Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асандар көтерілісі

Автор:   •  Октябрь 12, 2023  •  Реферат  •  4,108 Слов (17 Страниц)  •  409 Просмотры

Страница 1 из 17

Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Асандар көтерілісі

Орындаған: Алдабергенов Е.

Жетекшісі: Саурықова Ж.С.

Алматы, 2023

Асандар көтерілісі

        Асандар көтерілісі – ХХ ғасырда кеңес өкіметінің өктем саясаты салдарынан қазақ халқының басына түскен ауыр қасіреттің бір көрінісі. Бұл туралы тәуелсіздікке қолымыз жеткенше ашық айтылған жоқ. Тек еліміз егемендік алғаннан кейін ғана, тоқсаныншы жылдардан бері қарай қанды қақтығыс турасында жариялана бастады. Қазақстанның тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарына тапқаннан жоғалғаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтардың бастан өткенін көреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орын толмас өкініш, азалы да қарлы кезең 1929-1933 жылдардағы әміршілдік жүйенің енгізілуімен ашаршылық нәубеті еді.        1929-1931 жылдар аралығында 372 халық толқулары болды. Бірқатар толқулар асқына кле кеңес өкіметіне қарсы қарулы күреске ұласқан. Бұл  көтерілістің негізгі себетері – ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпті кедейлерді де құлақтар қатарына жатқызу, жұртты мал мүліктерінен айыру және дінге тыйым салу еді. Кеңес өкіметінің осындай авантюристік шараларына наразылық білдірген ел амалсыздан бас көтере бастаған.                                                                        Қызылорда аймағының өзінде өткен  ғасырдың 30-шы жылдары оннан астам қарулы ірі көтерілістер болған. Соның бірі «Казалы көтерілісі немесе «Асандар көтерілісі» деп аталды. Бұл көтеріліс әкімшілдік жүйеге карсы бағытталған. Бұл көтеріліске кіші жүздің асан руынан шыққан азаматтар қатысты. Жана өкіметтің қысымына шыдамай, көтеріліске шыққан қазалылықтар колдарына қару алып, қоргануға мәжбүр болды.                Қазақтың қасиетті топырағы – Қазалы төңірегін Асан деп аталатын ру байырғы кезеңнен  мекен етіп келеді. Осы атамыздың ұрпақтары жөнінде айтылатын: «Ұшаққа таяқ лақтыратын Асан ғой», - деген сөз бар. Бұл сөздің мәнісі мынада. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында кеңес белсенділері шектен тыс өктемдікке, асыра сілтеушілікке барды. Орындалуы мүмкін емес жоспарлар, салықтар бекітті. Бұл, әсіресе, шаруа-кедейлерге қатты батты. Бала-шағасын әрең асырап отырған ауыл адамдары мұндай озбырлыққа шыдай алмады. Ашу-ыза бойды кернеді. Ақырында ұйымдаса келе, үкімет саясатына күшпен қарсы шығуға бекінді.                                                                                Қазалы жерінде болған осы қарсылықта Асан атаның ұрпақтары мол болды. Әрине, көтерілісшілер ішінде жергілікті жерде тіршілік етіп жүрген басқа рудың да адамдары бар еді. Тіпті орыс өкілдері де жүрді. Алайда Асан руының адамдарының саны көбірек болғандықтан, бұл бас көтеру «Асан көтерілісі» деген атты иемденді.                                Сырдарияның бойындагы казіргі «Әлсейіт өткелі» деп аталатын тұста қолдарында қамшы-шоқпарларығана бар көтерілісшілер мылтықпен, пулеметпен жеткілікті қаруланган әскерге қарсы ұмтылды. Қамшының пулеметке қарсы тура алмасы белгілі. Шаруалар қынадай қырылып калды. Аман қалғандары бас сауғалады. Осы шайқастан соң, тірі қалған көтерілісшілердің басына кара бұлт үйірілді. Олардың бірқатары ату жазасына кесілді, біркатары түрмеге қамалды.Зорлық-зомбылыққа шыдай алмағандар тобелерін айналып өткен ұшаққа қолындағы бар қаруы - таякты аямай лақтырған сияқты. Жоғарыда тілге тиек етілген осындайдан қалса керек.                                                                 Міне, содан бері сексен жыл уакыт өтті. Қазір еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет. Басымызга бақ болып қонган Тәуелсіздік аркасында «Қазалы – Асан көтерілісінің» құрбандарын еске алу, оларға тағзым ету жағдайына ие бол отырмыз. Қазалыда болған екі күндік шара осы «Қазалы - Асан көтерілісіне каскан намысшыл, аршыл азаматтарға бас ию, құрмет көрсету ниетінде ұйымдастырылған еді. [95-96]1

...

Скачать:   txt (42.5 Kb)   pdf (113.5 Kb)   docx (19.4 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club