Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Э.Эриксонның теориясы

Автор:   •  Март 6, 2022  •  Реферат  •  6,061 Слов (25 Страниц)  •  607 Просмотры

Страница 1 из 25

                                      Э.Эриксонның теориясы.

            Атақты З.Фрейдтен кейінгі көптеген зерттеушілер эгопроцестердің маңызы мен олардың дамуын көрсету үшін псхоанализді қайта қарастыруға тырысты.Солардың қатарында әйгілі эго-психолог Эрик Эриксон да бар.Көптеген постфрейдистер сияқты,Э.Эриксон үшін эго және индивидтің дамуы барысындағы оның адаптивті мүмкіндіктері маңызды болды.Дегенмен ,бұдан ол өз теорияларында биологиялық және әлеуметтік факторларды қарастырмады деп айтуға болмайды.

           Э.Эриксон теориясының негізгі бағдарлары келесі кезеңдерден тұрады.

1)Адамның бүкіл ғұмырлық даму процестерінде болып отыратын өзгеріс акценті;

2)Идентикалық сезімінің жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді;

3)Жеке тұлғаның құрылымындағы тарихи және мәдени факторларды зеттеу барысындағы клиникалық бақылауға назар аударылады.

           Э.Эриксон жасаған «адам жасының сегіз кезеңі»өз кезегінде жеке тұлға теориясына қосылған маңызды және түбегейлі еңбек болып табылады.

           Оның мәдениетті тұлғаның дамуына тигізетін әсерді көрсетуге жасалған қадамы көптеген зерттеушілердің еңбегіне бастама болды.Осының нәтижесінде бүгінгі таңдағы адамзат кездесіп отырған негізгі психологиялық мәселелерді зерттеуге құлшыныс байқалды.

            Эго-психологияның пайда болуындағы негізгі аспектілер әлеуметтік және мәдени ортадағы тұлғаның дамуына әсер ететін туысқандық теорияның пайда болуына алып келді.

            А.Адлер мен Э.Эриксон көрсеткен бағыт бойынша,бұл теорияда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың талдау жолдары бүкіл жеке тұлға мен мотивациялық процестердің іске асырылуы үшін жаңа жолдар іздестірілді.Бұл теорияныңнегізін қалаушылар З.Фрейдтің адам табиғатында кездесетін инстинтивті сексуалдық мотивінен бас тартты.

             Сонымен,тікелей Эрик Эриксонға келсек,ол 1902жылы Германияның Франкфурт қаласында дүниеге келген.Жоғарыда аталған оқымыстылардан айырмашылығы-Э.Эриксон арнайы жоғары білім алмаған.Бірақ сонысына қарамай,оның тарихқа және өнерге деген ынтызарлығы мен құштарлығы зор болған.Әсіресе,1927жылғы оның Венада З.Фрейд әулетімен танысуы және осы тұстан бастап  оның псхоанализ теорияларына назар аудара бастауы онын өмірінің басқа арнаға ауысуына әсер етті.1927-1933 жылдары Анна З.Фрейдтің басшылығымен психоанализді тереңдете зерттеуге көшті.

               Оның психоанализдік көзқарасының қалыптасуына АҚШ-тың Гарвард университеті көп көмегін тигізді.Баланың дамуына мәдениеттің әсерін зерттеу оның негізгі тақырыбына айналды.Бұған 1950 жылы щыққан «Балалық щақ және қоғам»атты еңбегі дәлел бола алады.Бұдан өзге «Лютердің жастық шағы: психоаналитикалық және тарихи зерттеулер»(1958),«Идентикация:жастық шақтың кризисі»(1968),«Жастық шақ:өзгерістер мен шақырулар»(1963),атты еңбегінен кейін ол әлемдік эго-психологияның жетекшісі ретінде танылды.Э.Эриксонның бүкіл шығармалары осы эго-психологияның дамуына үлкен әсерін тигізді.Оның ісін өзімен қатар көптеген шәкірттері де жалғастырды.

                                                                                                                                                                     

                 Эго-психология:психоанализдің дамуының жемісі.

 

       Э.Эриксонның теориялық қалыптасуы тікелей эгоның дамуына арналған.Бірақ оны Эриксон «Фрейдтің психосексуалдық даму тұжырымдамасының жай ғана жалғасы» деп қана көрсетеді.Дегенмен,Э.Эриксон батыл қадам жасау арқылы әлеуметтік және биологиялық ғылымдар үшін ашық тың жаңалығында төрт негізгі пункт арқылы классикалық психоанализден біршама қашықтап кетті.Біріншіден, Э.Эриксон идтен эго акцентіне қарай шешімді түрде қадам жасады.Аталған эго-психология тұрғысында адам табиғатын қарастыру көне психодинамикалық ойлау жүйесіне қарағанда адамның өзекті проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарады.Екіншіден, Эриксон индивидтің ата-анамен қарым-қатынасында жаңа көзқарастар қалыптастырады. Үшіншіден, Эго дамуының теориясында индивидтің барлық өмір сүру кезеңі қалыптастырылады.Ал төртіншіден,З.Фрейд пен Э.Эриксонның психосексуалдық конфликтіні шешудегі көзқарастары екі түрлі.

...

Скачать:   txt (69.3 Kb)   pdf (199.1 Kb)   docx (27.9 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club