Тамақ өнеркәсібі
Автор: YUIKML • Январь 18, 2018 • Практическая работа • 836 Слов (4 Страниц) • 1,526 Просмотры
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі туралы толық мәлімет беру,олардың мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Топтық, ұйымшылдық
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар, кестемен жұмыс,топтық жұмыс.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта,
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,түгендеу. Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша алуды ұйымдастыру. Сұрақтар өткен тақырыптан қарастыру. «Қазақстандағы мал шаруашылығының басты салаларын атаңыз», «Жергілікті жерлерді мал шаруашылығының қандай салалары таралған?», «Тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздегі мал шаруашылығын дамытудың ерекшелігі», «Табиғи жайылым мен шабындық жердің мал шаруашылығы үшін маңызы» сұрақтарға жауап алу.
ІІ. Жаңа сабақты өту
Тамақ өнеркәсібі: Жаңа сабағыма кірісу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыра отырып, сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындаймын.
- Ауылшаруашылығының салаларын ата?
- ауылшаруашылығының қандай салалары басым?
- ауылшаруашылық кешенінің ұқсатушы факторларына қандай салалар жатады?
- халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын сала қалай аталады?
- бұл сала тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қандай көрініс тауып отыр?
Жауап берген оқушыларды ынталандырып отырамын.
Кіріспе
Тамақ өнеркәсібі – тұтас салалар кешені. Тек біздің еліміздегі олардың саны 14.Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер – шикізат және тұтыну факторлары.Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнімбірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Мысалы, 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға – 5-5,5 т мақта дәні кажет. Ондай көсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналаскан. Алматы мен Актөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөнісөнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер – көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналаскан.Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пай-даланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Мысалы, 60 тонналық темір жол вагонына 55 т ұн, ал макаронның 20 т ғана сыяды.Бұл өнеркәсіптегі “ең жалпы халықтық” және “тек қалада” ғана орналаспайтын сала. Онда өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің 1/4 – нен астамын баратін кәспорындардың ең көп саны жұмыс істейді. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде жұмыс әстейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылғын жеммен қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына әсер етеді.
«Менің сүйікті тағамым» тренингі арқылы сыныпта ыңғайлы орта құрамын.
Тапсырма: Топтық жұмыс. «Жарнамалау» Сынып оқушыларын 6 топқа бөлемін. Әр топ өздері топ басшыларын сайлайды.
І топ: Тамақ өнеркәсібі;
ІІ топ: Ет өнеркәсібі;
ІІІ топ: Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
ІҮ топ: Қант өнеркәсібі;
Ү топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі;
ҮІ топ: Балық өнеркәсібі;
Әр топ өз тақырыбын ортаға шығып қорғайды
Толықтыра кететін сұрақтар:
Тамақ өнеркәсібінің дамыған салалары: (ет,ұн тарту,жарма ,қант өнімдері,балық,кондитер,шарап жасау.)
...