Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в “Астана-Көгалдандыру”

Автор:   •  Январь 7, 2018  •  Отчет по практике  •  7,050 Слов (29 Страниц)  •  1,532 Просмотры

Страница 1 из 29

Жоспар

      Кіріспе

   1.Жалпы бөлім

  1. Кәсіпорынның жарғысымен,оның қызметімен танысу.............................3
  2. Бухгалтерлік есепті жүргізу техникасы......................................................4    
  3. Кәсіпорынның  ұйымдастыру-экономикалық  сипаттамасы ...................7

2.Қаржылық есеп

  1. Меншікті капиталдың есебі........................................................................12
  2. Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялардың есебі.................13
  3. Қорлар есебі.................................................................................................17
  4. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі....................21
  5. Есептеулер мен міндеттемелер есебі.........................................................23
  6. Еңбек және оған ақы төлеудің есебі..........................................................26
  7. Шығындар мен табыстың есебі.................................................................27
  8. Қаржылық есептілік нысандары және құру тәртібі.................................28

 

  3.Басқару есебі

1.Өндірістік шығындар есебі..........................................................................31

Қорытынды және ұсыныстар ....................................................................32


Кіріспе

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына байланысты бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалуы тиіс.

Өндірістік тәжірибеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, шаруашылық қызметті экономикалық талдауды, қаржылық есептің жүйесін үйрену және теориялық сабақтарда алған білімді тәжірибе жүзінде қайталау және тереңдету мақсат болды.

Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен таныстық:

1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;

2 Ақша құралдары айналымы есебі;

3 Кіріс және шығыс есептері;

4 Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;

5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;

6 Жарғы;

7 Есеп саясаты;

8 Негізгі құралдар жайлы есеп;

9 Еңбек бойынша есеп;

10 Шоттар талдауы;

Қоғам қызметінің негізгі түрлері:

1.Жалпы пайдаланудағы жасыл екпе объектілерін (саябақ,гүлбақ,алаң,гүлзар,көше,кіреберіс трассаларын , шағын сәулет нысандары,абаттандыру элементтері , ескерткіштер, субұрқақтар)күтіп ұстау және салу;

2.Сәндік ағашты-бұталы және гүл дақылдарының отырғызу материалдарын сату, аумақты көгалдандыру және абаттандыру бойынша өтеулі қызметтерді көрсету;

3.Дизенсекциялық жұмыстарды жүзеге асыру:жасыл екпелерді зиянкестер мен аурулардан өңдеу ,халықты шыбын-шіркейлер мен басқа да қауіпті құрт-құмырсқалардан қорғау;

4.Жалпы пайдалану орындарын жинау (саябақ,гүлбақ , алаң, гүлзар, көше, мұз айдындарын жайғастыру) , сахна, трибуна, киіз үй орнату.

Тәжірибе барысында кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерімен және еңбек заңдылықтарымен, бастапқы құжаттарымен, жарғысымен, есепті жүргізу түрімен, қаржылық есептері құрамының мазмұнымен, басқарушылық және қаржылық талдауымен таныстырылды.

 Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни


толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық есебін жасауға,  салық есебін жүргізуге, аудитті жүргізуге дағдылану; теориялық сабақтарда  алған білімдерді  тереңдету  және бекіту; тәжірибе өту бойынша  есеп пен дипломдық жұмыс жазу үшін  дайындалу  және  оған қажетті  материалдарды жинау.

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету оның атқаратын қызметін білікті экономикалық басқаруды талап етеді. Ал ол өз кезегінде оны талдай білумен анықталады.

...

Скачать:   txt (104.8 Kb)   pdf (630.8 Kb)   docx (180.3 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club