Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Arnau Group ltd” ЖШС нің қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Реферат  •  6,374 Слов (26 Страниц)  •  237 Просмотры

Страница 1 из 26

Мазмұны

Кіріспе 

  1. “Arnau Group ltd” ЖШС нің жалпы сипаттамасы және оны басқару құрылымы
  2. “Arnau Group ltd” ЖШС нің қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері

           3.“Arnau Group ltd” ЖШС нің қызметін талдау

           4. “Arnau Group ltd” ЖШС-нің маркетингтік қызметін талдау

           5. “Arnau Group ltd” ЖШС-нің қаржылық және бухгалтерлік есептерімен  танысу                

           Қорытынды

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

        Қосымша А

        Қосымша Б

         

          Кіріспе 

Қаржы («қолма қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) тауар ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтың жүйелі тауар ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланыста болды.  Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары, тауар ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.

Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржы ресурстарының айрықшылықты нысанын қабылдайтын ақша қаражаттарының қозғалысымен міндетті түрде қосақталып бірге жүреді. Қаржының  жұмыс істеуінің шарты ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржы мемлекетке ғана емес сонымен қатар көптеген кәсіпорындарға, ұйымдарға қажет. Өйткені, коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерге материалдық сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды болу және пайда алу үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Осы экономикалық қатынастарды жүзеге асырушылардың бірі құрылыс компаниялары тұтыну нарығында жоғары сұраныс көрсеткішіне ие.

 Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал бағасының арзандауына ықпалын тигізеді.  Экономиканың әртүрлі салаларында және ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін.

Құрылыс — өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады.

Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі тетігі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады. Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу үрдісі.

Тендерлер келісім–шартқа сәйкес алған міндеттемелерін орындауға материалдық тұрғыдан кепілдік беретін жұмысты орындаушыларды конкурстық негізде іріктеудің негізгі әдісі болып табылады. Тапсырыс берушілер баға, сапа, мерзім көрсеткіштері арқылы келісім-шарттардың немесе мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарына қол жеткізеді. Тендерлік әдісті пайдаланудың негізгі артықшылығы – бәсекелестік жағдайын туғызу. Сол арқылы, бірнеше жеткізушілер мен мердігерлерді тарту кезінде құрылыс қызметтері нарығындағы монополиялық жағдайды жоюға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда құрылыс жұмыстарының бағасын арзандатуға, ғимараттар мен құрылғыларды жобалау мен құрылысын жүргізуге кететін уақытты қысқартуға, атқаратын жұмыстардың сапасын арттыруға болады.  Сонда да көптеген инвесторлар тапсырыстарды өздерінің тікелей қатынастардағы, жергілікті мердігерлік ұйымдарына беруде, себебі инвесторлар бөгде ұйымдарға, сырттан келген мердігерлерге толық сенбейді немесе  мердігерлердің біліктілік деңгейі белгісіз, тапсырыс берушінің тендерлерді ұйымдастырудағы тәжірибесі аз, үміткерлерді алдын-ала жіктеу тәжірибесінің қолданылмауы, «сыбайластық» және басқа жағдайлар әсерін тигізеді.  Сондықтан,  мердігерлік  құрылыс  ұйымдарының  өздері тендерлер мен конкурстарға қатысуда толық тәжірибе жинақтамаған, олар өздерінің конкурсқа ұсынып отырған шарттарын тиімді түрде, анық жеткізе алмайды.

...

Скачать:   txt (100.5 Kb)   pdf (307.7 Kb)   docx (243.5 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club