Заттық құқық
Автор: dilyaraaa • Ноябрь 15, 2018 • Реферат • 519 Слов (3 Страниц) • 1,279 Просмотры
1.Заттық құқық- бұл біреудің басқалардың еркінен тыс және тәуелсіз затқа әсер ету құқығы. Әсер ету деп иелену, пайдалану, билік ету ұғынылады. Сөйтіп заттық құқықтың объектісі болып – зат табылады.
Иелену – бұл затқа нақты ие болу. Бірақ заттық құқық кез келген затқа фактілі ие болу таныған жок және соған байланысты иелену және қолында ұстауды ажыратты. Иелену негізі ретінде тек меншік құқығы ғана емес, сонымен қатар заттық құқық та болған. Иеленудің ешқандай құқықтық негізі болмауы да мүмкін (иесі болып табылмайтын адамнан затты алып иелену), сонымен қатар құқықбұзушылық болуы да мүмкін (ұрлықшының ұрланған затын иелену). Иеленудің болуы үшін 2 элемент қажет:
1. Затқа фактілі ие болу
2. Ерік, затқа өзіндікіндей ие болу ниеті.
Соңғы элементінің болуы иелену емес, затты қолында ұстауды білдіреді. Затты қолында ұстау көбінесе зат иесінің арасындағы келісімге сәйкес пайда болған. Рим құқығы заңды иелену және заңсыз иелену деп бөлді.
2.Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Меншік құқыққа ие болу әдістері.
Рим құқығы меншік құқығын затқа толығымен басшылық етуін білдірді. Меншік құқығының мазмұны 3 элементтен тұрады:
1) Затты пайдалану;
2) Затқа билік ету;
3) Затты пайдалану мен билік алудан өнім алу.
Меншік құқығына ие болу әдістері бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Меншік құқығын алудың бастапқы тәсілдері басқа тұлғаның меншігінен туындамайды. Мұндай тәсілдер болып табылады:
• Оккупация, ешкімге тиесілі емес өз меншігіне айналдыру ;
• Иеленудің мерзіміне байланысты затты меншікке алу.
• Көмбе табу
• Затты тапсыру
• Спецификация, яғни затты қайта өңдеп алу
• Заттарды қосу, яғни бір затты екіншісіне қосып оның құрамдас бөлікке айналып кетуі
• Мұрагерлік бойынша
• Біреудің меншігінің табысы мен көмбесін қолдану
• Претор немесе сот шешімі.
Затқа меншік құқығы жойылады:
• Дереликции, яғни иесінің өз еркі бойынша меншігінен бас тарту.
• Зат өлген кезде
• Иеліктен шығарған кезде
• Иесінің
...