Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері
Автор: ganikyzy.aisha • Ноябрь 27, 2025 • Реферат • 1,612 Слов (7 Страниц) • 21 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
Факультеті: Биология және биотехнология
Кафедрасы: Молекулалық биология және генетика
Мамандығы, тобы: Генетика-01
СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері
Орындаған: Ғаниқызы Айша
Тексерген: Авсыдыкова.К.А.
БӨЖ №1
Тақырыбы: Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері
Жоспар:
1. Кіріспе. Халықаралық теңсіздік ұғымының мәні
2. Негізгі бөлім:
2.1. Халықаралық теңсіздікті түсіндіретін социологиялық теориялар
2.2. Теңсіздіктің негізгі көрсеткіштері мен нақты мысалдар
2.3. Мемлекеттер арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар
3. Қорытынды. Теңсіздікті азайту жолдары мен әлеуметтік саясаттың рөлі
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе. Халықаралық теңсіздік ұғымының мәні
Қазіргі әлемде әлеуметтік теңсіздік мәселесі адамзат дамуының ең өзекті тақырыптарының бірі болып отыр. Әлем елдері арасындағы табыс, білім, денсаулық және өмір сүру сапасындағы айырмашылықтар халықаралық деңгейдегі теңсіздіктің терең тамыр жайғанын көрсетеді. Әлеуметтанушы Д. Бринкерхоф, Р. Уэйтс және С. Ортега өздерінің «Әлеуметтану негіздері» атты еңбегінде теңсіздікті «қоғамдық құрылымдардың адам мүмкіндіктерін шектейтін және ресурстарды әділетсіз бөлетін құбылысы» деп сипаттайды.Ал Энтони Гидденс «Социология» еңбегінде халықаралық теңсіздік туралы: «Жаһандық жүйеде теңсіздік – тек экономикалық айырмашылық емес, ол билік пен мүмкіндіктердің тең бөлінбеуінің нәтижесі» , – деп тұжырымдайды.Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық теңсіздік – бұл тек бай мен кедей елдердің айырмашылығы емес, сонымен қатар білім, денсаулық, мәдениет пен технологияға қол жеткізудегі теңсіздік.
2. Негізгі бөлім 2.1. Халықаралық теңсіздікті түсіндіретін социологиялық теориялар
Әлеуметтану ғылымында теңсіздікті түсіндірудің бірнеше теориялық бағыттары қалыптасқан. Мысалы, Зигмунт Бауман «Мыслить социологически» еңбегінде жаһандану дәуірін сипаттай отырып: «Бүгінгі әлемде капитал еркін қозғала алады, ал адам еркіндігі шектелген. Бұл — әлеуметтік алшақтықтың жаңа формасы»,– деп көрсетеді. Оның пікірінше, жаһандану дәуірінде әлемдік элита «мобильді», яғни мүмкіндігі көп, ал кедей топтар «қозғалыссыз», яғни қоғам шеңберінен шыға алмайды. * Питер Бергер «Приглашение в социологию» еңбегінде теңсіздікті мәдениет пен сананың өнімі деп сипаттайды:«Қоғам теңсіздікті тек институттар арқылы ғана емес, сонымен қатар сана арқылы заңдастырады», – дейді ол. Демек, халықаралық теңсіздік тек экономикалық жүйеден емес, мәдени және идеологиялық үстемдіктен де туындайды. * Ал Чарльз Райт Миллс «Социологическое воображение» еңбегінде жеке адамның әлеуметтік жағдайы мен жаһандық жүйенің байланысын аша отырып, халықаралық корпорациялар мен қаржы институттарының (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк) дамушы елдердің саясатына әсерін теңсіздік көзі ретінде қарастырған.
...