Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Франчайзинг кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ерекше формасы

Автор:   •  Октябрь 22, 2021  •  Реферат  •  4,065 Слов (17 Страниц)  •  715 Просмотры

Страница 1 из 17

 Дәріс-6. Франчайзинг кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың ерекше формасы

«Франчайзинг» термині француздың  «franchise» -  жеңілдік, арықшылық, сонымен қатар салық  пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.

Франчайзингтің қалыптасуы және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.

Франчайзинг – кәсіпкерлік қызметтің танымал нысаны, ол коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындардың табысты үлгілерінің жүйелі түрде қайталануы.

Франчайзинг- жеке кәсіпкерлікті        дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтік мәселелердің шешудің, бизнестегі айқындылықты арттырудың және салық салу базасының дамуының тиімді құралы болып табылады.

Аталған терминнің анықтамасын кез-келген экономикалық анықтамалық сөздіктерден табуға болады. Алайда, әрбір мемлекетте заңның түсіндірілуі әртүрлі, сондықтанда, Халықаралық франчайзинг ассоциациясы ұсынған  анықтамаға негізделген франчайзингтің халықаралық дефинициялық мағынасы халықаралық бизнес үшін әмбебап болғанымен, әрбір елдің ресми терминологиясына жете көңіл аудару қажет. Бұл франчайзингтік қатынастарды нормативті-құқықтық реттеуде және шарттарға заңды түрде қол қоюда өте маңызды болып табылады. 2002 жылдың 24 маусымында Қазақстанда франчайзингтік қатынастарды реттейтін заң қабылданды, ол Қазақстан  Республикасының  «Кешенді  кәсіпкерлік  лицензиясы  туралы»  заңы     деп аталды. Заңда франчайзингке «кешенді кәсіпкерлік лицензия» деген заңды анықтама берген: «Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - кәсiпкерлiк қызметтiң айрықша құқық кешенiнiң құқық иеленушiсi, оны басқа адамға өтемдік негізде пайдалануға беретiн кездегi нысаны».

Франчайзер (кешендi лицензиар) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, айрықша құқықтар кешенiн кешендi лицензиатқа өтемдi негiзде пайдалануға беретiн айрықша құқықтар кешенiнiң (лицензиялық кешеннiң) құқық иеленушiсi.

Франчайзи, (кешендi лицензиат) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, лицензиардың айрықша құқықтар кешенiн кәсiпкерлiк қызмет пайдаланатын, осы кешеннiң құқық пайдаланушысы.

Айрықша құқық кешенi – бiрқатар санаткерлiк меншiк нысандарына (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету белгісіне, патентке, ашылмаған ақпаратқа, оның iшiнде өндiрiс құпияларына (ноу-хауға) құқықтар.

кесте

Франчайзингтік қарым –қатынастардың терминологиясы

Термин

Анықтама

1

Франчайзинг

Бір тарап өз құқықтарын бір бөлігін (франчайзер) өз құқықтарын бір бөлігін(сауда маркасын, технология, «ноу -хау» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға(франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым – қатынас жүйесі.

2

Франчайз

Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар

3

Франчайзи

Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын

4

Франчайзер

Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін  кәсіпорын

5

Франчайзингтік шарты

Франчайзи  мен франчайзер арасындағы заң және құжат

6

Франчайзингтік өнім және сауда маркасы

Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы

7

Бизнестің франчайзингтік моделі

Франчайзер пайдаоану құқығын тең өнімге, қызмет көрсетуге, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.

8

Бөлшек франчайзинг

Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі.

9

Франчайз сатылым бойынша қызмет

Франчайзилер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға  франчайзинг операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзилердң іздестірулемен айналысатын фирам немесе жеке агенттер.

10

Мультифранчайзи

Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесін өзінің барлық  бөлімдеріне таратқанда пайда болады.

...

Скачать:   txt (67.2 Kb)   pdf (226.7 Kb)   docx (32.6 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club