Алаш қоғалысы және тәуелсіздік идеялары
Автор: molya2405 • Ноябрь 5, 2018 • Реферат • 1,654 Слов (7 Страниц) • 825 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Мамандығы: жалпы медицина
Дисциплина: Қазақстан тарихы
Кафедра:Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: Алаш қоғалысы және тәуелсіздік идеялары
Орындау түрі: Мəнжазба
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Ақтөбе 2018 жыл
Жоспар
1. Алаш саяси партиясы. Алаш қоғалысы
2. Ұлт зиялылары
3.Қорытынды
4. Әдебиеттер
1.Алаш саяси партиясы. Алаш қоғалысы
XX ғасыр басындағы қазақ мадениетінің аса маңызды , ерекше құбылыстарының біpi еуропалық деңгейде ( Варшавада ) , көбінесе Ресейде ( Mәскеу , Петербор, Қазан , Томск , Омбы ) білім алып , ағарған қазақтардың әлсіздеу , бірақ бастамашыл және беделді тобының пайда болуы еді. Нақ осы зиялы топ ішінде сауаты аз, білімсіз қазақ жұртшылығын орыс билігінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан құтқаруды көздеген патриоттық идея туды. Бұл қозғалыс өзінің атауын қазақтардың аңыздарындағы ханы - Алаш ханның есімімен алған. Қазақ сөзіне теңдестірілген "Алаш" атауында қазақтардың барлық жерлерін біртұтас билікке біріктіру идеясы, сонымен қатар тәуелсіз Қазақ мемлекеті, ұлттық мүдделерді қорғау жүйесіндегі негізгі құрал туралы идея іске асқан-ды. 1910-1913 жылдарда Мұхаметжан Сералин , Ахмет Байтұрсынов , Әлихан Бөкейханов және баскаларының бастамасымен қазақша : «Айқап» журналы, «Қазақ» , «Қазақстан» газеттері басылып шығып, олардың беттерінде қазақ қоғамының шынайы жағдайы , жергілікті тұрғындардың орыс билігі жүргізіп отырған әлеуметтік, ұлттық және қаржы саясаттарына(алым-салықтар,сыбайлас жемқорлық, жер телімдерін тартып алу әрекеттеріне) наразылығы баяндалатын. Сол баспасөз құралдарының беттерінде сонымен қатар дала қазақтарының теріс қасиеттері: жалқаулығы, бейқамдығы, сауатсыздығы, негізсіз мақтаншақтығы әжуаланып, қамшылана түсетін.
Әділеттік және көшпенділерді қорғау, қазақ қоғамын жаңғырту және өзгерту идеялары аталған тұлғалардың қызметіндегі өзекті мәселелер болды. Сол жылдары алдыңғы орынға жоғары деңгейдегі саясаткер, Ресей империясының Бірінші мемлекеттік Думасының депутаты Әлихан Бөкейханов шықты. Николай II патшаның тақтан құлатылуын және ақпан буржуазиялық-демократиялық революуиясының жеңісін «Алаш» көсбасшылары қуана қарсы алды, өйткені билік басына А.Ф. Керенский басқарған Ресей либералдарының келуін өздерінің отарлық қысымынан құтылуға деген үміттерімен байланыстырды. Осындай үміттердкі растап, нағайта түсу үшін 1917 жылдың наурызында Ә. Бөкейханов Уақытша Үкіметтің Торғай облысыпдағы комиссары болып тағайындалды.
1917 жылы «Алаш партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1) Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
5) Елдегі билік және сот туралы;
6) Елді қорғау, әскер және халық милиция құру;
7) Халықтың табысына қарай салық салу;
8) Жұмысшылар туралы;
9)
...