Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың кәсіби өсуіне мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйесінің үдерістері

Автор:   •  Март 19, 2019  •  Реферат  •  4,690 Слов (19 Страниц)  •  805 Просмотры

Страница 1 из 19

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан жаңа ақпараттық жүйелер (бұдан әрі- АЖ) өндірістік салаларда ғана емес, танымдық қызмет саласында да, атап айтқанда білім беруде түбегейлі өзгерістерге алып келеді. Бүкіл әлемде компьютер оқу пәні ретінде ғана емес, оқу құралы ретінде де қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, барлық қолданыстағы техникалық оқыту құралдарынан компьютер дидактикалық талаптарды барынша толық қанағаттандырады, өйткені оқыту процесін басқаруға, оны білім алушының жеке ерекшеліктеріне барынша бейімдеуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие. Осыған байланысты АЖ-ні оқытудың тиімділігін арттырудың, оқушылардың кәсіби дамуының қуатты құралы ретінде қарастыру қажет.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі оған адами қызметтің барлық салаларына енетін, ғаламдық ақпараттық кеңістік құра отырып, ақпараттық ағындардың қоғамда таралуын қамтамасыз ететін компьютерлік технологиялардың күшті әсерімен сипатталады. Бұл үдерістердің ажырамас және маңызды бөлігі білім беруді компьютерлендіру болып табылады.

Мониторинг және талдау жүргізу жүйесі оқиғаларды дамытудың жалпы бағыттары мен типтік нұсқаларын анықтауға, стратегияларды түзетуге және жобаны немесе бағдарламаны басқару бойынша ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мониторинг жүйесі бағдарламаны құру сатысында әзірленеді және оның бір бөлігі болып табылады.

Ал талдау нәтижесінде оқушылардың кәсіби дамуының басты тенденциялары, үдерістің қалыптасқан ағымының себептері ашылып, оны реттеу әдістері негізделуі тиіс. Талдаудың маңызды бөлігі – әзірлеменің нақты көрсеткіштерін жобаның алдыңғы талдаудың деректерімен салыстыру, әрбір көрсеткіштің өзгеру себептерін анықтау, негізгі факторлардың өзара байланысын және әсерін анықтау.

Зерттеу нысаны – мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйесі.

Зерттеу пәні – оқушылардың кәсіби өсуін мониторинг жүргізу және талдау үдерістері.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқу-өндірістік комбинатының оқушыларының кәсіби өсуін мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйесін әзірлеу.

Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

- білім беру жүйелеріне арналған мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйелерін зерттеп, талдау жасау;

- оқушылардың кәсіби өсуін талдау ақпараттық жүйесінің үдерістерін зерттеп, бизнес үдерістерді модельдеу;

- АЖ-нің деректер базасын жобалау және әзірлеу;

- ақпараттық жүйенің функциональдық моделін, бағдарламалық архитектурасын құру;

- мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйесін әзірлеу.

Осы міндеттерді орындау үшін объектілік моделі бар ақпараттық жүйесін жобалау әдісін қолданамыз. АЖ жобалау үш кезеңнен тұрады: үздік опцияны таңдау, жобаны орындау және жұмысын бағалау, ықтимал шешімдер жиынтығын қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының бағыты SQL Server ДББЖ-де, Visual Studio орталарында оқушылардың кәсіби өсуін қадағалайтын ақпараттық жүйесін құру.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында келесідей бағдарламалық құралдар қолданылды:

- SQL Server Management Studio;

- Visual UML 5;

- Visual Studio

- AllFusion Process Modeler


1 Оқушылардың кәсіби өсуіне мониторинг және талдау жүргізу ақпараттық жүйесінің үдерістері

1.1 Оқушылардың кәсіби өсуінің мониторинг және талдау жүргізу жүйесі

Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу.

...

Скачать:   txt (72.5 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club