Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Марқакөл орманшылығы

Автор:   •  Сентябрь 17, 2018  •  Реферат  •  8,603 Слов (35 Страниц)  •  813 Просмотры

Страница 1 из 35

  Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................2

І. Жалпы бөлім.......................................................................................................6

1.1. Физикалық-географиялық жағдайы.............................................................7

1.2.Экономикалық жағдайы.................................................................................

1.3.Орман шаруашылығының іс-әрекеттерінің қысқаша сипаттама............11

1.4.Көлік жолдары...............................................................................................

ІІ. Негізгі бөлім....................................................................................................12

2.1. Орманды күту үшін кесу...........................................................................12

2.2. Кесулерді жүргізу......................................................................................22

2.3. Күту үшін кесудің есептік ведомосі. Күту үшін кесуді жүргізудің технологшиялық картасын құру……………………………………………..

2.4. Өрт қауіпсіздігі............................................................................................

ІІІ Қорытынды........................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................

КІРІСПЕ

  Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені, құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты және географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы және орман қоры деп құрастырады.

Орман – жер шарының өкпесі. Ауа ылғалдылығын сақтайды және қорғайды. Тұщы су қорын сақтайды. Жануарларға – қолайлы мекен. Эрозиядан сақтайды. Топырақтың құнарлығын сақтайды. Қарды, селді тоқтатады.

Г.Ф.Морозов анықтауы бойынша: «Орман – бір-біріне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылымы өзгерген ағаш өсімдіктерінің жиынтығы». Яғни, орманның ерекшелігің бірі,  ағаштардың әсерін, орманның күрделі кешендігін, оның барлық бөліктерінің бірімен бірінің және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздіксіз, біртіндеп және сатылап өзгеріп отыратынын көрсетіп берді. Орманға мұндай көзқарас дүниежүзілік орманөсірушілік жөніндегі әдебиеттерде орын тапқан.

Орман өсіру қазіргі өсіп тұрған ағаш бұталарының қауымдастығынан ғана емес сонымен қатар келешекте өсірілетін, отырғызылатын ормандарды күтіп-баптау, орманшылық шараларын жүргізу, сапасын арттырып, кәделік іске жарамды, діңдері биік, түзу, тұқым қуалаушылық қасиеті бар, көп жасайтын ағаш түрлерінен құралған ормандардың ғылыми тәжірибе негізінде өсіріп көбейтеді.

 Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді. Мысалы, жарыққа, жылуға, ылғалдылыққа, ауаға, желге және басқа да экологиялық жағдайларға байланысты болады екен.

Сонымен,  орман өміріне  климаттық жағдайлар (жарық, жылу,  ылғал, ауаның  атмосфералық құрамы  және оның  өзгеруі) өте  әсер етеді,  олар  экологиялық  жағдайлардың  құрыстырушысы  және тіршілік немесе  даму  ортасы.  Климаттың  жағдайлары  орманның  өмірі,  оның  маңызды көрсеткіштері, ағаш   бітімінің  құрамы,  формасы, қоры, сүректің техникалық сапалары,  орманды  жаңарту, оның санитарлық жағдайы,  өрт  қауіптілігінің  күшейуі немесе  төмендеуі, ормандық  мәдениеттендіру жұмыстары. Климат, оны қалыптастыратын  ауа райы  жағдайлары, орман кесу және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды. Ормандағы  климаттық жағдайлар, сапалық  және сандық жағынан, ашық  жердің  жағдайларынан айырмашылығы бар.

Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына, жылудың белгілі саны керек, яғни, жылу режимі температураның көлеміне (ауа, топырақ, су беті температурасына) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз тұқымдар өнбейді екен. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп отырады. Ол тек жыл ішінде емес, тәуліктік немесе сағаттық шеңберінде өзгеріп тұрады. Өсімдіктердің жылуға талабы әр түрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай.Өсімдіктердің  жылуға  талабы әртүрлі  және  құбылмалы, жылу  жағдайларына қойылатындай.  Сондықтан  жылу  жағадайлары фактор  ретінде орманның  өсіуне  әсер  етеді.  Ағаштар мен  бұталар  нольден  жоғары температурада өсіп – дамиды.  Ағаш  өсімдіктерінің  тамырлары   топырақ  температурасы 5º  жоғарыда дамиды,  фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің  өнуі,  гүлдеу және  тісу әр  тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді,  жемістің  пісуін, кейде өнімнің  болмауына келтіреді.

...

Скачать:   txt (103.6 Kb)   pdf (437.7 Kb)   docx (103.8 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club