Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Казфосфат" ЖШС компаниясынын тарихы

Автор:   •  Апрель 21, 2023  •  Реферат  •  891 Слов (4 Страниц)  •  314 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗФОСФАТ" ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

"Қазфосфат" ЖШС компаниясы 1999 жылы қазан айының 27 күні құрылған. Компанияның бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның іс-әрекеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы жүзеге асырылады. "Қазфосфат" компанияның құрылуымен негізгі міндеті өндірісті жаңарту ,әлемдік нарықта жоғалған байланыстарды қалпына келтіру,тауарлық өсімді өткізу географиясын кеңейту және оның жаңа түрлерін шығару болды.Жалпы компанияда 6 мыңнан астам адам қызмет атқарады.

"Қазфосфат" -өз меншігінде фосфаттарды өндіруден бастап темір жол-көлік кешенімен жеткізуге дейінгі толық желісі бар және фосфаттарды түпкілікті өнімге өңдейтін қазақстандық компания. Кәсіпорын негізінен өнімді Шығыс және Батыс Еуропа нарықтарына, ТМД елдері мен Қытайға экспорттайды.

Компания қызметінің негізгі түрлері: 

геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, 

фосфорит рудасын шығару және өңдеу, 

сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлыминералды тыңайтқыштар мен азықтықфосфаттарды өндіру және өткеру,

минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіпөнімдерін шығару.

Кәсіпорын ISO 9001:2008, BS OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004, SA 8000:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкесжұмыс істейді.

Қазфосфат ЖШС құрамына кіретінкәсіпорындар:

•€Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

•€Минералды тыңайтқыштар зауыты

•€Қаратау тау кен өндіру кешені

•€Шолақтау тау кен өндәру кешені

•€Теміржол көлік кешені

•€Степногор химиялық зауыты

•€Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты.[1]

 

[pic 1]

1-сурет. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының ғимараты.

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты - сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты келесі өнім түрлерін шығарады:

​сары техникалық фосфор;

техникалық сары фосфор (тазартылған);

техникалық натрий триполифосфаты;

натрий триполифосфаты тағамдық;

натрий гексаметафосфаты;

термиялық ортофосфор қышқылы (техникалық және тағамдық);

электротермиялық феррофосфор;

түйіршіктелген электротермофосфорлы қождар.

 

[pic 2][pic 3]

2-сурет. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

 

Минералды тыңайтқыштар зауыты.Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, азықтық фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт. Зауыт 449,2 га жерді алып жатыр.

Оның құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:

•€фосфорлы-азотты тыңайтқыштар — аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;

•€қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;

•€сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;

•€нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;

•€Азықтық үшкальцийфосфат өндірісі 27% P2О5;

•€Азықтық кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5;

Тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан рыноктарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранныңфосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру үшін үлкенжұмыстар атқарылуда.

2022 жылы "Қазфосфат" Тараз филиалы қуаттылығы жылына 1 млн тонна минералдытыңайтқышқа жететін жаңа минералдытыңайтқыштар цехын ашты.[2]

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (107.9 Kb)   docx (203.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club