Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Географиялық қабықтың бірлігі және біртұтастығы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2022  •  Практическая работа  •  988 Слов (4 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 4

                       Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық универститеті.

                     

      Географиялық қабықтың бірлігі және біртұтастығы.

                                                              Орындаған:Нұрболат Гүлсезім.

                                                                                 Қабылдаған:Искакова Райхан.

  1. тапсырма: Біртұтастылық заңдылығының ерекшеліктерін айқындау

Географиялық қабықты құрайтын компоненттер (жер бедері, ауа, су, топырақ, тіршілік дүниесі) əрқайсысы өзіне тəн заңдылықтар негізінде қалыптасады. Бірақ олар жеке-дара, оқшау дами алмайды,өйткені олар географиялық қабық ауқымында бір-бірімен өзара байланысты жəне тəуелді. Осылайша географиялық қабықтың əр компоненті өз заңдылықтары бойынша дами отырып, өзге компоненттердің əсеріне де ұшырайды жəне өз кезегінде оларға да əсер етеді. Табиғи жүйедегі өзгерістердің қарқыны мен ауқымы бұл жүйеге енетін компоненттердің өзгеру жылдамдығына байланысты. Компоненттерді өзгерістерге тұрақтылығы жөнінен мынадай қатарға: геологиялық жыныстар – жер бедері – климаттық жағдайлар – су – топырақ – өсімдік – жануарлар дүниесі қоюға болады.

 Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарының бірі –
біртұтастық заңдылығы.Біртұтастылық заңдылығының ерекшелігі географиялық қабықтың құрамындағы бір құраушысының өзгерісі еріксіз қалғандарының да өзгеруіне әкеледі.Бұл өзгерістердің көріну масштабтары әрқилы болып келеді. Олар біркелкі бүкіл географиялық қабықты алып, оның тек кей бөліктерінде көрініс тауып,ал басқа бөліктерінде өте әлсіз болуы мүмкін. Біртұтастылық заңдылығы табиғат компоненттерімен тығыз байланысты,айналым заңдылығы тоқтаусыз жер шарында айналып жүреді.Мезгілдік ырғақтылық белгілі бір уақыт аралығында болатын табиғи құбылыс.

2. Біртұтастылық заңдылығына сәйкес, бір компоненттің өзгерісі басқа компоненттердің өзгерісіне себепші болуына мысал келтіру.

                             Арал теңізінің басқа компоненттерге зияны.

Арал теңізіне 1940 жылдары суармалы тоғандардың көбісі нашар салынып, судың сортаңға айналуына немесе булануына әкеліп соқтырды.Су теңізге құйылудың орынына далаға ағып кетіп отырды. Осылайша судың жетіспеушілігінен Арал теңізі тартылып жатты. Өңірдегі суармалы көп дақылды егіс алқаптарын дамыту нәтижесінде жердің сапасы нашарлай бастады, қайтарымсыз суды тұтыну көлемі артты, жаңбыры аз қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал теңізіне Амудария мен Сырдария өзендері суларының құйылуы мүлдем тоқталды. 2004 жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 % ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда. Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін азайып кеткен. Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп қалған теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін дақылдарға орасан зор шығын әкеледі.

Арал маңындағы су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен төзімділігі бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық құндылығы азайған, оның өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан, осыған байланысты ортаның медициналық-гигиеналық тұрақтылығы жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және Каратма шығанақтары жоғалып кеткен. 

Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар босайды дегенді білдіреді. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде шөгеді. Арал батыстан шығысқа қарай күшті ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты күшейеді.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (64 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club