Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер

Автор:   •  Апрель 4, 2021  •  Реферат  •  1,657 Слов (7 Страниц)  •  1,844 Просмотры

Страница 1 из 7

Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер

  1. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.
  2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында
  3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.
  4. Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы

1.Уақытша үкіметтің әлсіздігі, елде қосүкіметтілік жүйенің орнауы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендеуі халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды. Ірі қалалардың жұмысшылары, матростар мен солдаттар ерекше белсенділік танытты. 1917 жылдың жазының ортасы мен саяси ереуілдер жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алды. Бүкіл елде Кеңестердің большевиктенуі басталды.

1917 жылдың 25 қазан күні қарулы төңкеріс жасалып, Әкери-революциялық комитет уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады. Үкімет мендетін атқару В.И.Ульянов басқарған Халық Комиссарлары Кеңесіне берілді. Кеңестердің II Бүкілресейлік съезі В.И.Ленин даярлаған екі негізгі әділетті демократиялық бітім жасау жөніндегі келіссөздер бастау ұсынылды. Жер туралы Декретте жерге жекеменшілік жойылып, бүкіл жер жергілікті кеңестердің қарамағына берілетіні заңдастырылды. Кеңестер әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық теңдікке негізделген социалистік бағыт ұстанды.

Орталықтағы революцияның жеңісі шеткері аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуды жеңілдетті. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, негізінен, қалалар мен ірі елді мекендерде 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айына дейін созылды. Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына «Үш жүз» партиясы белсене қатысты. Партияның негізін 1917 жылдың  17 қарашада М.Әйтпенов қалады.Партия басшылығына К.Тоғысовтың келуімен «үш жүзшілер» басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды.

                                         Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

Қиындықтары                                                                                                              Ерекшеліктері[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7]

Ақпан революциясымен салыстырғанда бұл оқиғаны қазақ халқы үлкен құлшыныспен қарсы алмады.Пролетариаттардың таптық күрес идеясы ме диктатурасын өлке халқының көп бөлігі қолдамады. Ғасырлар бойы ауылда туысқандық принцип негізінде өмір сүріп келе жатқан қазақтар Қазан революциясының идеясын қабылдай алмады. Ауқатты казактар мен шаруа-қоныстанушыларға да бұл жаңа идеялар таңсық болды. Қазақ халқын өз жағына тарту мақсатымен кеңес билігі қазақтардан бұрынғы казактар мен қазынаға және шаруаларға деп тартып алынған жерлерді қайтарып беру саясатына көшті.Қазақ халқы кеңестерді патшалық әкімшіліктің бұрынғы органдарының орнын басқан жат құбылыс ретінде қабылдады.Өлкеде таптық күрестің анық белгілері болмады. «Пролетариат диктатурасының» ұраны ауылда, не қоныс аударушылардың мекенінде, не казактар тарапынан да қолдау таппады. Большевиктер билікке келгеннен кейін қоғам үкіметінің жақтастары мен қарсыластарына бөлінді.Кейінірек елде Азамат соғысы басталды.  

2. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлінгені қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.  

1919 жылдың көктемінде Колчак армиясы шабуылға көшіп, Орск мен Уфаны, сәуірде Ақтөбені алып, қайтадан Түркістанды Кеңестік Ресейден бөліп тастады. Алайда, бұл уақытша ғана жеңіс еді. Ақтар армиясының тылында Колчакшылардың халыққа қарсы саясатына наразы шаруалар бүліктері бұрқ етті. 1919 жылғы наурыздың соңында Көкшетау уезінің қоныс аударып келгендер тұратын ауылдарында ақтардың армиясына әскер жинауға наразы шаруалар көтеріліске шықты. Наурыздың соңында- Қостанай уезінің Долбушка және Бурабай селоларында, сәуірде Перопавловск уезінің Всевятск селосында бүлікшілер көтерілді.Көтерілісшілер уезд орталығын басып алды, бірақ сәуірдің ортасына қарай олар Қостанайдан қуылып, Қызыл Армияның Ақтөбе майданындағы әскер бөлімдеріне қосылу үшін шегінді. Сәуірде Атбасар уезінің Мариновск селосында көтеріліс басталып, ол мамырдың соңында ғана жеңіліс тауып тынды. Өскемен уезінде де бірқатар көтерілістер орын алды.Әсіресе, Солтүстік Жетісу мен Тарбағатай тауы етегінде қоныс аударып келген шаруалар табанды ұрыс жүргізді. Бұл жерлерде көтерілісшілер қатарынан Черкасск қорғанысы және «Тау қырандары» жасақтары құрылды.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (168.3 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club