Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астана - Қазақстанның жаңаруының, оның көп ұлтты халқының қалыптастырушы энергиясының символы

Автор:   •  Февраль 11, 2022  •  Лекция  •  301 Слов (2 Страниц)  •  914 Просмотры

Страница 1 из 2

15-семинар. Астана - Қазақстанның жаңаруының, оның көп ұлтты халқының қалыптастырушы энергиясының символы

1.Мемлекеттің астананы Астана (қазіргі Нұрсұлтан) қаласына ауыстыруының стратегиялық мақсаттары қандай болғанын оқып зерттеңіз.

1998 жылы 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмолла қаласының аты Астана қаласы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесі беріліп, медаль табыс етілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасымжомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Енді 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері және 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті қызметіне баға беріңіз.

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп қана қоймай, Астана Саммитін өткізу арқылы әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мол үлес қосты. Қазақ елінің төрағалығынан кейін қауіпсіздік пен ынтымақтастық бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды, мұхиттан мұхитқа дейінгі шексіз аумақты қамтып, жаңа деңгейде қадам басатын болды. Ең бастысы, Қазақстанның әлемдiк қауымдастықтағы беделi өстi. ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бiр жыл iшiнде Қазақстанның танымалдылығы артты. Өйткенi, тәуелсiздiк алғанына жиырма жылға жуық уақыт ендi ғана болғандықтан, көптеген елдер Қазақстанның қайда орналасқанын, қандай бағыт ұстанатынын бiлмейтiн.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (42.5 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club