Табиғат ресурстарын тиiмдi пайдалану мәселесi
Автор: Amina2 • Сентябрь 20, 2021 • Реферат • 1,119 Слов (5 Страниц) • 2,929 Просмотры
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ
Табиғи ресурстар - бұл адамның тіршілігін сақтау үшін пайдаланатын табиғат денелері мен күштері. Оларға күн сәулесі, су, ауа, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, пайдалы қазбалар, адам жаратпаған, бірақ онсыз өмір сүре алмайтын барлық заттар кіреді. Олар келесідей пайдаланылады: · тұтыну заттары (ауыз су, атмосфералық оттегі, жабайы өсетін жеуге жарамды және дәрілік өсімдіктер, балықтар, т.б.) ; қоғамдық өндіріс жүзеге асырылатын еңбек жабдықтары ( жер , су жолдары т.б.) ; энергия көздері (гидроэнергетика, отын қоры, жел энергиясы және т.б.). Сонымен қатар, табиғи ресурстар демалу, сауығу және басқа да мақсаттарда қолданылады.
Ресурстардың табиғи шығу тегін, олардың жэкономикалық маңызын ескекре отырып, табиғи ресурстар келесідей жіктеленеді :
- Табиғи ресурастардың қандай да бір табиғи сфераға жататынына қарай жіктеледі :
- Литосфера ресурстары- пайдалы қазбалар, жер және табиғат ресурстары ;
- Атмосфера ресурстары- климаттық және рекреациялық, жел энергиясы ;
- Гидросфера ресурстары – өзендердің толысу мен қайту энергиясы, Дүниежүзілік мұхит мұздықтары, суы , құрлықтар;
- Биосфера ресурстары – биологиялық ресурстар (жануарлар, адам)
- Шаруашылықта пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан :
- Энергетикалық , энергия өндіретін ( жанғыш пайдалы қазбалар, биоэнергия көздері, ядролық энергия)
- Энергетикалық емес – әртүрлі өнеркәсіп салаларына арналған немесе өндірісте қатысатын шикізат: өнеркәсіп өндірісінде пайдаланатын пайдалы қазбала , су ; өнеркәсіп және инфақұрылым нысандары үшін пайдаланатын жерлер; өнеркәсіп тұрғыдағы орман ресурстары ; өнеркәсіп тұрғыдағы биологиялық ресурстар;
- Ауылшаруашылық өндірісінің ресурстары ауылшаруашылық өнімдерін су ресурстарын құруға қатысатын ресурстардың түрлерін біріктіреді.
- Табиғи ресурстардың экологиялық жіктелуі:
- Сарқылмайтын ( күн энергиясы, ішкі жер жылуы, су энергиясы, ауа )
- Сарқылатын, қалпына келмейтін(минералды ресурстар)
- Сарқылатын, қалпына келетін (флора, фауна, су ресурстар).
[pic 1] (диаграмма №1)
Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде ғана емес, постиндустриалды дәуірде қоршаған ортаны қорғау ерекше маңызды, өйткені даму барысында адамдар табиғатқа белсенді әсер етеді. Бұл табиғи ресурстарды шамадан тыс пайдалануға, биосфераның ластануына және климаттың өзгеруіне әкеледі.
Биосфераның тұтастығын сақтау үшін бірнеше шарттар қажет:
- табиғат заңдылықтарын ескеру;
- қоршаған ортаны қорғау;
- ресурстарды ұтымды пайдалану.
Барлық адамдар ұстануға тиісті негізгі экологиялық қағидат :
«Біз табиғаттың тек бір бөлшегіміз , табиға әміріші емеспіз»
Яғни, табиғаттан алынған ресурстарды қалпына келтіру қажет. Мәселен, ағаштардың қарқынды кесілуіне байланысты планетадағы миллиондаған шақырым ормандар жойылды, сондықтан жоғалтудың орнын толтыруға және кесілген ормандардың орнына ағаш отырғызуға шұғыл қажеттілік туындайды. Сондай-ақ жаңа жас көшттермен қалалардың экологиялық жағдайын көтеру пайдалы болады.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен. Бұл туралы «агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды пайдалануды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелде айтылды. Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды.
...