Гулаг жуйесiндегi енбекпен тупеть лагерьлерiнiн тарихы
Автор: ROSALINDRO1122 • Июнь 9, 2022 • Научная работа • 999 Слов (4 Страниц) • 249 Просмотры
Кадрхан Оразгүл
Абай атындағы ҚазҰПУ
Сорбонна-Қазақстан Институты
6В04101 – экономика(қосдипломды) мамандығының 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.м., аға оқытушы Саурыкова Ж.С.
ГУЛАГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ
слайд№2 Қазақстан тарихын еске түсірсекБүкіл адамзаттың санжылдық тарихында талай қатыгез, әрі қанышер халық билеушілері болды. Алайда, ХХ ғасырда тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тұсындағы қасіретті адамзат тарихы бұрын-соңды көрмеген. Адамға бір-ақ рет берілетін тіршілікті тәлкекке айналдырған Сталиндік жүйе ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, «жауларды» іздеу, табу, құрту, жою мақсатында орнады. Бұл оқиға жазықсыз сотталғандардың өзендеріне бастау болды слайд№3 Ал, талай жанның өмірін азап еткен лагерьлердің тарихы неден бастау алды екен?
.
слайд№4 1919 жылы 15 сәуірде Кеңес Одағында "мәжбүрлі жұмыс лагерлері туралы" декрет шықты. 1929 жылғы 11 шілдеде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі "қылмыстық тұтқындардың еңбегін пайдалану туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес барлық сотталғандарды үш жыл және одан жоғары мерзімге ұстау берілді, оның жүйесінде келесі жылдың сәуір айында лагерлердің Бас басқармасы құрылды. слайд№5 НКВД-ның түрлі басқармаларының ішінде ГУЛАГ-тың орны ерекше болды. «1932 жылы елімізде ГУЛАГ-тың 11 еңбекпен түзеу лагері (ИТЛ), 1940 жылдың басында НКВД- ның құрылыс лагерлері деп аталған 53 лагерь, 425 еңбекпен түзету колониялары болды» [2, 239]. «Лагерь контингентіндегі адамдар саны да өсті: 1930 жылы 179 мың тұтқын болса, 1940 жылдың басында олардың саны 1 668 200 адамға жетті» [3, 239]. слайд№6 ГУЛАГ Лагерьлер жүйесіндегі өмір туралы айтудың өзі жағымсыз. ГУЛАГ тарихын зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше, лагерьлердегі тұтқындардың жағдайы, тіпті, фашисттік лагерьлерден кем болған. Қақаған қысстың қатал жағдайында, бір жұлым нан үшін, алтын кеніштері немесе ормандарда жұмыс істеп тірі қалу мүмкін емес еді. Оған қоса, лагерь басшылары мен күзетшілері онсыз да тұтқындардың ауыр жағдайын қиындата түсті.
слайд№7Барлық КСРО-да ГУЛАГ бұғауынан тыс қалған бір де бір республика болған жоқ. Тұтас халықтар, өзге ұлт өкілдері(жапон, иран, қытай, ауған, румын, моңғол, поляк, немі және т. б.) Бүкіл Еуразия елдері жазықсыз жапа шегіп, зұлмат жылдардың зардаптарын тартты.. Осыдан, «Гулаг тарихы– Әлем тарихы» деген тұжырым шығаруға болады.
слайд№8 Бұл кезең қазақ халқын да айналып өткен жоқ. Осы мақаланы оқып отырған жандардаң барлығы өмірлерінде бір рет болсын, «Зиялы қауым» жайлы естігені анық. Міне, ұлтымыздың арыстары да «қандықол» жүйенің құрбандарына айналды. 1928-1930 жылдар аралығында «Алаш» қозғалысының А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев секілді жетекшілерінен бастап, мемлекеттік қызметте болған Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев, С. Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қызметтерінен алыстатылып, үстілеріне әр түрлі негіздердегі істер қозғалған. слайд№9ГУЛАГ лагерьлерінің Қазақстан территориясындағы ең үлкен саласы – Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Қарлаг) 1931 жылы 19 желтоқсанда ОГПУ-КазИТЛАГ- қа қараған «Гигант» совхозының негізінде құрылды [4, 12]. Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің жүйесін 2 фактпен түсіндіруге болады. Біріншіден, Карлагтың мақсаты Қазақстанның бүкіл түрме жүйесін асырау болды; басқаша айтқанда, ол ауыл шаруашылығымен айналысқан. Екіншіден, 29 шағын лагерьден тұратын Карлагқа көптеген мәдениет қайраткерлері мен ғалымдар, белгілі опера әншілері, театр режиссерлері мен суретшілер жіберілді.
слайд№10
Сөз жалғай келе, ГУЛАГ жүйесінің ірі лагерлерінің біріне,Ақмола облысындағы лагерь жатады.
Лагерьде қазақтың қамын ойлаған, "елім-жерім" дейтін тұлғалардың әйелдері және балалары азапталған. Онда бізге белгілі халқы үшін жанын берген, қаһарман Тұрар Рысқұловтың әйелі, түрменің қызы аталған Рида Рысқұлованың анасы Әзиза да дәл осы лагерьде 10 жыл азап шекті.
слайд№11 1990 жылы, өмірбаяны «Құрт- Асыл тас» туындысына негіз болған, Гертруда Платайс Қазақстанға келгенде, өзінің және жанындағы әйелдердің лагерьдегі өмірі, қазақтардың жанашырлығы жайлы айтып берді.
...