Контрольная работа по "Истории Казахстана"
Автор: sabina20032003 • Сентябрь 22, 2021 • Контрольная работа • 959 Слов (4 Страниц) • 521 Просмотры
№2 Семинар сабағының тапсырмалары.
1.Патшалық Ресейдің қоныс аударту саясаты Қазақстан тарихнамасында 3 кезеңге бөлінген.
1 кезең –1861-1885
- кезең – 1886-1905
- кезең – 1906-1917
2.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары?
1. Қазақ жері,әсіресе Жетісу өлкесі табиғи,географиялық жағынан қоныстану үшін өте қолайлы болды.Қоныс аударушылар жердің құнарлылығы жайлы өте жақсы біледі.Себебі: Ресей империясы бірнеше рет экспедиция арқылы қазақ жерін зерттеп үлгерген болатын.Олардың басты мақсаттарының бірі:қазақ жерін Ресей империясы үшін сарқылмас мол қазынасы бар қоймаға айналдыру,жерінің кең байтақтығынан пайдалану.
2. Ресейдегі шаруалар 1861ж басыбайлы езгіден құтылған болатын,бірақ олар жерсіз қалғандықтан тағы көтеріліс бастауы мүмкін еді.Патша үкіметі шаруалар бүлігі басталуын біліп, оларды Қазақстан мен Сібір жерлеріне жаппай қоныс аудартады.
3.Патша үкіметі жергілікті халықты орыстандыру саясатын ұстанды.Осы арқылы қазақ жеріндегі көші қон,мал шаруашылығының орныны отырықшы егіншілік шаруашылығын орнатпақшы болды.Отырықшы халықты бақылауда ұстау олар үшін өте қолайлы еді.
3.XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Қала халқының көбею жолдары:
1. Қоныс аударған шаруалар
2. Ауылдан қол үзген қазақтар
3.Ішкі демографиялық өсім
4.Ірі қоныстарда өнеркәсіптердің салыну арқылы жұмысшылар мен халық саны өсіп отырды.
Облыстардағы қазақтардың үлесі:
Ақмола облысы | 36,6% |
Семей облысы | 73% |
Жетісу облысы | 60,5% |
Сырдария облысы | 63,3% |
Торғай облысы | 58,7% |
Орал облысы | 56,9% |
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Қоныс аударушылардың саны 1870-1914 жылғы деректер бойынша:
Ақмола облысында | 721,091 адам |
Семей облысында | 159,972 адам |
Жетісу облысында | 156,826 адам |
Сырдария облысында | 61,212 адам |
Торғай облысында | 226,825 адам |
Орал облысында | 108,467 адам |
Барлығы: | 1.434 393 адам |
4.Қазақстан аумағына ішкі губерниялардан қоныс аударушылардың келуімен қатар Қытайдан келушілерде қоныстандырылды. Құлжа өлкесінің Цинь империясына қайтарылуына байланысты дүнгендер, ұйғырлар Қазақстанға және Қырғызстанға қоныстанды. Мұндағы Патша үкіметінің саясаты? (қысқаша 1-2 сөйлем жауап)
Патша үкіметі осы қоныстандыру арқылы 1881ж Цинь империясымен Петербург келісіміне отырады.Бұл келісім арқылы Цинь империясымен бірқатар алауыздықтар шешіліп , Жетісу және Қырғызстан арқылы шекаралық аудандардағы сауда экономикалық қатынастарды үзбеу.
5.Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісуда жаңадан 5 болыс құрылды. Олар қалай аталған?
1. Жаркент
2. Ақкент (Ақсу- Шарын)
3. Малыбай
4. Қорамса
5. Қарасу
1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар:
дүнгендер –14136 ұйғырлар – 55999
6.Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі сауданың дамуына тікелей әсер етті. Сауданың жаңа түрі жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңке орталықтары:
Ақмола облысында - Константиновка
Семей облысында- Шар
Жетісуда- Қарқара
Сырдарияда -Әулиеата
...