Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнім сапасын сараптау

Автор:   •  Апрель 22, 2020  •  Реферат  •  2,780 Слов (12 Страниц)  •  651 Просмотры

Страница 1 из 12

КІРІСПЕ

Экономикалық нарықтағы  сапа мәселесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздікті,  тұрмыс деңгейін жоғарлатудың маңызды факторы болып табылады.  Сапа- стратегиялар құру, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және т.б. қызметтердің барлық жақтарының тиімділігін сипаттайтын, комплексті ұғым. Сапаның барлық жүйесінің маңызды бөлігі өнімнің сапасы болып табылады.   Қазіргі әдебиеттер мен практикаларда  сапа ұғымына әртүрлі  түсініктер бар.

Жобаның өзектілігі: сапа обьектісінің сипаттамасы және қасиетері адам өмірінде үлкен рөл атқарады.Сондықтан адамдармен қарым-қатынастағы барлық заттардың сапасын бақылау,сараптау маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы шешуге болады.Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келе жатыр.

Қазіргі уақытта бұл мақсатта ISO 9001 халықаралық стандарты қолданылып келеді.Бұл жүйенің негізгі принципі-өнім сапасын басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамту болып отыр.

Жобаның мақсаты: Қазақстандық шоколад өнімдерінің сапасын сараптай отырып, органолептикалық әдістер арқылы отандық өнімдердің сапасын салыстыру.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер орындалу тиіс:

Отандық шоколад өнімдерінен 2 түрлі өнімді таңдап алып, толық органолептикалық бақылау жүргізу және сапа көрсеткіштерін жіктеу.

Сапалы өнім мен сапасыз өнімді ажырату жолдары туралы мағлұмат беру.

Практикалық маңызы: Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жүйесінде сенсорлық, инструментальдік белгілерінің орнын көрсету,сапаның көрсеткіштерінің номенклатурасын, органолептикалық негіздерін көрсете отырып, адам өміріне қауіп төндіретін өнімдерді тұтынудың алдын алу.

Жобаның құрылымы: Жоба кіріспеден, екі негізгі тараудан, әрбір тарау жеке үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Бірінші тараудп теория түрінде мәліметтер келтірілсе, екінші тарауда теорияда айтылған мәліметтерді практикалық жұмыспен жалғастырдым. Қорытындыда курстық жұмысты дайындау барысында жасалған маңызды әрекеттер және жұмыстың нәтижелері жайлы баяндалған.

I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ ӨНІМ САПАСЫ МЕН БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ.

1.1 Cапа туралы ұғым.

Экономикалық нарықтағы  сапа мәселесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздікті,  тұрмыс деңгейін жоғарлатудың маңызды факторы болып табылады.  Сапа- стратегиялар құру, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және т.б. қызметтердің барлық жақтарының тиімділігін сипаттайтын, комплексті ұғым. Сапаның барлық жүйесінің маңызды бөлігі өнімнің сапасы болып табылады.   Қазіргі әдебиеттер мен практикаларда  сапа ұғымына әртүрлі  түсініктер бар.

        Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар сапаны ( стандарт ИСО-8402)   қасиеттер жиынтығы мен өнімнің немесе қызмет көрсетудің сипаттамасы ретінде анықтайды, себебі оларға шартты немесе болжалды қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігін береді. Бұл стандарт «сапаны қамтамасыз ету»,  «сапаны басқару», «сапа бұралымы» сияқты түсініктерді енгізді.   Халықаралық деңгейдегі сапаның талаптары  ИСО 9000 серияның стандарттарымен анықталған. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттардың алғашқы редакциясы  80 жылдардың аяғында шықты және сапалы жаңа деңгейдегі халықаралық стандарттаудың шығуымен белгіленді.  

ИСО 9000 сериядағы стандарттар   сапа жүйесін бағалау бойынша келісім шартқа жақындауда әлемде мойындалған, бірегейлікті құрды және өнімді тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы қатынасты  біруақытта регламенттерді. Басқаша айтқанда, ИСО стандарттары-  тұтынушыларға  қатал бағаланады. Сапаны пирамида түрінде келістіруге болады.

        Жоғарыдағы пирамидалар орналасқан TQM -  өнімнің қажетті сапасына жету үшін барлық жұмыстың  жоғары сапасымен ұйғарылатын, сапаның  жан-жақты,  барлығын қамтитын менеджменті. Ең алдымен, бұл жұмыс өндірістің жоғары организациялы- техникалық деңгейді қамтамасыз етумен байланысқан,  еңбек шарттарына тиісті.  Жұмыстың сапасы   басқарылатын шешімдерді, жоспарлау жүйесін қабылдауға негізделген.  Ерекше мәнге ие болатын жұмыстың сапасы  өнімді шығарумен тікелей байланысты. Мұнда жарамды өнімнің сапасы, тұтынушының пікірі бағаланады,  наразылықтар аназилделеді.

...

Скачать:   txt (38.6 Kb)   pdf (139.8 Kb)   docx (19.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club