Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның топырақтары

Автор:   •  Февраль 23, 2019  •  Доклад  •  4,737 Слов (19 Страниц)  •  923 Просмотры

Страница 1 из 19

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1Қазақстанның топырақтары

2.2 Қазақстанның жазық территориялардың көлденең зоналық топырақтары

2.3 Сортаң топырақтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 Кіріспе

        Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар. Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес келесідей санаттарға (категорияларға) бөлінеді жəне 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы төмендегідей:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 85,0 млн. га;

2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері – 21, 2 млн, га;

3) өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн.га;

 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер – 3,3 млн. га,

5) орман қорының жері – 23,4 млн. га;

6) су қорның жері – 3,7 млн. га;

7) босалқы жер – 122,0 млн га.

    Қазақстанның жер қорының 222,6 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның ішінде: - егістіктер ( жыртылған жер) –23,2 млн. га; - көпжылдық екпелер егілген жер – 115,5 мың га; - тыңайған жер – 5,4 млн га; - шабындықтар – 5,5 млн га; - жайылымдар – 189 млн. га.

     Еліміздің жер қорының топырақ жамылғысы алуан түрлі болып келеді. Еліміздің топырақ жамылғысы ішінде құнарлылығы төмен, пайдалану үшін оларды жақсарту (мелиорация) жұмыстарын іске асыру қажет кейбір, кебірленген, сорланған, су жəне жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлеріде мол тараған. Қазақстанның жер қоры өте мол, оның топырақ жамылғысы құрамында құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тиімді 352 топырақтармен қатар егіншілікке тиімсіз құнарлылығы төмен топырақ түрлері кездеседі. Сондықтан еліміздің жер қорын экологиялық жағынан негізделген бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет.

          Қазіргі уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз жайттар қалыптасқан: өндіріс орындарының қалдықтарымен ластанған, бүлініп істен шыққан 169,7 мың гектар жер; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасымалдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер жердің топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық қызметтерін – биологиялық масса өндіруін жəне атмосфераның химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық жағдайы төмендеген. Елімізде «қорғаныс» мақсатына бөлінген, ядролық қаружарақтарды сынау, ғарыш кемелерін ұшыру кезінде оның қалдықтарымен немесе олардың сəтсіздіктен жерге жарылып қайта құлауынан радиацияға шалынып, бұзылған, улы заттармен ластанған жерлер ауданы 20 млн. гектардан асып түседі. Бұл жерлердің басым бөлігі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Жер қорының экологиялық жағдайын қарастырғанда Қазақстандағы шөлейттену құбылысы туралы мəселе ерекше орын алады. «Шөлейттену» деген ұғым əртүрлі факторлар əсерінің, климат өзгеруінің жəне адам əрекетінің нəтижесінде жартылай құрғақтау жəне құрғақ климатты аудандардағы топырақ деградациясын білдіреді. Кестеде Қазақстанның негізгі топырақтарының ауданы (ықшамдалған түрде) Топырақтар Мың га Барлық топырақ жамылғысынан үлесі, % жазықтық таулы өлке Ормандық сұр топырақ 76,0 440,8 0,2 Кəдімгі қара топырақ 9297,9 11,99,8 4,5 Оңтүстік қара топырақ 11346,9 9555,5 5,2 Сілтісізденген қара топырақ - 310,9 0,1 Күлгенденген қара топырақ - 424,9 0,2  Күңгірт қара топырақ 21380,4 4602,3 11,0 Нағыз қара топырақ 18007,5 1,8 7,7 Ашық қара қоңыр 29249,1 2343,6 13,5 Қоңыр топырақ 33539,2 457,3 14,6 Сұр қоңыр топырақ 27230,6 654,8 11,9 Тақыр жəне тақыр тəрізді топырақтар 8085,4 118,4 3,5 Боз топырақтар - 7729,9 3,3 Сұр күрең топырақ - 1235,1 0,5 Күрең топырақ - 539,4 0,2 Таулық топырақтар - 7623,6 3,2 Шалғындық қара топырақ 1653,2 65,6 0,7 Шалғындық қара-қоңыр топырақ 9272,8 278,6 4,1 Шалғынды қоңыр топырақ 1535,6 29,5 0,7 Шалғынды боз топырақтар - 2641,1 1,1 Шалғынды топырақ 4674,4 860,2 2,3 Жайылманың жəне орманның шалғынды топырақтары. 3955,8 679,5 2,0 Шалғынды-батпақты, батпақты 2917,8 203,6 1,3 Кебірлер 9884,0 330,3 4,3 Ал топырақ деградациясы – егістік жерлердің, шабындықтар мен жайылымдардың, орманды жерлердің топырақтарының жел жəне су эрозиясына шалдығуын, топырақтың физикалық, биологиялық немесе экологиялық қасиеттерінің төмендеуін, сонымен бірге оның табиғи өсімдік жамылғысының ұзақ мерзімге жойылуы нəтижесінде биологиялық жəне экономикалық өнімділігінің төмендеп, жойылуын көрсететін ұғым. Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе үлкен.

...

Скачать:   txt (65.7 Kb)   pdf (218.2 Kb)   docx (24.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club