Есеп беру «CG Foods Central Asia» компаниясы
Автор: aseiy588f • Октябрь 1, 2021 • Отчет по практике • 7,175 Слов (29 Страниц) • 325 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
«АСТЫҚ ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» кафедрасы
Кәсіптік тәжірибені өту туралы
(Дипломалды практика)
ЕСЕП БЕРУ
Орындаған студент | ТХ-17-11 | Қуандықова А.Қ. |
(тобы) (қолы, тегі,аты-жөні)
Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі М.О. | ___________________ (қызметі) | ______________________ (қолы, тегі,аты-жөні) | ||
Университеттегі тәжірибе жетекшісі М.О. |
(қызметі) |
(қолы, тегі,аты-жөні) |
АЛМАТЫ 2021
Мазмұны
1. Кәсіпорынмен танысу....................................................................................... 3
1.1 Өндірісті тазалық пен техника қауіпсіздігі ...................................................4
2. Өндірістік технологиялық бөлімдері ...............................................................4
2.2 Макарон өнімдеріне қысқаша сипаттама, негізгі қасиеттері және тағамдық құндылығы.............................................................................................................6
2.3 Макарон өнімдерінің сапасын қалыптастыратын факторлар....................9
3. Макарон өнімдері өндірісінде қолданылатын шикізаттарға сипаттама және олардың сапасына әсері........................................................................................9
3.1 Негізгі шикізаттар.........................................................................................10
3.2 Қосымша шикізаттар.....................................................................................11
3.3 Макарон өнімдерінің классификациясы .....................................................12
3.4 Қоспаларды дайындау...................................................................................16
4.Дайындаманың жоғарғы температуралық режимі және қамырды формалау...............................................................................................................17
5 Макарон өнімдеріне қойылытын талаптар.....................................................25
6.Қорытынды........................................................................................................29
7.Қолданылған әдебиеттер..................................................................................30
1.Кәсіпорынмен танысу.
«CG Foods Central Asia» компаниясы
«CG Global» корпорациясының еншілес кәсіпорны «CG Foods Central Asia» компаниясы 2019 жылдың наурызында өндірісті іске қосып, жылына 1100 тонна өнім шығаруды жоспарлауда.
Өнім дайындауда отандық (жергілікті) шикізат: ұн, тұз, қант, сары май және басқа компоненттер қолданылады. 70% — жергілікті шикізат, 30% — Малайзия, Сингапур және Үндістаннан алынған шикізат. Кеспе 2019 жылдан бастап Орталық Азия елдеріне экспортталады.
«CG Foods Central Asia» компаниясы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерде сатылым нарығын қалыптастырған, сонымен қатар, корпорацияның өнімі Үндістан нарығының 60% -ын қамти алады. Әлеуетті тұтынушылар саны шамамен 200 миллионға жуық адамды құрайды, бұл – өте үлкен көлемді нарық. Түркістан облысында кеспе «Wai-wai» брендімен шығарылады, ол тай тілінен аударғанда «тез-тез» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұтынушылар үшін өнімнің маңызды тұсы – барлық өнім халал болады.
Инвестициялық жобаны қолдау аясында «TURKISTAN INVEST» компаниясының ұжымы инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Құжаттарды дайындаудан бастап жерге қатысты, техникалық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге дейін бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетуде.
«CG Global» корпорациясының иесі Бинод Чоудхари 2013 жылы Forbes тізіміне енген. Әлемнің 30-дан астам елінде 11 түрлі бағытта жұмыс істейтін 80 компаниясынан құралған (6 мың қызметкер) империяны құру үшін оған 40 жыл қажет болды. Бүгінде оның байлығы $ 1,5 млрд.құрайды.
1.1 Өндірісті тазалық пен техника қауіпсіздігі
1. Алдын-ала әр жұмысқа түсуші жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеті:
...