Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Капиталдық шығындар

Автор:   •  Июнь 20, 2018  •  Курсовая работа  •  9,129 Слов (37 Страниц)  •  895 Просмотры

Страница 1 из 37

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Өнеркәсіптік ауданның торабын жобалауға арналған бастапқы мәліметтер;

3. Техникалық-экономикалық есептулердің негізінде өнеркәсіптік ауданның электірлік торап сұлбасын таңдау;

3.1Электірлік жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, электірлік сұлбаны таңдау;

3.1.1 Электірлік тораптың  конфигурациясын таңдау;

3.1.2 Активтік және реактивтік қуаттардың тұтынылуы. Қуаттар балансы;

3.1.3 Электірлік торапта кернеуді реттеу құралдарын таңдау;

3.2 Ажыратылған сұлба;

3.2.1 Ажыратылған сұлба үшін төмендеткіш қосалқы станциялардың трансформаторларын таңдау;

3.2.2 Құрылымдық орындалуы, тізбектердің саны мен ауа желілерінің қимасын таңдау;

3.3 Тұйықталған сұлба;

3.3.1 Тұйықталған сұлба үшін төмендеткіш қосалқы станциялардың трансформаторларын таңдау;

3.3.2 Құрылымдық орындалуы, тізбектердің саны мен ауа желілерінің қимасын таңдау;

4. Капиталдық шығындар;

4.1 Капиталдық шығындардың ажыратылған сұлбасын есептеу;

4.2 Капиталдық шығындардың тұйықталған сұлбасын есептеу;

5. Электр энергиясының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

5.1 Электрлік тораптың орын басу сұлбасын құрастыру және оның көрсеткіштерін анықтау;

5.2 Электрлік тораптың орындалған режимінің көрсеткіштерін анықтау;

6. Қорытынды

7. Әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Энергетикалық жүйе (энергожүйесі) электр энергиясы өндірісінің, таратылуының және тұтынылуының үзіліссіз үрдісінде бұл режимді жалпы басқару барысында режимнің жалпылығымен байланысқан электр станцияларынан, электр тораптары мен элетр энергиясы тұтынушыларынан тұрады.

Электр торабы – қосалқы станциялардан, тарату құрылғыларынан, ауа және кабел электр тасымалдау желілерінен құралатын электр энергиясын таратуға арналған электр қондырғылардың жиынтығы. Электр энергиясын тұтынушыларға электр станциясының таратылуы электрлік торап бойынша жүзеге асырылады.

Электр тораптарының топтастырылуы тоқтың түрі, номиналдық кернеуі, орындайтын функциялары, тұтынушының сипаты, торап сұлбасының конфигурациясы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Тоқтың түрі бойынша айнымалы және тұрақты тоқ тораптары ажыратылады; кернеуі бойынша: жоғарыдан тыс кернеу –330 кВ артық кернеу,жоғары кернеулік – 3–тен 220 кВ дейінгі , төменгі кернеулік – кернеу 1 кВ кіші болуы мүмкін.

Торап сұлбасының конфигурациясына байланысты тораптың сұлбалары тұйықталған және ажыратылған болып бөлінеді.

Орындайтын функциялары бойынша жүйе құраушы, қоректендіруші және таратушы болып бөлінеді.

Кернеуі 330-ден 1150 кВ дейінгі жүйе құраушы тораптар қуатты электр станцияларын біріктіре отырып, және олардың бәртұтас объекті ретінде қызмет атқаруын қамтамасыз ете отырып, біріктірілген энергиялық жүйелердің қалыптасуын жүзеге асырады және бір мезгілде қуатты электр станцияларынан электр энергиясының тасымалдауын қамтамасыз етеді. Жүйе құраушы тораптар жүйелік байланыстарды жүзеге асырады және энергиялық жүйелер арасындағы ұзындығы өте үлкен жүйелік байланыстарды орындайды. Жүйе құраушы тораптардың режимімен біріктірілген диспетчерлік басқарудың диспетчері басқарады (БДБ немесе ОДУ).

Қоректендіруші тораптар жүйе құраушы тораптың қосалқы стансиясынан және электр станциясының 110-нан 220-кВ дейінгі шиналардан бөлшектеп тарату тораптарының қоректендіру центіріне- аудандық қосалқы станцияларға электр станциясын тасымалдауға арналған. Қоректендіруші тораптар көбінесе тұйық етіп орныдалады. Бұл тораптардың кернуі 110-нан 220 кВ дейін құрайды. Жүктемелердің тығыздығы, электр станциясының қуаты және электірлік тораптардың ара-қашықтығы өскен сайын қоректендіруші тораптардың кернеуі 500 кВ дейні өседі.

...

Скачать:   txt (76.7 Kb)   pdf (3.8 Mb)   docx (4.2 Mb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club