Тарихи Өлкетану
Автор: alamnashrikh • Март 4, 2023 • Реферат • 1,628 Слов (7 Страниц) • 227 Просмотры
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Тарихи Өлкетану
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өлкетану саласын жетілдіру – бұл қазіргі заманауи жалпы орта білім беретін мектептің, педагогикалық, гуманитарлық және филологиялық арнайы білім беретін колледж бен болашақ бакалавр, магистр, доктор педагог-филолог, педагог-тарихшы, педагог-географ, педагог-мәдениеттанушы мамандар дайындайтын жоо-ның алдына, яки білім ошақтарына аса маңызды мәселе жүктеп отыр. Өлкетану – іштей бірнеше салааралық бөлімдерге жіктеліп, жалпы өлкетануға қызмет етеді. Мәселен, әдеби өлкетану, тарихи өлкетану, ғылыми өлкетану, жағырапиялық өлкетану, музыкалық өлкетану, археологиялық өлкетану, сәулеттік өлкетану т.б. болып жіктеліп кете береді. Мұның сыртында оның құрамдас бөліктері туризм, экскурсия, театр, кино, музей, архив, кітапхана, оқушылар мен жастар сарайы, мәдени-әдеби ошақтары, т.б. тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық, тағылымдық іс-шараларды ұйымдастыруға арналған орталықтар – өлкетанудың өте қажетті, өзекті де зәру мәселесін қозғаушы, жан бітіруші руханият ордасы. Аталған мекемелер – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, өзінің «кіші Отанын» шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуге қызмет етері анық.
Әдеби-аймақтық зерттеулер – білім алушылардың санасын қалыптастыруда ең бай рухани мүмкіндіктерге ие. Ең алдымен, бұл патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге, оқушылардың туған жерінің әдеби өмірін білуге деген қызығушылығын тудырады. Көркем әдебиет, өз кезегінде оны жасайтын адамдарды білуге көмектеседі. Өйткені, жазушы өмір сүрген аймақта шығармашылық өкілінің өмірбаянның белгілі бір аспектілерін түсінуге үлес қосатын көптеген құжаттар мен куәліктер сақталады, оның шығармашылық зертханасына терең үңілуге қолайлы жағдай туғызады.
Ал 2000 жылдарға дейінгі және одан бері жарияланған еңбектерде әдеби өлкетану мәселелері қанатын кеңге жайып, жалпы бұқаралық сипат ала бастағанын байқауға болады. Мәселен, К.В. Стародубтың «Литературное краеведение в школе: метод, рекомендации» (2003) [18], В.Д. Васильеваның «Краеведение на уроках русской литературы в 8-11 классах якутской школы» Электронды ресурс. (қаралған уақыты: 05.10.2018.) [19], 3.И. Рабецкаяның 6 «Иркутское краеведение: учеб. пособие» (2004) [20], И.Г. Кульсаринаның «Литературное краеведение: учебное пособие» (2015) [21] т.б. ізденістерінде орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған құралдар санының арта түскені назар аудартады.
Зерттеудің мақсат-міндеттері. Жоғары білім беру жүйесінде және жалпы орта білім беретін мектепте әдеби өлкетану материалдарын оқытудың тиімділігі мынада: білім алушылар жалпы қазақ әдебиетінің құрамдас бір бөлігі ретінде белгілі бір аймақтың, өлкенің әдеби материалдар мазмұнын игеру нәтижесінде рухани, мәдени өмір деректерімен танысады. Таңдау курстарын жүргізу нәтижесінде сапалы білім беру мазмұнын байыту, жанжақты дамыған, өз елін, халқын ерекше сүйетін рухы жоғары тұлға қалыптастыруды мақсат ету – әдеби білім беру жүйесінің негізгі мұратміндеттерінің бірі саналады.
Өлкетану жұмыстарының тағы бір ерекшелігі – белгілі бір пәндердің кіріктіліп оқытылуында. Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті, музыка пәндері өлкетанудың ажырамас компоненттері болып табылады. Сонымен қатар, өлкенің табиғаты мен нысанның ерекшелігіне орай биология, физика, химия, көркем еңбек сияқты пәндерге де кіріктіріп оқытуға болады.
Өлкетанудың өзіндік атқаратын 3 функциясы бар: бірінші фунцкциясы - педогогикалық, білім беру орталықтарында оқыту және тәрбиелеудің эффектісін жоғарылату үшін қолданылатын дидактикалық әдіс ретінде; екінші функциясы - оқытулық, ол өлкетануды элементарлы мектеп географиясын оқытудағы базалық курс ретінде қарастырады; үшінші функциясы - ғылыми, ол өлкетануды барлық әдістерімен бірге географиялық зерттеудің жүйелік құрамы ретінде қарастырады. Өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің өзіндік әдістері бар. Олар: экономикалық, тарихи, географиядлық, әлеуметтік, картографиялық, модельдеу арқылы, статистикалық, визуальді (байқау), анкеталық және сипаттау әдісі.
...