TNS-INTEC ЖШС активтерін қалыптастыру көздерін талдау
Автор: Альбина Жантемірова • Декабрь 6, 2018 • Реферат • 1,789 Слов (8 Страниц) • 902 Просмотры
«TNS-INTEC» ЖШС активтерін қалыптастыру көздерін талдау
«TNS-INTEC» компаниясы 1997 жылы құрылған, ол ең ірі инновациялық жобалар құрастырып, ҚР барлық аумағы мен таяу шетелге автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізеді. Талдауды жүргізу үшін біз активтердің өзгерісін талдауды ұйғардық. Себебі оларды қалыптастыру көздерін талдау үшін, бірінші кезекте активтердің қаншалықты өзгегені мен олардың құрылымын қарастыру қажет.
1-кесте – «TNS-INTEC» ЖШС активтерін көлденең талдау
Көрстекіштер | Жылдар | 2015-2016 жж өзгерісі | 2016-2017 жж өзгерісі | ||||
2015 ж | 2016 ж | 2017 ж | Мың теңге | % | Мың теңге | % | |
I. Қысқа мерзімді активтер | 7 145 936 | 7 283 363 | 7 885 562 | 137 427 | 1,92% | 602 199 | 8% |
Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері | 306 381 | 59 017 | 20 395 | -247 364 | -80,74% | -38 621 | -65% |
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар | 1 340 282 | 1 506 724 | 1 362 182 | 166 442 | 12,42% | -144 542 | -10% |
Босалқы қорлар | 5 172 969 | 4 956 176 | 6 088 228 | -216 792 | -4,19% | 1 132 052 | 23% |
Ағымдағы салықтық активтер | 104 931 | 70 513 | 110 337 | -34 417 | -32,80% | 39 824 | 56% |
Өзге қысқа мерзімді активтер | 221 374 | 690 933 | 304 419 | 469 559 | 212,11% | -386 514 | -56% |
II. Ұзақ мерзімді активтер | 2 404 049 | 3 466 523 | 2 515 734 | 1 062 474 | 44,20% | -950 788 | -27% |
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар | 2 031 248 | 1 977 762 | 62 735 | -53 486 | -2,63% | -1 915 027 | -97% |
Негізгі құралдар | 337 611 | 1 455 249 | 1 326 593 | 1 117 638 | 331,04% | -128 656 | -9% |
Материалдық емес активтер | 26 539 | 21 275 | 91 788 | -5 264 | -19,83% | 70 513 | 331% |
Кейінге қалдырылған салықтық активтер | 5 857 | 5 857 | 5 857 | 0 | 0,00% | 0 | 0% |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 2 794 | 6 380 | 1 028 762 | 3 586 | 128,33% | 1 022 382 | 16025% |
БАЛАНС | 9 549 985 | 10 749 886 | 10 401 296 | 1 199 901 | 12,56% | -348 590 | -3% |
Ескерту: [1] әдебиет негізінде автормен құрастырылған |
Қысқа мерзімді активтер 2015 жылы 7 145 936 мың теңгені құрады. Олар 2016 жылы 137 427 мың теңгеге өсіп, өзгерісі 1,92% құраған, 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 602 199 мың теңгеге өсіп, өсімі 8% құрады.
Қысқа мерзімді активтердегі ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда -247 364 мың теңгеге (-80,74%) азайған, ал 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда -38 621 мың теңгеге (-65%) азайды.
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар 166 442 мың теңгеге (12,42%) өсті, ал 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда -144 542 мың теңгеге (-10%) азайды.
...