Күшті жер сілкіністердің жер бетіне таралуы
Автор: zilola18 • Февраль 25, 2019 • Реферат • 1,141 Слов (5 Страниц) • 634 Просмотры
Күшті жер сілкіністердің жер бетіне таралуы
Жерсілкіну деп табиғи себептерге байланысты туындаған жер қыртысының сілкінісін айтады. Жерсілкінулер жерасты дүмпулері түрінде білініп, көбінесе жерасты гүілімен, топырақтың толқын сияқты тербелісімен, жарықшақтар жаралуымен, ғимараттардың, жолдардың қырауымен және тіпті адамдардың опат болуымен жалғасады. Жерсілкінулер біздің планетаның өмірінде елеулі рөл атқарады. Жерде бір жыл ішінде 1миллионнан астам жерасты дүмпүлері тіркеледі, бұл- орташа алғанда шамамен сағатына 120дүмпу немесе минутына екі дүмпу келеді деген сөз. Қуанышқа орай, олардың кейбіреулері ғана қиратушыға немесе апаттыға жатады. Жылына орташа алғанда бір апатты және 100 қиратушы жерсілкіну болады. Күшті жерсілкінулер біршама сирек болады. Қиратушы күші бойынша апатты жерсілкінулердің ішінде шетелдердегі ең белгілілері Лиссабон (1755), Калифорния (1906), Тайвань (1906), Мессин (1908), Ганьсу( 1920), Токио(1923), Иран( 1935), Чили( 1939), Агадир( 1960) жерсілкінуі. Ірі жерсілкіну кезіндегі қираудың масштабы орасан. Жер қартысында жерсілкіну салдарынан ірі дизъюнктивтік дислокациялар пайда болады. Мәселен, 1957ж 4 желтоқсанда Маңғол Алтайында болған апатты жерсілкіну кезінде ұзындығы 265 км шамасындағы Богдо жаралымы пайда болып, жаралған жаралымдардың жалпы ұзындығы 850км-ге жеткен. Жерсілкінуден ғимараттардың құрылыстардың қирауы мен адамдар өлімі жиі болады. Жерсілкіну болатын алқаптар құрлықтың 10%тей бөлігін қамтиды. Бұл адамзаттың жартысы тіршілік ететін аумаққа тең. Жерсілкіну табиғи апаттардың ішіндегі ең қауіптісі. Олардың ең ірілері жүздеген мың адамның өмірін қиып, қирату әрекетінің ізін мыңдаған км2 аумақта қалдырады. Шаньсиде 1556ж болған жерсілкіну кезінде 830 мыңға жуық адам мерт болса, ал 1976 ж 28 шілдеде Таньшань қаласы апатты жерсілкіну нәтижесінде толық қирап, адам өлімі 655 мыңға жеткен. Соңғы кездерде тіркелген апатты жерсілкінулердің бірі 2005 жылы 8 қазанда Пәкстан, Ауғанстан мен Индия (Кашмир) аумағында болған. Оның күші Рихтер шкаласы бойынша 7,7 Р деп тіркелген. Бұл жерсілкіну салдарынан 30 мыңнан аса (бейресми деректерде 100мыңнан аса) адам опат болған.
Жерсілкіну пайда болған центрді оның фокусы (тоғысы) немесе гипоцентрді деп атайды. Нақты жерсілкіну гипоцентрінің параметрлерін есептеу көрсеткендей, жуықтап алғанда жерсілкіну ошағы радиусы ондаған км-мен өлшенетін сфера болып табылады. Сонымен, жерсілкінуінің ошағы нүкте емес, өлшемі ірі жерсілкінулер кезінде едәуір болатын көлем болып шығады.
Жерсілкінудің ошағында серпімді бойлық Р және көлденең S сейсмикалық толқындар қозып, олар барлық жаққа тарайды. Олардың таралу сипаты біршама күрделі және Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктерімен анықталады. Жер бетінде ошақтан ең қысқа қашықтықта орналасқан нүкте эпицентр деп аталса, ал ең алыстағы нүкте- антиэпицентр болады.
Жерсілкінудің максимал қирату күші оның эпицентрінде болады. Ал одан алыстаған сайын күші азая береді. Жерсілкіну күшінің мәндері бірдей сызықтарды изосейсталар десе, ал эпицентрді қоршаған мәні максимал изсейстаны плейстосейста алқабы деп атайды. Бұл алқаптың пішіні эпицентр орналасқан ауданның геологиялық жағдайларымен толықтай анықталады. XX ғасырда біздің елдің территориясында байқалған жер сілкінуі әсерінен: 1911 ж. — Верный қаласы (қазіргі Длматы), 1927 ж. — Қырымның оңтүстік жағалауы, 1948 ж.— Ашгабад, 1966 ж.— Ташкент қаласының ор-талық бөлігі, 1976 ж. — Газли, 1986 ж. — Кишинев, 1989 ж. — Армения қалалары мен Тәжікстан селолары зардап шекті.
Катастрофалық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды: кейбір аудандар (мулит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі, 1960 ж.); кейде құрлықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964 ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911 ж. пайда болған Памирдегі Сарез көлі); лайлы-тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949 ж. Тәжікстанда Хаит селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауларына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.
...