Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі
Автор: aruwkaorazken05 • Февраль 1, 2023 • Эссе • 574 Слов (3 Страниц) • 324 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
“Логистика және көлік академиясы” АҚ
“Автоматтандыру және телекоммуникация” институты
“Энергетика” кафедрасы
ЭССЕ
“Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі”
Орындаған: Оразкен Аружан Ерболқызы
Группа: IT-ЭЭ-22-3к
Тексерген: Нұргүл Ибрагимовна
Алматы 2022-2023
Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың рөлі айрықша келеді. Әлеуметтану қоғамдағы әлеуметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін, яғни қоғам туралы ғылым. “Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу”. Қазіргі уақытта әлеуметтануды ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеументтануға идеологиялық – апологетикалық рөл берілді.
Әлеуметтік рөл – белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі. Менің ойымша қазіргі қоғамда әлеуметтанудың рөлі ерекше орын алады. Себебі әлеуметтану ғылымы қоғам өмірімен тығыз, әрі жан-жақты байланысып тұрады және оның атқаратын қызметі қоғамның барлық сфераларына әсер етеді. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиекті кеңейтіп, оның деңгей мен дәрежесін отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, тұжырым мен іс әр уақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірбиелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірбиелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын( рухани, мәдени, экономика т.б.) әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір топтардың талабына, тілегінеі мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады.
...