Саулықтарды азықтандыру мөлшері мен рационы
Автор: vllntttn1 • Декабрь 12, 2021 • Контрольная работа • 1,300 Слов (6 Страниц) • 348 Просмотры
Саулықтарды азықтандыру мөлшері мен рационы
Саулықтарды азықтандыру мөлшері олардың тұқымдық ерек шеліктеріне және физиологиялық жағдайына (буаз, қозы емізетін, қысыр қалған саулықтар) байланысты құрастырылады.
Егер жоғары қоңдылықтағы саулықтардың төлшеңдігін 100% деп алсақ, онда орташа қоңдылықтағы саулықтардың төлшеңдігі – 85 90%, ал ортадан төмен болса – 6065%, өте төмен қоңдылықтағы саулықтардың қысыр қалу мөлшері 45 есе көп.
Саулықтардың қанағаттанарлықсыз қоңдылықта болуының бір себебі – қозыларды анасынан айыру уақытының кешігуі. Қозыларды анасынан уақытында айыру және саулықтарды жақсы бағыпкүтуді ұрықтандыру алдында 1,52 ай бұрын ұйымдастыру, олардың орта және жоғарғы қоңдылықта болуына себебін тигізеді.
Саулық қойларды қыстан шыққанша құрғақ азық жегізіп келген болса, көктемнен бастап шырынды көк азыққа ауысуды біртіндеп жүргізу керек. Малдың бір азықтан басқа азыққа тез ауысуынан астың қорытылуы бұзылады (іші өтеді), әсіресе анасының сүтін еметін қозылардың көк шөпке ауысуы ас қорытуды бұзады. Сондықтан мұны болдырмас үшін, таңертең жайылымға шығармас бұрын шамалап пішенмен азықтандыру керек. Мал көк шөпке үйренген кезде, пішен беруді қояды.
Қойды қоршалған жайылымда (жайылымды загонға бөлу) бағу шопанның еңбегін жеңілдетеді. Бұл кезде малдың барлық жағдайын көріп отыруға және қойылған кесте бойынша бір қоршаудан екінші қоршауға айдау оңай түседі. Мұндай жайылымды қолдану жүйесі азықты үнемдейді, малдың шығыны азаяды және өнімнің тиімділігі ұлғаяды.
Жайылымның бөлім саны мен көлемі оның шөбінің өнімділігі мен жайылатын қой санына байланысты болады. Бір отардағы 800 саулыққа 1820 бөлім болуы керек. Құрғақ аймақтағы жайылым бөлімдерінің әрқайсысының көлемі 710 га, тұрақсыз ылғалдылық тағы аймақта 5 га болуы керек.
Қоршаудағы бірінші бөлімге қойларды жайғаннан кейін, екінші бөлімге жаяды, белгілі бір уақыттан кейін бірінші бөлімге қайтадан қой жаюға болады. Бөлім көлемі бір отар қой 56 күн жайылатындай болуы керек. Мысалы, табиғи далалы жайылымға бір отар 600 бас саулық пен қозыны жаюға әр бөлімнің көлемі 2530 га болуы керек.
Өкінішке орай, қоршалған жайылым, әсіресе далалы қой шаруашылық аудандарында аз, көбінесе қоршалмаған (загонға бөлінбеген) жайылымды көп қолданады.
Қозыны айырғаннан кейін саулықтың қоңдылығын қалпына келтіру үшін, ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру кезінде азықтандыру мөлшері буаздықтың бірінші жартысындағы саулықты азықтандыру мөлшерінен 1015% жоғары болу керектігін естен шығармау керек.
Егер саулықты ұрықтандыруға дайындау кезеңінде жайылым құрамында протеин мен дәрумен (каротин мен Е дәрумені) көп болып, қойды жас көк шөпте ұзақ жайса, саулықтың төлдеуі жоғарылайды. Әсіресе, төменгі қоңдылықтағы саулықтарға күніне жайылым шөбіне қоса бір басқа 0,20,4 кг құнарлы жем және 1,52 кг сүрлеммен азықтандырса, онда қойлардың қоңдылығы көтеріліп, өнімнің көлемі де ұлғайған болар еді.
Буаз саулықтарды азықтандыру мөлшері мен рационы
Саулық қойды буаздық кезеңінде толыққұнды азықтандыру оның өнімділігі мен төлшеңдігін жоғарылатуда өте маңызды. Күз және қыс мезгілінде буаз саулықты толыққұнды азықтандырып, оның қоңдылығын және қоздағаннан кейін оның сүттілігін жоғарылату, қозылардың өсуі мен өнуіне жақсы әсер етеді.
Буаз саулықтарды толыққұнды азықтандыру оның бұлшық еті, терісі мен май құрамына және сүттілік кезеңде жоғары өнімділігі мен қалыпты қуат алмасуы үшін қоректік заттар қорын айтарлықтай дәрежеде жинауға мүмкіндік береді. Азықтандыру мөлшері 9395 кестелерде көрсетілген.
93-кесте. Жүнді және жүндіетті қой тұқымдарының саулықтарын азықтандыру мөлшері (қырқылған жуылған жүн – 22,3 кг беретін), тәулігіне бір басқа
Көрсеткіштер | Қысыр және буаздықтың алғашқы 1213 апталығында | Буаздықтың соңғы 78 аптасында | ||||||
тірілей салмағы, кг | ||||||||
40* | 50 | 60 | 70 | 40* | 50 | 60 | 70 | |
а лм ас у қу аты, МДж | 12,6 | 15,75 | 18,9 | 19,95 | 14,7 | 16,8 | 21 | 23,1 |
құрғақ зат, кг | 1,4 | 1,7 | 2,0 | 2,1 | 1,5 | 1,7 | 2,1 | 2,4 |
шикі протеин, г | 150 | 160 | 170 | 180 | 190 | 200 | 215 | 220 |
қорытылатын протеин, г | 85 | 95 | 105 | 115 | 115 | 135 | 145 | 155 |
лизин, г | 6,8 | 7,2 | 7,5 | 8,1 | 8,6 | 9,0 | 9,6 | 9,9 |
метионин+цистин, г | 5,9 | 6,2 | 6,6 | 7,0 | 7,4 | 7,8 | 8,3 | 8,6 |
жасұнық, г | 360 | 450 | 510 | 540 | 390 | 440 | 540 | 620 |
қант, г | 59,5 | 66,5 | 73,5 | 80,5 | 80,5 | 94,5 | 101,5 | 108,5 |
ас тұзы, г | 9 | 10 | 11 | 12 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кальций, г | 6 | 6 | 7 | 7 | 7 | 8 | 9 | 9 |
фосфор, г | 4 | 4,4 | 4,8 | 5 | 5 | 5,5 | 5,8 | 6,2 |
магний, г | 0,5 | 0,6 | 0,7 | 0,8 | 0,9 | 1 | 1,1 | 1,2 |
күкірт, г | 3,5 | 4 | 4,5 | 4,7 | 4,3 | 4,6 | 5 | 5,3 |
мемір, мг | 48 | 54 | 62 | 70 | 58 | 68 | 78 | 88 |
мыс, мг | 10 | 12 | 14 | 16 | 12 | 14 | 16 | 18 |
мырыш, мг | 34 | 40 | 46 | 52 | 46 | 54 | 62 | 70 |
кобальт, мг | 0,43 | 0,5 | 0,58 | 0,65 | 0,55 | 0,65 | 0,75 | 0,85 |
марганец, мг | 53 | 60 | 69 | 75 | 69 | 81 | 93 | 106 |
йод, мг | 0,43 | 0,5 | 0,57 | 0,64 | 0,47 | 0,55 | 0,63 | 0,72 |
каротин, мг | 10 | 12 | 15 | 15 | 12 | 14 | 17 | 20 |
Д дәрумені, ХӨ | 500 | 600 | 700 | 800 | 750 | 850 | 1000 | 1150 |
...