Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекараларын анықтау

Автор:   •  Октябрь 20, 2021  •  Реферат  •  2,075 Слов (9 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
          әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

  1. зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекараларын анықтау.

       

Факультет: «География және табиғатты пайдалану»

         Кафедра:«Жерге орналастыру»

         Орындаған: Жанболат Ақмарал

         Тексерген: Бакирбаева П. А.

                                                 Алматы, 2021ж.

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекарасы

2. Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы

 3. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер.

  1. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекарасы

[pic 2]

Қазақстан Республикасы-ұлан-байтақ,қуатты ел.Жерінің аумағы жағынан Қазақстан дүниежүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан-Еуразия материгінің орталығында орналасқан ішкі континенталды мемлекет.Оның аумағының көлемі 2724,9 мың шаршы шақырым. Кіші батыс аймағы Еуропада,ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Өзінің аумағы бойынша Қазақстан әлемнің Ресей,Канада,Қытай,АҚШ,Бразилия,Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орында.Қазақстан үлесіне жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ы және ТМД елдері аумағының 12%-ы келеді. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 650 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені .Экономикалық аудандастыру елдің жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда,олардың даму келешегін анықтауда маңызды орын алады.экономикалық аудандастыру дегеніміз-елді аумақтық еңбек бөлінісі ортақ,өзарабайланысты экономикалық аудандарға топтастыру.Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлді.Экономикалық –географиялық белгіліріне қарай Қазақстан аумағы-Орталық Қазақстан,Шығыс Қазақстан,Батыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан аудандарына бөлінді.Маманданған сала сол аудандағы шаруашылықтың жетекші әрі өнімнің басым бөлігін беретін саласы.Мысалы,Шығыс Қазақстан ауданының маманданған салалары –энергияны көп қажет ететін түсті металлургия және су электр стансалары.Қазақстан өте кең аумақты қамтып,бұл Иран,Ирак және Түркия сияқты Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерінің бәрінің аумағын қосып алғанға тең.Оның аумағына Франция,Испания,Щвеция,Финляндия,Италия және Ұлыбритания сияқты Батыс Еуропаның мемлекеттерінің тұтас тобы еркін сыйып кете алады.

Қазақстан Республикасының  шекарасының жалпы ұзындығы 13 394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам ұзындықты құрайды. Еліміз 5 мемлекетпен шекараласады. Батыста, солтүстік батыста және солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанның Ресеймен ең ұзын шекарасы өтеді. Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды.Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет Түрікменстан. Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы  426 шақырымды құрайды.Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен шекарасының ұзындығы 1782 шақырым. Қазақстанның Алтай тауынан Хан тәңіріне дейінгі арасы Қытаймен шектесетін шығыс шекарасында.Қазақстанмен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2354 шақырым. Қазақстан Өзбекстанмен оңтүстікте шекараласады. Республиканың шекарасы батысында-Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін,солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін,оңтүстігінде Тұран ойпатын,ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыбөлігінің,Сауыр,Тарбағатай,жоталарының,Жетісу Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.Республика шекаоасы кей жерлерде Каспий және Арал теңіздерінде,Алтай және Тянь-шань тауларында табиғи шепке сай келеді.

...

Скачать:   txt (30.5 Kb)   pdf (351.8 Kb)   docx (198.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club