Ұлттық тіл және жергілікті территория диалектілері, әдеби тіл және әдеби тілдің белгілері, ұлттық әдеби тіл белгілері
Автор: tynyshbekovaa23 • Октябрь 11, 2019 • Реферат • 1,434 Слов (6 Страниц) • 1,082 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №2
Тақырыбы: Ұлттық тіл және жергілікті территория диалектілері, әдеби тіл және әдеби тілдің белгілері, ұлттық әдеби тіл белгілері.
Орындаған: Тынышбекова А.Ш. Кя-601 оқу тобы
Тексерген: Сәмекбаева Э.М.
Семей 2019
Жоспар:
- Әдеби тіл және оның зерттелуі
- Диалектілер және оның зерттелу тарихы
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кеңес дәуірінде экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, бір орталықтан басқарылатын халық шаруашылығының жоспарлы түрде өркендеуі бұрын болып көрмеген жаңалық әкелді. Халықтың бір-бірімен алшақ жатқан аудандарының өзара байланысы күшейді. Мұның өзі қазақтың халық тілінің шын мәнінде ұлттық тіл ретінде дамуына мүмкіндік берді. Ұлттық тілмен бірге ұлттық әдеби тіл қатар дамыды. Даму, жетілу ұлттық тілдің дыбыстық, грамматикалық, лексикалық жүйесіне, оның құрамды бөліктері диалектілер мен говорларға біраз өзгеріс еңгізді. Тілдің тұтастығына нұқсан келтіретін диалектілік ерекшеліктер, әсіресе диалектілердің өзіндік сипатын білдіретін негізгі айырмашылықтар өзгеріске ұшырай бастады. Жергілікті халық тіліне әдеби тілдің әсері неғұрлым күшті болса, соғұрылым ондағы диалектілік ерекшеліктер тез жойылатыны белгілі. Халық ағарту ісінің дамуы, түрліше мәдени орындардың көбеюі, баспасөздің, радионың кең тарауы жергілікті диалектілерге әдеби тілдің әсерін күшейте түсті. Бұрын жергілікті диалектіде сөйлеген адамдардың әдеби тілді бірден меңгеріп кетуі, әрине, оңай емес, бұл – ұзақ уақытты керек ететін процесс, дегенмен қазіргі кезде оның қарқыны күн санап үдей түсуде. Осы күні тек таза диалектімен сөйлейтін ауданды, ауылды табу қиын. Қазіргі ауылда әрі әдеби тілдің, әрі жергілікті диалектінің нормасын қатар қолданушылық жиі кездеседі. Мәселен, қарттар жағының тілінде жергілікті ерекшеліктер басым болса, жастардың, тіпті орта буынның тілінде әдеби тілдің нормасы басым. Кейде бір адамның әрі жергілікті тілдің, әрі әдеби тілдің элементтерін қатарластырып пайдаланатынын байқауға болады. Тілдегі диалектілік ерекшеліктердің қазіргі кезде осылайша бірте-бірте жойыла бастауы, өзгеріске ұшырауы – қазақтың ұлт тілінің жалпы даму процесімен тікелей байланысты, одан бөліп қарауға болмайтын құбылыс. Сол себепті ұлттық тілдің даму процесі туралы сөз болғанда, қашанда ондағы диалектілер мен говорлар жайына ерекше көңіл бөлінеді. Осының бәрі ұлттық тілдің өзінен бұрынғы халық тіліне қарағанда сапалық айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Олардың ең бастылары мынадай: біріншіден, ұлт тілінің сөздік құрамы жан-жақты дамып, грамматикалық құрылысы әлдеқайда жетілді; екіншіден, халық тіліне қарағанда ұлт тілінің бірлігі, біртұтастығы артты, мұның өзі тілдегі жергілікті ерекшеліктердің азаю сипатына байланысты; үшіншіден, ұлттық тілмен бірге белгілі нормаға түскен, стиль жағынан сараланған бүкілхалықтық сипаты бар әдеби тіл қалыптасты. Ұлттық тілдің жоғарыда келтірілгендей сапалық белгілері әлі де жетілу, қалыптасу үстінде. Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоғары және төменгі формалары бар. Жоғары формасы - қалыптасқан не қалыптасып келе жатқан әдеби тіл де, төменгі формасы- халық тіліндегі диалектілер мен говорлар. , "Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулықта авторлар: "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтамабереді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:
...