Эпидемия және карантин
Автор: venera02 • Ноябрь 6, 2020 • Доклад • 253 Слов (2 Страниц) • 260 Просмотры
Эпидемия және карантин қарапайым адамдар мен олардың күнделікті әдеттерін түбегейлі өзгертті. Стастистикалық өлшеулердің нәтижесінде карантин енгізілген кейін бастапқы кездерде адамдардың қуанышында шек болмады. Бақыт, эйфория сезімдеріне бөленіп жүрді. Себебі, көптеген адамдар, оған қоса студенттер отбасыларымен қауышып, демалуға деген мүмкіндік алды. Үй атмосферасында жайлы сезініп, ұнаған, белсенді үй істерімен айналысып уақыт өткізді. Кейін біртіндеп адамдарда депрессия басталды. Оған себеп карантиннің қай уақытқа созылатындығының белгісіз болуы. Вирус жұқтырған адам саны күннен-күнге артқан сайын халықта тітіркенушілік пайда болып, үрей-қорқыныш билей бастады. Бір жағынан қарасақ адамның бұл жағдайды осылай қабылдауы тұрақты жағдай. Келесі стадия «жоққа шығару». Ковид-жалған, бәрібір маска тақпаймын, серуенге шыға беремін, кейбірі мен ешкімге сенбеймін, биліктің істеп отырғаны, қарапайым грипп, біздің құқығымыз бен бостандығымызды ешкім жоя алмайды деп қарсылық білдірді. Ал ковидті екінші ядролық қару деп есептеген адамдар, карантин режимін ұстап, барлық дәрігер рекомендацияларын орындап отырды. Әттең, бұл оларда барлығы жақсы болды дегенді білдіре бермейді. Отбасылық өмірде бірін-бірі жиі көру арадағы қарым-қатынасты шиеленістіріп, қашықтық оқу процесі ата-ана үшін де, оқушы үшінде таңсық соққы болды. Оған қоса елімізде жұмысы тоқтатылған жандар үшін мемлекет қаражатынан бөлінген 42500 күлкілі көрініп, наразылық артты. Алайда барлығына негативті қарауға да болмайды. Қол ұшын созып бар көмегін көрсетіп жатқан жандар да, дәрігерлер адам өмірін сақтап қалу үшін бар еңбектерін салып жатырғанда да моральді, материалді көмекті қажет еткен кезде көмек қылып жатырған адамдарда аз болмады. Қорытындылай келе, бұл карантин режимі адамдардың өмірге деген көзқарасының бетпердесін ашты. Кейбір адамдар бұл өтпелі кезеңді қиыншылықпен өткізіп жатырса, кейбірі бейімделіп, өмірге қажетті қасиеттерді: үнемдеу, өз-өзін дамытумен айналысып уақыттарын тиімді өткізуге барынша тырысып жатыр.
...