Археологиялық мәдениет түсінігі (тас, мысты тас, қола және ерте темір дәуірлерінің археологиялық мәдениеттері
Автор: Unknown • Ноябрь 8, 2021 • Реферат • 1,655 Слов (7 Страниц) • 780 Просмотры
Ғылыми Тарих 1-топ Тарих Факультеті Орындаған Арынов Абдулмалик СӨЖ: Археологиялық мәдениет түсінігі (тас, мысты тас, қола және ерте темір дәуірлерінің археологиялық мәдениеттері. Жоспар: 1. Археологиялық мәдениет түсінігі 2. Тас дәуірі мәдениеті 3. Мысты тас дәуірі мәдениеті 4. Қола дәуірі мәдениеті 1. Археологиялық мәдениет – адамзат қоғамының белгілі бір өткен кезеңінің материалдық мәдениетінің қалдықтарын құра алатын белгілі бір кезеңдегі және аймақтағы артефактілер, ғимараттар мен ескерткіштер түрлерінің қайталанатын жиынтығы. Осы Археологиялық мәдениет ұғымын 1920 жылдардың соңында австралиялық филолог және археолог Вир Гордон Чайлд енгізді, ол былай деп жазды: «Материалдық ескерткіштердің белгілі бір түрлері – ыдыстар, құрал-саймандар, әшекейлер, жерлеу ғұрыптары, үй пішіндері үнемі қайталанып отыратынын байқаймыз. Мұндай өзара байланысты белгілер кешенін біз «мәдени топ» немесе жай ғана «мәдениет» деп атаймыз. Мұндай кешен бүгінгі «халық» деп атайтын нәрсенің материалдық көрінісі деп есептейміз. 2. Тас дәуірі мәдениеті Тас дәуірі – адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді. Олдувайлық мәдениет Олдувайлық мәдениет – бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі. Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер – бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте – соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды (құралдарды) жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды. Ашельдік мәдениет Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал – қол шапқышы пайда бола бастаған. Палеолит жәйлі әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қыруға арналған және сүңгінің үштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бүйымдарды шабатын құрал – кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған. Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл. Орта және соңғы ашель Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мүқият қашап алатын болды Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді. 3. Мысты тас мәдениеті Энеолит кезеңі Еуразия аймақтарында егіншілік пен мал шаруашылығы қарқынды түрде дами бастағандығын, ондағы түрлі археологиялық мәдениетті қалдырған тайпалардың ертеден келе жатқан өзіндік мәдени дамуды бастан кешіргендігін далалық зерттеулер нақты көрсетіп отыр. Әсіресе Қазақстан энеолиті басқа өңірлерге қарағанда мүлдем өзгеше еді. Мұндағы табиғи-экологиялық орта мен оны адам баласының игеруі нәтижесінде мал шаруашылығына өту біртіндеп қалыптаса бастайды. Бұл кезде тас құралдарын пайдалану одан сайын жетіле түсті, тіпті ол жоғарғы деңгейге жетті. Адамзат тас өңдеудің соңғы жетістіктеріне осы кездері қол жеткізді де, өнім түрлерін кеңейте түсті. Ботай мәдениеті- аталмыш мәдениетті ғылыми айналымға археология профессоры В.Ф.Зайберт енгізген. Ботай мәдениеті біршама түрде Солтүстік Қазақстан далалық энеолитін (Орал-Ертіс өзендері аралығын) толыққанды сипаттайды. Оның хронологиялық шеңбері б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды қамтиды. Негізгі ескерткіші – Ботай қонысы. Далалық ізденістер барысында одан бірнеше баспана орындары аршылған. Баспаналардан қырғыштар, пышақтар, қыш ыдыстары, жебе мен найза ұштары, сүйектен жасалған бұйымдар көптеп табылған. Қоныстың шаруашылық бөлігінен сан алуан заттар жиынтығы аршылып алынған. Әсіресе хайуанаттар сүйектері мен олардан жасалған бұйымдар көп ұшырасады. Адам қолымен жасалған заттардың (артефактілердің) арасындағы ең көбі шақпақ тастан жасалған бұйымдар болып табылады. Қоныстан табылған сүйектердің басым бөлігі – жылқы сүйектері. Зубр, бұлан, елік, тур-өгіз, аю, қасқыр, түлкі, күзен, ит, түйе, қарсақ, қабан, т.б. түз тағылары мен құстардың сүйектері аздап болса да кездеседі. Ботай қонысынан алынған көптеген артефактілерге жасалған 98 типологиялық-трассологиялық талдау оның тұрғындары көп салалы кешенді шаруашылық жүргізгендігін, қоныс тұрғындары негізінен жылқы өсірумен айналысқандығын дәлелдейді. Гарпун секілді құралдардың табылуы мұнда балықшылық та дамығандығын көрсетеді. 4. Қола дәуірі мідениеті Қола дәуірінде археологиялық мәдениет мұралары жақсы белгілі. Олар: Афанасьев, Андрон, Петровка археологиялық мәдениеттері. Афанасьев мәдениеті-– б.з.д. 3 – мыңжылдықтар арасы, Енисейдің жоғарғы ағысы мен Алтай даласында қалыптасқан, өзінің бастауын жаңа тас неолит дәуірінен алады. Негiзiнен жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелген. Афанасьевтықтардың «әулеттік зираттары дөңгелек тас қоршаулардан тұрады. Әдетте, қоршаудың ортасында бір немесе екі жер қабір болады. Қабiрлерiнiң үстiнде аса үлкен емес, топырақтан немесе тастан үйiлген төбешiктерi бар. Жекелеген және тобымен жерленген жағдайлар да кездеседі. Мәйіттер қол-аяғын бауырына жиған күйінде, сирек жағдайда арқасымен ұзына бойы жатқызылған. Әдетте, еркектерi бiр немесе бiрнеше әйелдермен бiрге жерленген. Жерлеулерге ыдыстар, жабайы және үй жануарлардың кесек еттері, еңбек құралдары қойылады. Киімдеріне сүйектен және жыртқыш аңдардың тісінен жасалған тұмарлар мен моншақтар тігілген. Қабірге қойылған ыдыстары түбі сүйір, бүйірі томпақ жұмыртқа немесе шар тәріздес келеді. Сыртындағы өрнектері қисық сызық және шырша тәріздес. Жерлеу заттары тас келі, дән үгіткіш, сүйектер мен мүйізден жасалған бұйымдар, жебенің ұштары, салмақтастар, т.б. Сәндік бұйымдар ретінде жануарлардың тістері, ұлу тастар, балықтың сүйектері, кейде қабыршақтары пайдаланылған. Металл заттары негізінен мыстан жасалған пышақ, қанжар, сым сақиналар, ине, сырға, білезіктер мен ілмешектер. Афанасьевтықтардың шаруашылығы өндiрушi шаруашылық, оның iшiнде бақташылық басым. Қазiргi кездегi үй жануарларының негiзгi түрлерiнiң барлығы дерлiк ұсталған. Жерлеулерден қойдың, үй бұқалары мен жылқының сүйектері табылады. Аңшылық пен балық аулау да қоғам өмiрiнде елеулi орын алды. Афанасьевтықтардың бiрсыпыра қоныстары да зерттелген. Олар көбiне жартылай жертөле және бөренелерден тұрғызылған үйлер түрiнде. Түстi металл өндiргендiгi анықталған, оларды алған кен орындары да зерттелген. Негiзгi еңбек құралдары тастан жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар, балталар, инелер тiптi, мыс қанжарлар да кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған бұйымдар да табылған. Минусинскiдегi осы мәдениетке атын берген Афанасьев тауындағы зираттан метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк шықты. Афанасьевтықтардың антропологиялық түр түсі мен еңбек құралдары жергілікті неолиттік тайпалардікіне ұқсамайды. Керісінше, ыдыстары, антропологиялық түр-түсі және жерлеу ғұрпы Шығыс Еуропалық ежелгі шұңқыр мәдениетіне етене жақын. Олардың екеуi де палеоевропеоидтық түрге жатады. афанасьевтіктерге дейін Сібір жерінде бақташылықтың ізі байқалмайды, ал Афанасьев кезінде дамыған күйінде пайда болады. Осыдан барып афанасевтіктер батыстан қоныс аударып келген дамыған тайпалардың өкілдері болуы мүмкін деген пікір туындайды. Андрон мәдениеті- б.з.д. 2-мыңжылдықта Шығыс Урал мен Батыс Сiбiр аралығында қалыптасты. Оның негiзгi таралу аймағы батыста Урал тауынан, шығыста Енисейге, солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте Тянь-Шань тауларына дейiнгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн алып жатыр. Андрон мәдениеті ескерткіштерін алғаш зерттеушілер М.Т.Грязнов пен С.А.Теплоухов еді. 1927 жыл Батыс Қазақстан территориясынан андрон мәдениетінің бірнеше зираттарын қазған М.П.Грязнов далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңнен: алдынғы, ортаңғы және соңғы кезеңдерін саралап берді. Қазақстанның андрон мәдениетіне кезеңдеу мен мерзімге бөлу мәселесіне Ә.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Андрондықтардың жерлеу ескерткiштерi мен қоныстары салыстырмалы түрде жақсы зерттелген. Олардың зираттары қабiр үстiне үйiлген кiшкене үйiндiлер мен тас қоршаулардан тұрады. Сондықтан көпшiлiк жағдайда оларды iздеп табу қиынға түседi. Жерлеу қабiрлерiнде кейде қазылған шұңқырдың қабырғалары ағаштардан өрiлiп, үстi де ағашпен жабылады. Кейбiр жағдайда тастардан қаланады. Үсті жалпақ таспен жабылған, қабырғалары тігінен қойылған тастардан жасалған тас жәшіктер де кездеседі. Мәдениет өкілдері өлген кiсiнi аяғын бауырына бүгiп, жерлеген, ерте кезеңде мәйітті өртеп, күлiн жерлеу ғұрпы да болған. Жерлеуде тастан жасалған жебенiң ұштары, қола қарулар мен еңбек құралдары, алтын мен күмiстен жасалған сырғалар да жиi кездеседi. Соғыс арбасы қоса көмiлген қабiрлер де табылған. Қоныстары егiн егуге қолайлы өзен жағалауларына жақын орналасқан. Ерте кезеңдегi қоныстар қорғаныс дуалдарымен нығайтылған. Үйлерi жартылай жертөле және жер бетiне салынған үлкен көп жанұялық баспана түрiнде кездеседі. Осындай үйлерден тұратын үлкен мекенжайлар да табылған. Андрондықтар негiзінен мал өсiру шаруашылығысен айналысқан. Негiзгi малдары қой, ешкi, сиыр және жылқы болған. Жылқыны мiнiс көлiгi ретiнде пайдалануды игерген. Андрон мәдениетi ескерткiштерi Оңтүстiк Сiбiрде: Орақ 1, Новая Черная 11, Сухое озеро; Алтайда: Венгерово 1, Абрамово 4, Преображенка 3; Оңтүстiк Уралда: Кулевчи 3, Сынтасты, Арқайым, Берсуат; Қазақстанда: Атасу 1, Петровка 2, Қанай, Былқылдақ 1, Бұғылы, Трушниково т. т. Петров мәдениеті. Бұл мәдениеттің бекіністі қоныстары мен обалы қорымдары Оңтүстік Оралдан, Оңтүстік-Батыс Сібірден, сондай-ақ Батыс, Солтүстік және Орталық Қазақстаннан көптеп табылған. Қазақстан аумағынан ұшырасқан қоныстар мен қорымдар б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғасырларға жатады. Қоныстары Амангелді-1, Кеңөткел-5, Семиозерное-2 секілді 3 бір мәдени қабатты қоныстар, Новоникольское-1, Петровка-2, Богоглюбово-1 сынды көп мәдени қабатты қоныстар толымды түрде зерттелінген. Бұл ескерткіштерді 1970 жылы Г.Б. Зданович зерттеді. Петров мәдениетіне жататын қоныстарға тән нәрсе – онда бекіністік құрылыстардың болуы; әдетте қоныс айналасында тереңдігі 1,5-2,5 м-ге, ені 3,5 м-ге дейін жететін оры болды, оның ішкі және сыртқы бөлігі топырақ жалмен көтерілді. Ішкі жал негізгісі болды, ол кейде ағаш құрылыстарымен бекітіліп, күшейтілді. Жал мен ор периметрі бойынша қонысты қоршаған жүйені құрады, не болмаса қоныс орналасқан жердегі тік жарға, ойдымға жалғасты. Қоныс ауданы 5-9 мың шаршы метрге жетті. Қорғаныс құрылыстарымен кірер есікке немесе ордың тармақталып кеткен жерлеріне қарама-қарсы орналасқан шұңқырлар тікелей байланысты. Әдетте шұңқыр қабырғалары саз балшықпен мұқият сыланды. Шұңқырға малдың бас сүйегі мен қаңқасының үлкен бөліктері, қыш құмыралар, ғұрыптық оттар да салынды. Қорғаныстық (бекіністік) құрылыс ішіндегі кенттерде баспаналар өте тығыз орналасқан еді. Баспаналар көбіне 1-2 қатар болып жапсарластырыла орналастырылды, сондай-ақ бос телімдер мен алаңқайлар да кездеседі. Баспаналардың дені жер бетіне салынған тік бұрышты тұрпаттағы қима ағашты, тамбур тәрізді есігі бар құрылыс еді. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Байпақов,Таймағанбетов Қазақстан Археологиясы 2. Дөкей Талеев Археологи
...