Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тянь – Шань таулы аймағы. Теріскей Алатауы жотасы

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Контрольная работа  •  326 Слов (2 Страниц)  •  542 Просмотры

Страница 1 из 2

Орындаған: Тляева Бекпашша. Г-306

Тексерген: Айгужина С. У.

Тақырыбы: №9 Тянь – Шань таулы аймағы. Теріскей Алатауы жотасы.

  1. Орталық Тянь-Шаньдағы таулы жота. Батысы Шу аңғарынан басталып доғаша иіліп, шығысында Хантәңіріне дейін 380 км-ге созылып жатыр.
  2. Ең биік жері шығысында (5216 м). Жотадағы мұздану ауданы 1080 км². Солт. беткейінің 2100 – 2900 м бөлігінде шыршалы орман өседі. Теріскей Алатауы жотасының шығысындағы шатқалдар мен солтүстік баурайы 60 шақырымға созылғанымен, 4300 м асатын белгілі шыңдар жоқ. ылғысын анықтауда геоботаникалық əдіс-тəсілдер қолданылды.Теріскей Алатауында тауаралық қазаншұңқыр жəне аласа таулар жиі кездеседі. Жотадағы орта таулы аудандардың биіктігі (2000–2500 м). Тауаралық қазаншұңқырлардың биіктігі 600–1000 м.Тектоникалық жəне экзогендік процестердің əсерінен жотаның жер бедері алуантүрлі биік таулы альпілік, тік беткей; биік таулы, тегіс-үстіртті таулы өлке, орта таулы эрозиялы, аласа таулы алқаптар, эрозиялы, тауалды эрозиялы, тауалды аккумулятивті-эрозиялы, тауаралық аккумулятивті,аккумулятивті-эрозиялық, тектоникалық ойпаңдар; тауалды аккумулятивті-эрозиялы жазықтар, тау етегіндегі аккумулятивті жазықтар жиі кездеседі.
  3. Тау беткейлеріндегі шілдедегі орташа температура +20⁰С +25⁰С болса, мұздықтар етегінде +5⁰С, кейде одан да төмен. Жылдық жауын – шашын мөлшері 800-1600мм, ал етегінде 150-300 мм. Жазда абсолюттік биіктік жоғарылаған сайын температура төмендей береді. Климаты географиялық заңдылыққа байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріп отырады.
  4. Баянкөл шатқалында Ақкөл және Үлкен Қақпақ шатқалында Қаракөл деп аталатын көлдер бар. Бұл көлдер теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан, соған қарамастан Қаракөл көлінде жалаңаш осман (голый осман) балығы өндіріледі. Солтүстік баурайынан Іле өзеніне келіп құятын Текес өзені өз бастауын алады.
  5. Теріскей Алатауының биік таулы белдеулерін негізінен қаулы, шымды астық тұқымдастышымды астықтұқымдасты-əртүрлі шөптесін өсімдікті-астықтұқымдасты жəне астықтұқымдастыəртүрлі шөптесін өсімдікті-фломисті (Phlomis oreophila) шалғынды өсімдіктер қауымдастығын құрайды жəне оларға арша (Juniperus pseudosabina) стланиктері араласады.Бұл алқаптарда теңгежапырақ (Alchemilla vulgaris, Alchemilla repropilosa) жəне қазтамақ (Geranium saxatile, Geranium albiflorum) қауымдастығы кең таралған.Теріскей Алатауының орта таулы алқаптарында шамамен 2000 м биіктіктен бастап қылқан жапырақты орман белдеуі басталады, ол ормандардың басым бөлігін Шренк шыршасы (Picea schrenkiana) құрайды. Теріскей Алатауындағы дəрілік өсімдіктердің түр құрамы 23 тұқымдас жəне 81 түрді құрайды.
  6. Теріскей Алатауы жотасында барыс, арқар, қозықұмай,таутеке, марал, ақбөкендер мекендейді. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ  т.б құстар тіршілік етеді.

[pic 1]

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (164.8 Kb)   docx (80.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club