Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкрдің қаржылық сауаттылығы

Автор:   •  Август 20, 2020  •  Лекция  •  1,111 Слов (5 Страниц)  •  400 Просмотры

Страница 1 из 5

Модуль 7 сабақ 25

2014 жылы қаржы нарықтарының талдауымен айналысатын Standard&Poors

рейтингтік агенттігі əлем халқының қаржылық сауаттылығын зерттеген еді. Осы зерттеудің

мəліметтері бойынша Қазақстанның қаржылық сауаттылық көрсеткіші небəрі 40%-ды

құрады. Демек, халықтың басым бөлігі қаржы туралы қарапайым дағдылар мен білімге ие

емес болып шыққан. Ендеше кəсіпкерге қаржылық сауаттылық қажет пе жəне ол нені

білдіреді? Бүгінгі сабақта осы сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

Кəсіпкердің қаржылық сауаттылығы

Сізбен бірге қарапайым қаржылай сауатсыз адамның портретін құрастырайық.

Мысалға оның аты Азамат болсын. Азамат – айына 150 мың теңге табатын қарапайым

менеджер. Ол қалада досымен пəтер жалдап тұрады. Азамат жалақысын айдың 1-і

кездерінде алады, бірақ айлығы əр уақытта жетпей жүреді. Өйткені күнделікті

шығындардан басқа, кейде қызбен серуендегісі келеді. Кейде Азамат серуендеуге

жалақысының 1/5 бөлігін жұмсайды. Жігіт көбіне қарызға ақша алады немесе ломбардқа

əкесі сыйға тартқан сағатын я болмаса смартфонын өткізеді. Тез байып кетуді ойлайтын

Азамат онлайн-казинода ойнайды, букмекерлік кеңседе ұтыс тігеді, лотерея билеттерін

сатып алады жəне қаржы пирамидаларына ақша салады. Алайда ол қомақты ақша ұтып

алмады, қайта ұтқан жəне жоғалтқан ақшаның жалпы санын есептесеңіз, Азамат өзінің

айлық жалақысының 2-нен айырылып қалғанын көреміз. Сондай-ақ Азамат күн сайын

таңертең кофе мен таңғы ас ішіп, асханаға 1000 тг қалдырады. Шығыс көзге көрінбеуі

мүмкін, бірақ 30 күнде 30 мың теңге, ал жылына 360 мың шығады екен. Азаматтың

шамамен 2,5 жалақысы. Жақында «Қара жұмада» Азамат екі жыл мерзімге бөліп төлеу

арқылы жаңа iPhone алды, ол бір жыл бұрын соңғы сатылымда да дəл осылай жасаған

болатын.

Осылайша шексіз жалғаса беруі мүмкін. Сіз бұл жігітті таныдыңыз ба? Ондай

Азамат əрқайсымызда бар шығар. Бірақ Азамат қарапайым жігіт қой дерсіз. Бұл жерге

кəсіпкердің қандай қатысы бар болуы мүмкін? Ал мен сізге кəсіпкерлер қарапайым

адамдарға қарағанда 2 есе қаржылық сауатты болуы керек екенін айтқым келеді.

Нина Путий – қаржы жөніндегі кеңесші

Іс жүзінде кəсіпкердің қаржылық сауаттылығы – бұл ең бастысы. Кəсіпкер қаржылық

сауатсыз болмауы тиіс. Кəсіпкер білуі тиіс қарапайым нəрселер қажет. Өнім қандай сомаға

дайындалуы жəне сатылуы мүмкін. Оны жасау үшін қанша шығын жұмсайды. Тек табысты

өндіріс кəсіпкерге тиімді болады.

Қаржылық сауаттылыққа алғашқы қадам – сіздің қаржыларыңыз туралы ақпаратқа

ие болу. Сұраққа жауап беріңізші – картада, əмиянда жəне депозитте қанша ақшаңыз бар?

Осы айда сіз азық-түлікке қанша ақша жұмсадыңыз? Бұл сұрақтарға қаржы жағынан

сауатты адам еш ойланбастан жауап беруі керек болса, бизнесмен мына сұрақтарға жауап

бере алуы керек: «Клиенттердегі конверсияңыз қалай? Осы айда сізде қанша сатылым

болды жəне сіз қанша ақша таптыңыз?».

Ақша туралы ақпаратты білу үшін оларды санау керек. Сіз компаниядағы

бухгалтерлік есепті жүргізе аласыз. Бірақ бұл үшін бухгалтер жалдап, арнайы

бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу қажет. Кəсіпкерлікті алғаш бастаған адамға

компьютерде Excel бағдарламасында кесте құрып, соған кірістер мен шығыстар атауы мен

күнін жазып отыру керек.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (51.1 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club