Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Монокулярды, бинокулярдық және

Автор:   •  Март 27, 2023  •  Лекция  •  1,754 Слов (8 Страниц)  •  231 Просмотры

Страница 1 из 8

ЛЕКЦИЯ 6

Тақырыбы: Монокулярды, бинокулярдық және

стериоскопиялық көру. Стереоскопиялық көрністің пайда болу шарты. Стереоскоп. Стереотопографиялық түсіру

Аэроғарыштық суреттерді карағанда немесе практикалық жұмыста пайдаланғанда суреттегі объектілерді тікелей көзбен көреді немесе әр түрлі оптикалық құралдарды пайдаланады. Көру үш түрге бөлінеді: монокулярлық, бинокулярлық және стереоскопиялык. Бір көзбен көруді монокулярлық, екі көзбен көруді бинокулярлық дейді. Егер бинокулярлық көру кезінде заттардың кеңістіктегі орналасуы көрінсе, ондай бинокулярлық көруді стереоскопиялық  дейді.

Әр түрлі оптикалық құралдар сияқты адам көзінің де көру қабілеті болады. Көру объектісінің түріне қарай нүктелік және сызықтық болып бөлінеді. Көру қабілеті объектіні көру ∆γ (4.1-сурет) бұрышымен анықталады.

[pic 1]

4.1-сурет. Монокулярлық көрудің ажырату қабілеті

Объектіні ең жақсы көру қашықтығы D=25 см болады. Монокулярлық көруде ең кіші бұрыш ∆ᵧ=20" десек немесе d=0,025 мм, ал бинокулярлық көруде ∆ᵧ=10" немесе d=0,012 мм болады.

Егер объектіні көру кезінде әр түрлі оптикалық құралдар қолданылса (лупа, микроскоп, бинокль т.б.), онда көру қабілеті, яғни, көру бұрышы оптикалық үлкейту көрсеткішіне кері пропорционал болады. Мысалы, монокулярлық көруде оптикалық жүйенің үлкейту көрсеткіші  [pic 2]болса, ∆ᵧ=3" немесе d=0,007 мм болады.

Фотограмметрияда стереоскопиялық көру кеңінен қолданылады. Стереоскопиялық көрудің геометриялық мәнін қарастырайық.

Екі көзбен екі нәрсені А және В  көрдік делік, ал В нәрсесі А-дан

алшақ жатыр (4.2-сурет). Адам көзінің В нәрсесін ажырата алатын ең

кіші қашықтықты анықтайық. А және В нәрселерін көру бұрыштарын γ1 және  γ2 түйілісу  бұрыштары  дейді. ∆D адам көзінің екі нүктені ажырата     алатын ең кіші ұзындық;D- көзден объектіге дейінгі ұзындық;bk- көз базисі. Көз базисі әр адамда әр түрлі болады, орташа 65 мм болады.

[pic 3]

4.2-сурет. Стереосопиялық көріністің принципі

D ұзындығы мынадай формуламен анықталады:

                       [pic 4][pic 5]                                       (4.1)

∆D      өте      кішкентай      болғандықган      (4.1)      формуланы дифференциалдап мынадай формуланы аламыз:

                     [pic 6][pic 7]                                        (4.2)

бұл жерде ∆γ-γ1 және γ2  бұрыштарының айырмасы, яғни,

                       [pic 8]

Бұл шама дұрыс көздерде 10" тең болады. Бірін бірі жабатын жұп аэрофотосуреттерді адам қарағанда жер бетінің кеңістіктегі көрінісін көреді.Бұндай көріністі – стереомодель дейдіБір нүктенің үстінде орналасқан екінші нүктенің биіктік айырмасы бақылаушы ажырата алатын ұзындық мынадай болады:

                                              [pic 9]

Егер стереоскопиялық бақылауда оптикалық жүйе қолданылса, онда  ∆D   шамасы    оптикалық    жүйенің    үлкейту    көрсеткішіне пропорциональ  кемиді. Осы айтылғандарды ескеріп, соңғы формуланы былай жазуға болады:

                                                [pic 10]

Көптеген стереофотограмметриялық қүралдардың оптика жүйелерінің үлкейту көрсеткіші 7-ден 12Х дейін болады, яғни биіктігі айырмасын стереоскопиялык көру қабілеті шамамен сурет масштабында 4 мкм болады.

Стереоскопиялық көрністің пайда болу шарты. Стереоскоп

«Стереоскопия» сөзі кеңістіктің көлемдік көрінісі деген мағынаны білдіреді. Кеңістікте, көз базисіне тең ұзындықта орналасқан, екі нүктеден бір объектіні адам екі көзімен көреді. Стереоскопиялық көрудің арқасында адам заттардың кеңістіктегі орынын сезеді.

Осындай көрініс бір объекті екі нүктеден түсірген екі аэросуретте де болады. Ондай көріністі стереоскопиялық эффект дейді. Ол үшін сол жақтағы суретті сол көзбен, ал оң жақтағы суретті оң көзбен қарау керек. Ондай екі суретті стереожұп дейді (4.3-сурет). Стереомодельді көру үшін ең қарапайым құрал стереоскоп қолданылады (4.4-сурет).

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (288.1 Kb)   docx (332.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club