Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сұлба және карта

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  2,630 Слов (11 Страниц)  •  2,937 Просмотры

Страница 1 из 11

Дәріс № 2

Тақырыбы: Сұлба және карта

Мақсаты: сұлба мен карта туралы білy, олардың ерекшеліктерімен танысу, шартты белгілерді ажыратуды үйренy;сұлбалы картамен жұмыс істеуді үйренy,

Жоспар

 1.  Бағдарлау

 2.  Сұлба                                                                                    

 3.  Географиялық карта, глобус

 4.  Бағдарлау

     Егер адам көшеге, егістікке, орманға, далаға шықса айналасынан - алдынан артынан, оңынан, солынан -жерді және ондағы әртүрлі нәрселерді көреді. Айналада көрініп тұрған жер көкжиек деп аталады. Егер ашық жерде тұрып төңірегіне көз жіберсе, ортасында тұрғанда көкжиек дөңгелек пішінді болып көрінеді. Көз ұшындағы аспан мен жер түйісіп тұрғандай болып көрінетін жердегі сызықты көкжиек сызығы деп атаймыз.

     Көкжиек сызығы Көкжиекті шектеп тұрады. Көкжиек пен көкжиек сызығы кез келген жерде, теңізде айқын көрінеді.

     Көкжиектің төрт тұсы бар. Бұл солтүстік - С, батыс -Б, оңтүстік - О, шығыс - Ш және солтүстік-батыс СБ, оңтүстік-батыс ОБ, оңтүстік шығыс ОШ, солтүстік-шығыс СШ.

     Көкжиек тұстары бойынша өзің тұрған жерді және қажетті жүру бағытын бағдарлау деп атайды.

     Бағдарлаудың бірнеше әдісі бар: күнмен бағдарлау. Талтүсте күн көкжиектің оңтүстүгінде тұрады. Егер сен талтүсте күнге арқаңды беріп тұрсаң, сені көлеңкең солтүстікке бағытталады, оң жағыңда Ш, сол жағыңда Б. Ал кез келген уақытта бағдарлау үшін гномон құралын қолданады. Дөңгеленген шағын алаңды құм төгіп, тегістейді. Оның орталығына жер бетінен есептегенде биіктігі 1 м болатын етіп таяқ орнатады. Талтүсте гномоннан түскен көлеңке солтүстік бағытты көрсетеді. Көлеңке бойынша құмға сызық жүргізеді. Содан кейін құмға оңтүстік, Б және Шығыс бағыттарын сызады. Гномонды мектеп маңына орнатады.

      Жергілікті жердің бағыттарын компастың (тұсбағар) жәрдемімен анықтауға болады. Компастың негізгі бөлігі-жылжымалы нұсқар (стрелка).

     Оның бір ұшы - көк, екінші ұшы - қызыл. Нұсқар түбінде циферблаты бар. Циферблаттың көкжиек тұстары әріптерімен белгіленген. Кейбір компастарда нұсқар тұрақтандырғышы болады.

      Компасты беті тегіс затқа қою керек. Тұрақтандырғышын ашып, нұсқарды тыныштық күйге келтіру керек. Нұсқардың көк ұшы циферблаттағы С әрпіне, қызыл ұшы О әрпіне келгенше бұра береміз. Сосын тұрақтандырғышты бекітеміз. Найзағайлы жаңбыр кезінде электр тогы берілетін жер мен темір жол маңында компас жұмыс жасамайды.

      Бұлтсыз түнде жеті қарақшының қасында Темірқазық жұлдызы тұрады. Ол С-ны көрсетеді.

      Жергілікті белгілермен бағдарлауға да болады. Ашық жерде жеке өскен ағаштың бір жағының жапырағы мен бұтағы екінші жағына қарағанда қалың болып малынып тұрады. Бұл ағаштың О жағы, қайыңның С жағы едәуір күңгірт, жарығы, қожыры көп болады.

      Саңырауқұлақтар түбірдің, ағаштың бұтасын солтүстік жағынан сағалайды. Құмырсқа илеуін ағаштардың О жағына салады. Егер илеуі ашық жерде тұрса, оның оңтүстік бейнесі сотүстігіне қарағанда түйетайлы келеді. Қыналар, мүктер көбінесе ағаштардың, түбірлердің, тастардың солтүстік жағынан орын тебеді.

     Жерді ғарыштан немесе ұшақтан ғана емес, сондай-ақ жер бетінде тұрып өлшеуге болады.

I әдіс: Екі адам бір-бірінен 15-20 м қашықтыққа кетеді, олардың қолдарында рейка (тақтайша). Үшінші адам өзінің рейкасын қашықтың ортасына қояды. Соңғы рейка басқа екеуін жауып тұру керек. Тағы да екі кісі соңғы рейкалардың арасына жіп тартады. Жіпті қадаммен, рулетпен өлшеуге болады.

II әдіс: Көзбен өлшеу. Тек еске алу керек. Үлкен заттар жақын көрінеді, кішкене заттар (өзеннің жағасы) алыс көрінеді. Тұманды күні қашықтықтар алыс көрінеді. Сондықтан көзді үйрету керек.

III әдіс: Егерде биіктігі мен ұзынын білсең, масштабына сызғышты алып созулы қолыңмен қандай бөлімдері үйді, затты жауып тұрғанын қарайсың. Мысалы, екі қабат үйдің х - биіктігі 10 м, ал осы биіктік 2 см-ді жауып тұр. Онда өлшеген қашықтықтарымызды қағазға түсіру керек, ол симайды. Масштаб арқылы оның қашықтығын кішірейтеді. Мысалы, 1 см = 10 км. Жердегі қашықтық метрмен немесе километрмен көрсетіледі. Сандық масштаб - алымы бірлік, ал бөлімі — сұлбадағы қашықтықтың жердегі қашықтықтан неше есе кіші екенін көрсететін сан, 1:500 (бес жүзден бір) 1:1000 (мыңнан бір) деп оқылады. Бөлшектің бөлімі неғұрлым үлкен болса, масштаб соғұрлым кіші болады. Атаулық масштаб 1 см-де-10 м деген жазу. Сызықтық масштаб бұл тең бөліктерге бөлінген түзу сызық. Сызықтың әрбір бөлігіне оған жер бетінде сәйкес келетін қашықтықты жазады. Сұлбадағы көрсетілген обьектілердің қашықтығын циркульмен өлшеп, сызықтың масштабына салады.

...

Скачать:   txt (30.8 Kb)   pdf (105.1 Kb)   docx (18.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club