Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в ЖШС “Мұнайтелеком”

Автор:   •  Май 16, 2022  •  Отчет по практике  •  2,262 Слов (10 Страниц)  •  205 Просмотры

Страница 1 из 10

Мазмұны

 Кіріспе

  1. ЖШС “Мұнайтелеком” кәсіпорынына жалпы сипаттама
  2. «Мұнайтелеком» ЖШС ұйымдық құрылымы
  3. Персоналдың құрамы мен құрылымын талдау
  4. Персоналдың еңбегін ынталандырудың қолданыстағы жүйесін талдау
  5. «МҰНАЙТЕЛЕКОМ» ЖШС әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістерден тұратын өзіндік ынталандыру жүйесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

   


Кіріспе

Мен, Нурсултан Камиля Муханбетханафияқызы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 8 шағынауданы, 41 ғимарат ЖШС “Мұнайтелеком” кәсіпорынында 21.03.2022 – 07.05.2022 уақыт аралығында диплом – алды тәжірбиеден өттім.

Зерттеу нысаны: ЖШС “Мұнайтелеком” кәсіпорыны.

«Мұнайтелеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –«Казахстаннефть» бірлестігі жанындағы  1966 жылы «Байланыс кеңсесі» болып құрылған батыс өңіріндегі кәсіпорынның бірі. 1998 жылы «Мұнайтелеком» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік болып құрылды.

Зерттеу мақсаты: дипломдық жобаның жетекшісімен келісілген таңдалған тақырыпқа және жоспарға сәйкес дипломдық жобаны орындау үшін қажетті материалдарды жинау, сондай-ақ теориялық білімді тереңдету және бекіту, мамандық бойынша өзіндік жұмысқа дайындау болып табылады

Зерттеу міндеттемелері:  

* өндірістік тәжірибе бойынша есеп жазу үшін қажетті материалдарды жинау және жүйелеу, сондай-ақ алдағы дипломдық жұмысқа материалдарды жинақтау және талдау;

* жалпы және нақты экономикалық пәндерді оқу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету;

* қарапайым экономикалық есептеулердің біліктері мен дағдыларын игеру;

* ұйыммен және оның қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;

* осы Ұйымның халықаралық байланыстарды (экономикалық, сауда, қаржы, көлік, ғылыми) дамытудағы немесе халықаралық қызметтің басқа түрлеріндегі рөлін зерделеу;

* кәсіпорынды басқару және сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін зерттеу;

* бөлімнің ағымдағы қызметіне тікелей қатысу және т. б.

Зерттеу негізге 4 бөлімнен тұрады: ЖШС “Мұнайтелеком” кәсіпорынына жалпы сипаттама, кәсіпорынның ұйымдастырушылық сипаттамасы, персоналдың еңбегін ынталандырудың қолданыстағы жүйесін талдау, кәсіпорынның маркетингтік ортасы.

  1. ЖШС “Мұнайтелеком” кәсіпорынына жалпы сипаттама

«Мұнайтелеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –«Казахстаннефть» бірлестігі жанындағы  1966 жылы «Байланыс кеңсесі» болып құрылған батыс өңіріндегі кәсіпорынның бірі. Кейінірек, 1970 жылы «Казахстаннефть» өндірістік бірлестігі «Маңғышлақмұнай», өндірістік бірлестігі болып қайта аталды, бұдан әрі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі болып атауы өзгерді. 1998 жылы «Мұнайтелеком» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік болып құрылды[1].

Кәсіпорын Маңғыстау түбегінің мұнай кәсіпшілік кенттерін, елді мекендерін: Ескі Жетібай, Мұнайшы, Қызыл-Төбе, Ынтымақ, Бозашы түбегі мен Ақтау қаласын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіреді, біздің жердегі  мұнай байлығын игеруде тікелей ықпал етеді, әр түрлі санаттағы тұтынушыларға есептелген кең қызмет түрлерін көрсетеді және аймақта орнықты позицияларды алып отыр. Серіктестіктің негізгі  қызмет түрлері  төменде көсетілген сервистік қызметтер көрсету болып табылады:

  • Өлшеу құралдары, автоматика және телемеханика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
  • Метрологиялық қамту: өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу;
  • Телекоммуникациялық қызмет көрсету, стационарлық және жылжымалы радиобайланыс;
  • Өрт және күзет дабылдамалары құралдарын монтаждау, баптау және қазмет көрсету;
  • Технологиялық жабдықтарды, желілерді, байланыстың техникалық құралдарын және телемеханика, автоматика БӨҚ құралдарын монтаждау және баптау;
  • Түбектің мұнай кен орындарында кабельдік және спутниктік теледидар қызметін көрсету;
  • Бейнебақылауға техникалық қызмет көрсету;
  • Автоматика және телемеханика, күзет өрт дабылдамалары, байланысқа құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Кәсіпорынның негізгі қызмет аясы:

  • Көлік құралдарының спутниктік мониторингі:

«Мұнайтелеком» ЖШС көлікке GPS-мониторингін жүйесін енгізу және сүйемелдеуді және Wialon жүйесі негізінде жанармай шығынын бақылау қызметтерін ұсынады.

Кәсіпорынның міндеті – тұтынушыларға қазіргі логистиканы анықтауға, өзінің нақты шығындарын және тасымалдау экономикасын анықтауға, ұжымның жауапсыз қызметкерлерін шығару және қаражат үнемдеу резервтерін табуға мүмкіндік беретін жаңаша құрал ұсыну.

  • IT-блогын, серверлік   жабдықтардан бастап компьютерлік және ұйымдастыру техникасы, кеңсе техникасы, шығыс материалдар және жинақтаушылар жеткізуге дейінгі техникалық қолдау, сүйемелдеу. IT-аутсорсинг қызметтерін ұсынады. 
  • Метрологиялық қамту: өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу

«Мұнайтелеком» ЖШС телекоммуникация саласында әрбір абонентке қазіргі заманғы қызметтерді таңдаудың кең мүмкіндіктерін ұсынады: Қаламқас, Жетібай мұнай кәсіпшіліктерінен және оларға іргелес жатқан шағын кен орындарынан деректерді беруді ұйымдастыру, жаһандық компьютерлік желіге қосылу, әртүрлі ақпараттық қызметтерді ұсыну, сондай –ақ шағын АТС, байланыс жүйелерін монтаждау және баптау, объектілерді телефондандыру бойынша қызметтерді көрсету. жылжымалы радиобайланысты ұйымдастыру. Компанияның ерекше сипаты клиенттерге қызмет көрсету жүйесі, байланыс қызметтеріне өтінімдерді орындаудың жеделдігі, ұсынылатын қызметтер мен клиенттерге қызмет көрсету сапасы болып табылады.

...

Скачать:   txt (37.1 Kb)   pdf (178.9 Kb)   docx (42.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club