Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушыларға шет тілдерін меңгертуде аудио-видео материалдарды қолданудың тиімділігі

Автор:   •  Май 18, 2022  •  Статья  •  818 Слов (4 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 4

Оқушыларға шет тілдерін меңгертуде аудио-видео материалдарды қолданудың тиімділігі

Анарбай А.А.

Ғылыми жетекші – аға оқытушы Жалалова А.М


Оқушыларға шет тілдерін меңгертуде аудио-видео материалдарды қолданудың тиімділігі

Көптілді білім беру идеясын алғаш рет Елбасымыз " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Жолдауында 2007 жылғы шілдеде мемлекеттік деңгейде қабылданған" Қазақстан Республикасындағы тілдердің үштұғырлығы "мәдени жобасын кезең – кезеңімен іске асыру ұсынылды [1].

Бүгінгі таңда бірнеше тілді білу-қазіргі заманның қажетті дағдысы және талабы. Мұндай құбылыс жаһанданудың күшеюімен, халықаралық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерге қойылатын басты талаптардың бірі бірнеше тілді білу болып табылады. Әрине, басымдық қазақ тіліне, мемлекеттік тілге, орыс тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне, ағылшын тіліне, халықаралық тілге беріледі. Жақсы маман, арнайы білімдерден басқа, жоғарыда аталған үш тілді білуі керек, өйткені оның мансаптық өсуі мен әріптестер арасындағы позициясы осыған байланысты болады.

Неліктен ағылшын тілін үйрену керек? Себебі, ол бүкіл прогрессивті әлемді байланыстырады. Бұл ғылым мен технологияның тілі. Ағылшын тілін білу адамға үлкен белестерге жол ашады.

Аудио-видео материалдарды қолдану оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгертуде тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында аудио-видео материалдарды қолданып түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек көзбен жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді жетілдіріп, шыңдауға болады.

Шет тілі сабақтарында берілетін аудио материал мұқият таңдалып алынуы тиіс. Аудио материал сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және аудио материалға берілетін тапсырмалар тіл үйренушілердің деңгейіне қарай таңдалып алынады. Аудио және видео материалдарды қолданудың тиімділігін жеке-жеке атап өтсем.

Аудио материалмен жұмыс істеу барысын  3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

  • Тыңдалымалды кезең, яғни кіріспе кезеңі;
  • Тыңдалым кезеңі, яғни мәтінді көрсету
  • Тыңдалымнан кейінгі кезең, яғни тыңдалған мәтіннің түсініктілігін қадағалау

1. Мәтіналды кезең. Бұл кезеңде тақырыптың тематикасына дайындық жүреді. Сабақ мұғалімнің диалог тақырыбына байланысты әңгімесімен басталады.  Тілдік материалды түсінуге дайындық.

  • Керекті шыдауды қойыңыз.

I’m a tourist … Kazakhstan.

What part of Kazakhstan do you live …?

… the moment I live not far from … the centre … Kazakhstan.

It’s very close … a beautiful park, Zheruyik park.

  • Қиын сөздер тақтаға жазылады.

Area, Zheruyik park, centre.

2. Тыңдалым яғни мәтінді ұсыну кезеңі. Бұл кезеңде мәтінді тыңдамас бұрын, мәтіннен нақты ақпараттарды қабылдау орын алады.  Мұғалім келесі сұрақтарға оқушылардың назарын аудару тиіс(Кім? Не? Қайда? Қашан?).         

- Who is a tourist from Kazakhstan?

-Where does he live at the moment?

- It is far or near the center of Kazakhstan?

-Does he like the area there?

Сұрақтарды түсінген соң, аудиожазба қосылады. Бірінші тыңдалымнан кейін, қойылған сұрақтарға қысқаша жауап береді.

3. Мәтіннен кейінгі кезең. Екінші реттік тыңдалымнан кейін, айтылған ақпараттарды нақтылайды(Неге? Қанша? Кандай?)

Видео материалдарың оқу процесінде қолданылуы көне және негізгі методикалық принциптердің бірі - көрнекілік принципінде негізделеді. Видео материалдарды қолдану келесі тапсырмаларды орындауға өз септігін тигізеді.

  • Оқу мотивациясын жоғарылату;
  • Оқу қарқындылығы;
  • Оқушылардың белсенділігі;
  • Оқушылардың өзіндік жұмысы;
  • Окушылардың білім сапасын жоғарылату

Видео материалдармен жұмыс істеу кезеңдерін келесідегідей бөлуге болады.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (72.3 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club