Лекции по "Микроэкономике"
Автор: Zhuanysheva • Июнь 12, 2023 • Курс лекций • 4,134 Слов (17 Страниц) • 197 Просмотры
1-тақырып. Микроэкономика пәні және әдістері
Тәжірибе сабағының жоспары:
- Микроэкономика пәні.
- Микроэкономикалық талдаудың принциптері.
1.Қазіргі микроэкономика пәні. Микроэкономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі және таңдау. Экономиканың басты сұрақтары: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Ресурстар көлемінің қай бөлігін ағымды тұтыну үшін, ал қайсысын болашақ үшін қолдану керек?
Экономикалық таңдауларды бір жүйеге келтіру. Шектеулі ресурстарды бөлуде нарық пен бағаның ролі. Жеке экономикалық субъектілердің ұтымды іс-әрекеттерін баға мен нарықтың көмегімен жүйелендіру.
Экономикалық құбылыстарды талдаудың методологиясы. Микроэкономикалық талдауда ықшамдау мен болжаудың ролі. Себеп-салды байланыстарды анықтау- микроэкономикалық теорияның негізгі мақсаты. Теория және микроэкономикалық модельдер.
Модельдерді құрастыру. Экономикалық модельдердің мақсаты. Экономикалық айнымалылар. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикалық субъектілердің әрекеті туралы болжамдар. Ауызша, графикалық және математикалық модельдер.
Теорияның қажеттілігі, мақсаттары және тәжірибелік мәні. Теория және тәжірибе. Теория және болжамдар. Теория және саясат.
2-тақырып. Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе-теңдік
Тәжірибе сабағының жоспары:
1.Нарықтық экономикалық жүйе.
2.Нарықтың негізгі субьектілері.
1.Нарық қызметінің механизмінің талдауы. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныс мөлшерінің өзгерісі. Сұраныстағы өзгерістер. Сұраныстың бағалы емес факторлары және оларды талдау. Сұраныс функциясы. Сұраныс функциясын белгілеу тәсілдері: кестелік, графиктік және аналитикалық. Сұраныс заңынан ауытқулар. Гиффен парадоксы, «Веблен эффектісі». Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс функциясы. Ұсыныстың бағалы емес факторлары.
Нарықтық тепе-теңдік. Нарықтың сұраныс пен ұсыныс өзгерісіне реакциясы. Сұраныс қисығының ығысу эффектісі. Нарықтық тепе-теңдік тұрақтылығы. Нарықтық тепе-теңдігінің статикалық үлгісі. Нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық немесе «өрмекші тәрізді» үлгісі. Нарықта болатын мүмкін жағдайлар: 1. Кез-келген баға кезінде ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшерінен көп. 2. Нольдік емес ұсыныстың минималды бағасы сұраныстың максималды мүмкін бағасынан артық. 3. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысатын екі нүктенің болуы. 4. Сұраныс пен ұсыныс түзулерінің жалпы тік (бағалы) участоктың болуы. 5. Сұраныспен ұсыныс түзулерінің жалпы көлденең (көлемді) участоктың болуы.
Сұраныс пен ұсыныс талдауын өкіметтің экономикалық саясатын бағалау үшін қолдану. Салық салу салдарының анализі, ұлттық экономиканы шетел бәсекесінен қорғаудың салдарының анализі, бағаны өкіметтің реттеуі және оның салдары.
2.Жеке және нарықтық сұраныс, жеке және нарықтық ұсыныс. Нарықтық сұраныс пен ұсыныс факторлары.
Баға бойынша сұраныс икемділігі (БСИ). Нарықтық сұраныс қисығы бойынша БСИ коэффициентін есептеу. Нүктелі икемділік, доғалы икемділік, нольдік және шексіз икемділік. Баға бойынша сұраныс икемділігі және сұраныс қисығының көлбеулігі. БСИ өзгерісінің шектері: икемді және икемсіз сұраныс, бірлік икемді сұраныс.
Табыс бойынша сұраныс икемділігі (ТСИ). ТСИ коэффициентінің сандық мәнін тауарларды сапа бойынша классификациялау үшін қолдану. Сұраныстың тоғыспалы икемділігі және өзара ауыспалы, өзара толықтырушы тауарлар.
Сұраныс икемділігін анықтайтын факторлар: субститут тауарлардың болуы, баға өзгерісіне бейімделу уақыты, өнімге бөлінген тұтыну бюджетінің бөлігі, тұтынушылар консерватизмі, тұтынушы табысының деңгейі және т.б.
Сұраныс қисықтары және тұтынушы ұтысы.
Баға бойынша ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі және ұсыныс қисығының көлбеулігі. Ұсыныс икемділігінің факторлары: басқа тауарлардың (ресурстардың) бағасы, уақыт факторы, ресурстарды пайдалану деңгейі, саланың монополизациялануы мен капитал қозғалысының деңгейі, өндіріс өзгерісінің технологиялық ерекшеліктері.
...