Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гоминидттердің пайда болуы мен алғашқы эволюциясы

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Реферат  •  1,922 Слов (8 Страниц)  •  1,021 Просмотры

Страница 1 из 8

Орындаған: Аманкелді Айзада

1602-11

1.10.2021ж

          Гоминидттердің пайда болуы мен        

алғашқы эволюциясы

Жоспар:

  1. Гоминидтер
  2. Ежелгі гомининдер эволюциясы
  3. ХХ ғасырдағы зерттеулер

  Гоминид – адамдар мен үлкен маймылдарды қамтитын приматтар тұқымдасы. Гиббондар тұқымдасымен бірге гоминоид үлкен отбасын, яғни бір тұқымды құрайды.

 Гомининдер – гоминоид тұқымының қосалқы отбасы, оған Homo Sapiens, шимпанзе, горилла, жойылып кеткен топтар кіреді.

                                            [pic 1]

Гоминидтердің 8 түрі бар:

  1. Ardipithecus ramiclus
  2. Australopithecus anamensis
  3. Australopithecus afarensis
  4. Homo habilis
  5. Homo erectus
  6. Homo предшественники
  7. Homo neanderthalensis
  8. Homo sapiens

Ежелп гомининдер эволюциясы

Жер жүзіндегі миллиондаған өсімдік пен жануар түрлері сияқты, адамзат та өзі тектес биологиялық түрмен қосылу арқылы ғана ұрпақ жалғастыра алатын жекелеген тіршілік иелерінен құралған топ деуге болады. Адам, шимпанзе және горилла гендерінің 96–99 пайызы ортақ болғанымен, осы үш биологиялық түр өкілдерінен ортақ ұрпақ тарамайды.

   Тумай: гомининнен қалған белгі. Адамзаттың биологиялық түр ретіндегі тарихы шамамен жеті миллион жыл бұрын гомининдердің қазіргі шимпанзелердің арғы тегінен бөлініп шығуынан басталады. Осылай мәлімдеуге негіз болатын ақпарат 2001 жылы жарық көрді. Африканың орталығында орналасқан Чад аумағында қазба жұмыстарын жүргізген француз археологтары гоминин белгілері бар тіршілік иесінің бас сүйегін табады. 7 миллион жыл бұрын өмір сүргені анықталған бұл тіршілік иесіне жергілікті халық тілінде «өмірге үміт» деген мағына беретін Тумай (TOO-meye) деп ат береді. Тумайдың (Sahelanthropus tchadensis) ми көлемі шимпанзенікімен бірдей болғанымен, бет-бейнесінде байқалатын гомининдік белгілер генетикалық тұрғыдан басқа приматтардан өзгешеленетін жаңа түрдің пайда болу мүмкіндігі жайлы ой толғауға итермеледі. «Тумай тік жүрді ме?» деген мәселеде ғалымдар көзқарасы бір жерден шықпады. Алайда бассүйектің омыртқамен түйіскен жерінің сипаты оның тік жүргенін дәлелдейтін сияқты. Гомининдерде, басқа приматтармен салыстырғанда, тік қозғалуға икемді дене бітімі, соның ішінде, иілген бел омыртқасы, тізе буындары, екі аяққа нық тұру арқылы тепе-теңдікті сақтау қабілеті дамыды ма деген сұраққа ғалымдар ұзақ жыл бойы жауап таппай келеді. Гомининдер азық табуда басқа жануарлармен бәсекеге түскені анық, бірақ осы бәсекеде тікесінен жүрудің15 артықшылығы кемшілікке айналуы да мүмкін. Ендігі жерде, тікесінен жүретіндерге қысқа қашықтықта тез-ақ қуып жететін төрт аяқты жыртқыштар қауіп төндірді. Тікесінен жүретіндердің бойы ұзын болғандықтан, олар шөпте жасырынған жыртқыштарды алыстан-ақ байқап, тез арада қашып құтылу әрекетін жасауға уақыты болғанын да айта кеткеніміз жөн. Басқа приматтар сияқты, тікесінен тік жүретіндердің де бас бармақтары қалған саусақтарына қарама-қарсы, яғни заттарды ұстауға ыңғайлы орналасты. Тікесінен жүру барысында босаған қол керек кезде ағашқа өрмелеуге, азықтарын жануарлардан ала қашып, қауіпсіз жерге апарып жеуге де ыңғайлы болды. Ендігі жерде күн сәулесі тікесінен тік жүретіндердің арқасына емес, төбесіне ғана түсті. Нәтижесінде, төрт аяқтап жүретін басқа жануарлармен (денелері жерге көлденең әрі жақын тұратын) салыстырғанда, олардың денесімен миы қызып кете қоймады. Яғни басқа төртаяқтылар көлеңкені паналауға мәжбүр болатын түскі ыстық мезгілде олар дала кезіп жүре берді.

Люси және басқа австралопитектер. Адамның тікесінен жүре бастағаны жайлы пікірлердің ешқайсысы нақты дәлелге негізделмеген. Алғашқы екі аяқты тіршілік иелерінің келбетін қаңқа қалдықтарына сүйене отырып жасап шыққанын айта кетуіміз керек. Бертінге дейін ең атақты ежелгі гоминин – Люси еді. 1976 жылы Солтүстік Эфиопияда зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар ежелгі гомининдердің бірқатары жататын австралопитек16 туыстас тобына (ah-strah-loh-PITH-uh-seens) тиесілі кем дегенде он үш қаңқа қалдығын тапты.  Олардың ішінде сүйек қалдықтарының 40 пайызы сақталған, жас әйелге тиесілі қаңқа болды. Қазба барысында ашқан жаңалықтарын атап өту кезінде ғалымдар «The Beatles» тобының «Lucy in the Sky with Diamonds» әнін орындаған еді. Ежелгі қаңқа қалдықтарының иесіне лақап ат осы ән құрметіне қойылды. Australopithecus afarensis қатарына жатқызылып, 3,2 миллион жыл бұрын өмір сүргені анықталған Люсидің бойы небәрі үш фут, оның тік жүргені анық, ал бас бармағы мен саусақтары қорек теруге, сонымен қоса кішкентай баласын көтеріп жүруге икемді болған тәрізді.  Люси соңғы жылдары Эфиопиядан табылған басқа да ежелгі гомининдермен даңқын бөлісуге мәжбүр болды. 2000 жылы палеоантропологтар17 Селамды – үш жастағы қыз баланың барынша бүтін сақталған қаңқа қалдықтарын тапты. Бұл бала 3,6 миллион жыл бұрын су тасқынында құм мен тастың астында қалып қойған. Селамның қаңқасы табылған Дикика деген жер Люси өмір сүрген аймаққа жақын орналасқан. Баланың гориллаға ұқсас иығы ағашқа өрмелеуге бейімделген, алайда ми сауыты ересек австралопитектікіне әлі жете қоймаған. Бұл ерекшеліктер – адамзатқа тән биологиялық нышан ретінде қарастырылатын балалық шақтың белгілері. 2009 жылы ғалымдар екі аяқтап жүретін австралопитектер кем дегенде 4,4 миллион жыл бұрын өмір сүрді деген нақты тұжырымға келді. Бұл жаңалық Ardipithecus ramidus немесе Ardi деп аталған ұрғашы австралопитектің жартылай сақталған қаңқа сүйектерінің табылуымен негізделді. Люсиден 1,2 миллион жыл бұрын өмір сүрген бұл тіршілік иесінің қаңқа қалдықтарын талдау барысында оның ебедейсіз болса да, тік жүргені анықталды. Австралопитек түрлерінің Африканың оңтүстік шегіне дейінгі жерлерді мекендегені белгілі. Осыдан екі миллиондай жыл бұрын Оңтүстік Африкадағы терең үңгірге құлап кеткен әлдекімнің бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін ғалымдардың зерттеп жатқаны жақында белгілі болды. Австралопитектердің бұл тобына Australopithecus sediba деген атау берді.

...

Скачать:   txt (25.9 Kb)   pdf (372.7 Kb)   docx (265.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club