман, керейіт, жалайыр) пайда бола бастады. Осы түркі дәуірінен кейін Шынғыс хан ұлдарына бөліп берген ұлыстарда Алтын орда, Ақ орда пайда болды. Жоғарыда айтып кеткен мемлекеттер мен қағанаттардың атауы әр түрлі болса да, тегі, тілі, мәдениеті мен сенімдері бір біріне өте ұқсас. Яғни, әр мемлекет сақтардан бастау алған діни-сенімдер мен салт-дістүрлерді іргетас ретінде қолданып, пайдаланды. Кейбір салт-дәстүрлер қазіргі кезге дейін жетіп, әлі қолданыс аясында бар. 1465 жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құруы, қазақтар үшін жаңа тарихтын басталуы болып есептелді. Жаңа заманда өте көп өзгерістер орын алды, әр түрлі көтерілістер, реформалар, хандық биліктің жойылуы, орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы және Кеңес одағының құрылуы. Бұл өзгерістер, кейінгі болатын ұлт-азаттық қоғалыстар мен революциаларға алып келеді. Ал осы қозғалыстар мен революциялардың нәтижелері, Қазақстанның тәуелсіздік алуына зор үлес қосты. Сөйтіп, 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін, Қазақстан республикасы өзінің көптен күткен тәуелсіздігін алады.
2- Саяси: Қазақстанды ежелгі кезде мекен еткен тайпалар ішіндегі сақтарды алатын болсақ, Сақтар парсылардың патшасы Кирмен бірігіп, Мидия патшасы Крезбен соғысқан. Кейін Кир сақтарды өзіне бағындыруды ұйғарды, алайда бағындыра алмай, сақ ханшайымы Томирис Кирдің басын алып, парсыларды жеңеді. Қазақ хандығы кезенінде, Қасым хан билігі тұсында халық саны миллионнан астам, әскер саны 300 мың болған. Моғолстан билеушісі Саид ханмен жақсы қарым-қатынаста болды, Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратқан. КСРО кезіңде германияға қарсы соғыс, бұрынғы одақтастар арасында бәсеке күшейіп, қырғи-қабақ соғысы басталды, 1979 жылғы кеңес-ауған соғысы, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі деген сияқты ауыр оқиғалар болды. Ал қазіргі тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы туралы айтатын болсақ, президенттің 2020-2030 жылдарғы арналған тұжырымдама бойынша, Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдерімен, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту мақсаты бар.
Әлеуметтік-экономикалық: Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын кошпелілер болған. Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қоса көмілген ағаш астаудың ішінен қойдың сүйек-саяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің фәнидегі тірлігіне ет тағамының өте маңызды орын алғанын біддіреді. Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы, сүйектері сақтар заманында мал түліктерін өсіру бұл оңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай түседі. Ал Қазақ хандығы кезеңінде көшпелілер қой мен жылқы, түйе, ірі қара өсірді. Жылқы көшкенде және соғыс жорықтарына мінетін көліктің негізгі түрі болды. Қой барлық жерде өсірілді. Негізгі тамақ түрі – еттен басқа тері, былғары, киім, төсек-орын, қажетті тұрмыс заттарын жасайтын жүнімен жоғары бағаланды.Кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымына монғол дәуіріндегі Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда қала мәдениеті мен егіншіліктің құлдырауының зардабы өз әсерін тигізбей қоймады. Көшпелі мал шаруашылығының басымдылығы қоғамдық қатынастарға патриархаттықты күшейте түсті. Бірінші рет алға жылжу қадамы қазақ экономикасында ХҮІІІ ғ-дың 40-шы жылдарынан ғана бастап байқалады. Ол алға жылжу мал басының өсуінде, қазақтардың тұрақты түрде сауда айырбасына қатысуында көріне бастайды. Ұлы отан соғысынан кейін экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді. Тәуелсіз Қазақстан экономикасы тоқталсақ, Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
...