Солтүстік Тянь-Шань маржандары
Автор: aseltampisheva • Февраль 3, 2024 • Творческая работа • 1,335 Слов (6 Страниц) • 153 Просмотры
«Солтүстік Тянь-Шань маржандары»
Аспантаулар өлкесі шын мәнінде ақынның жырына, сазгердің әніне арқау болып келе жатқан табиғат жауһарларына толы. Жетісу жерінің сұлу төрі саналатын ауданның мерейі мен мәртебесін асырып отырған көркем өңір жетерлік. Тұп-тұнық, қашан барсаң да көкпеңбек болып көздің жауын алып жатады. Аялап қана алақанға салғандай, айналасы жасыл шыршамен ғана көмкерілген мөп-мөлдір сұлулық символы. Табиғаттың тамаша туындысы іспетті. 1887-1911 жылары жер сілкінісі салдарынан пайда болған. «»Патша балғы» еркін ойнақ салып жүрген су айдындары. Бұл су айдындарының орналасқан биіктігі 1800м,2250м,2700м биіктіктерде орналасқан.Бұл аймақ бұырқанып қайнап шығып жатқан қайнар бұлақтарға толы.
[pic 1]
Жауап нұсқалары:
1.Ұлттық табиғи паркте орналасқан
2.Жер сілкіністен пайда болған
3.Әр түрі биіктікте орналасқан суы тұнық, «патша балығы» тіршілік етеді,бірнеше көлден тұрады
4.Жетісу өлкесінің інжу маржаны
Жем өзенінің сипаттамасы
Жем (Ембі) – Қазақстанның батысындағы өзен. Ұзындығы - 712 км, алабының аумағы 40,4 мың км2 жуық. Мұғалжар тауының батыс беткейлерінен бастау алады. Құрғақ далалар арқылы, төменгі ағысында – Каспий маңы ойпатының шөлейттері және шөлдерінің арасынан ағады. Бастауында аңғарының ені – 200 -2000 м. Өзен аңғары тармақталып, қосылған бірқатар иірілімдерден тұрады. Төменіректе аңғардың ені 7 км –ге дейін жетеді, оның беткейлері тік. Суы мол жылдары ғана Каспий теңізіне құяды. Негізінен қар суымен қоректенеді. Аралтөбе ауылының жанында суының орташа шығымы-17,5 м3/с (0,55 км3/ жыл) Су тасқыны кезінде жылдық шығынның 95-100% өседі. Жем өзені суының тартылу себеп салдарын анықта,қандай шаруашылққа кері әсер етіп отыр.
Географиялық нысанның қасиеттері | Мәтіннен алынған дәйексөздер (цитаталар) |
а.Сандық деректер |
|
в.Сапалық деректер |
Жауабы:
а.Сандық деректер:
-Ұзындығы -712 км, аумағы 40,4 км2
-Ені бастауында – 200 -2000, төменіректе 7 км дейін
-Суының орташа шығымы 17,5 м3/с, су тасқыны кезінде жылдық шығынның 95-100%
в.Сапалық деректер:
-Жем Қазақстанның батысындағы өзен.
-Мұғалжар тауының батыс беткейлерінен бастау алады.
-Каспий теңізіне құяды.
-Қар суымен қоректенеді.
Шоқан Уалихановтың Қашқарияға саяхатының негізгі мақсаты
География ғылымына белгісіз болған Қашқария
1858 жылдың 25 маусымында Шоқан бастаған ғылыми экспедиция, қарт Ертістің жағалауынан Қашқарияға аттанған. Мұндағы мақсат – Қашқардағы 6 шаһардың географиясын, этностық құрылымын, тарихын, сол секілді жергілікті халықтың болмысын танып білу. Неге десеңіз, ол жақта бірінші Марко Поло болған. Одан кейін Адольф Шлагинтвейт деген немістің зерттеушісі барған. Алайда оның тағдыры белгісіз жағдайға ұшырайды. Міне осы жұмбақты шешу үшін Шоқан сол аймаққа баруды көздеді.Себебі Қашқария жайлы ешбір жерде мәліметтер болған жоқ.
1.Қашқария жерінің географиялық жағдайын зерттеу
2. Өлкенің экономикалық саяси құрылымын, оның тарихы мен этнографиясын
3.Қашқария халқының әлеуметтік- экономикалық жағдайын зерттеуі.
4. Европа саяхатшыларын Қашқария елінің жабық есік саясаты қызықтырды.
5. Қашқария жайлы мәліметтер Шоқанның Ресейлік ғылымға қосқан үлесі болды.
«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»
Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25*-30*С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.
...