Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астана сауда үйінің техникалық және өрт қауіпсіздік жағдайына сараптама жүргізу

Автор:   •  Май 6, 2025  •  Курсовая работа  •  5,034 Слов (21 Страниц)  •  16 Просмотры

Страница 1 из 21

[pic 1][pic 2][pic 3]

   [pic 4]

        


МАЗМҰНЫ

Кіріспе..................................................................................................................... 3

1 . Жедел-тактикалық мінездеме ……………………...……….......................... 5

2 . Өрттің дамуын болжау .................................................................................... 8

3.Құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру ..………................................ 11

4.Бөлімшелердің өрт сөндіруді ұйымдастыруы р/с қызметтер….................... 14

5. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объектінің және қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру………….... 17

6 .Өрт сөндіру қондырғыларының болуы және сипаттамасы……………….. 19

7. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптары………………….... 20

Қорытынды …………………………………………………………………….. 23

 Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….... 25

Кіріспе

Өрт- бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жану.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті обьектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс,улы заттардың жиналуы т.б.)бар обьектілерде болады. Өрт болу қаупін ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс материалдары жоғарғы температураға төзетіндей , сенімді болғаны дұрыс. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау қайғылы оқиғаларға - өртке, газбалондардың жарылуына және басқа да төтенше жағдайларға әкеп соғады, оның салдарынан адамдар қаза болып жатады. Адам өлімінің негізгі себептері: жанғыш заттардың тұтануы, газдан улану, жоғарғы температура (әр түрлі деңгейдегі күйікке шалдығулар) болып табылады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Солардың бірі сауда орындары. Алайда, осындай ірі нысандарда қауіпсіздік мәселелері, әсіресе техникалық жағдай мен өрт қауіпсіздігі, өте маңызды болып табылады. Сауда үйі күніне мыңдаған адамдарды қабылдайды, сондықтан оның жұмысы мен қауіпсіздігі азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Техникалық ақаулар, электр және желдету жүйелеріндегі кемшіліктер, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылуы адамдар мен мүлікке қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, заманауи қоғамда қауіпсіздік стандарттары мен талаптары үздіксіз дамып келеді. Осыған орай, сауда орталықтары мен басқа да қоғамдық нысандарда қауіпсіздік жүйелерін жаңартып, күшейту қажет. Астана сауда үйі да осы талаптарға сәйкес келуі үшін оның техникалық және өрт қауіпсіздік жағдайын жан-жақты бағалау, тексеру жүргізу және тиімді шешімдер әзірлеу міндетті.Сараптама барысында Астана сауда үйінің құрылымдық элементтері, электр жүйелері, жылу және желдету жүйелері, су құбыры мен кәріз жүйесі, өрт қауіпсіздігі шаралары мен эвакуация жолдары жан-жақты тексеріледі. Бұл тексеру қорытындысы негізінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нақты ұсыныстар әзірленеді. Сараптаманың негізгі мақсаты – Астана сауда үйінің техникалық жағдайын, өрт қауіпсіздігі жүйелерінің тиімділігін бағалау, олардың қазіргі жағдайын нақтылау және жедел түрде шешілуі қажет мәселелерді анықтау. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер сауда үйінің жұмысын тиімдірек ұйымдастыруға, клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, және жалпы қоғам үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Астана сауда үйінің техникалық және өрт қауіпсіздік жағдайына жүргізілген сараптама, оның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға, клиенттер мен қызметкерлер үшін жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ бизнес-процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сауда орындарында орын алған өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ, өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселерерді шешуге мән бермеуден,қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болып отыр.

...

Скачать:   txt (76.6 Kb)   pdf (493.4 Kb)   docx (55.3 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club