Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйым және басқарушылық қызметтің сипаттамасы

Автор:   •  Сентябрь 25, 2023  •  Лекция  •  490 Слов (2 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 2

1 дәріс. Ұйым және басқарушылық қызметтің сипаттамасы

  1. Ұйым түсінігі және ұйымның жалпы сипаттамалары.
  2. Менеджмент түсінігі және менеджменттің негізгі функциялары.
  3. Басқарушының рөлдері. Басқару деңгейлері.

«Менеджмент – ол ұйымның мақсаттарын тұжырымдап және оларға жетуге қажет жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау үдерісі».

Бұл анықтамада екі маңызды идея бар:

- негізгі басқару функциялары аталған;

- ұйым мақсаттарына тиімді және ұтымды жету.

Ұйым –жалпы мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне  жету үшін іс- әрекеттері саналы түрде үйлестірілетін, адам топтарынан тұратын әлеуметтік бірлестік.

Ұйымдар қоғам негізін қалайды. Ұйым қызметімен біз күнде кездесіп тұрамыз: дүкенде, кафеде, оқу орнымен, ауруханамен және басқаларымен. Олардың қызметіне негізгі жауапкершілікті  менеджерлер көтереді, олар  ұйым қарамағындағы ресурстар ақылмен пайдалануын қадағалап отырады.

Ұйымды белгілі мақсатқа жетуге арнайы жасалған әлеуметтік құрылым деп анықтайды.

Бұл жерде:

- әлеуметтік құрылым ұйымның екі және одан да көп адамдардан тұратынын білдіреді;

- мақсатқа жету ұйым нәтиже, мысалы, пайда, әлеуметтік қажеттілік және басқаларды,  алу керектігін  білдіреді;

- арнайы жасалған құрылым  мақсаттарға жетуге қажет міндеттер әр түрлі сипатқа ие және оларды орындау жауапкершілігін ұйым мүшелеріне артады.

Бұл анықтама барлық ұйымдарды:  коммерциялық және коммерциялық емес, үлкен және шағын және с.с. түгел қамтиды. Оған сәйкес, менеджер міндеті ұйым мақсатына жету үшін ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану болып келеді.

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның 3 компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару үрдістерін келесідей ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: Өлі табиғаттағы басқару үрдістері - техникалық жүйелерді басқару, тірі табиғатағы басқару үрдістері - биологиялық жүйелердегі басқару, ал адам қоғамындағы басқару үрдістері - әлеуметтік жүйедегі басқару үрдістері болып табылады.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (91.5 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club