“Самұрық – Қазына” ұйымының ұйымдастырушылық құрылымы
Автор: Adik03 • Декабрь 2, 2021 • Реферат • 1,363 Слов (6 Страниц) • 242 Просмотры
Кіріспеге «Самұрық-Қазына» ұйымы туралы қысқаша тоқталып өтейін. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына сәйкес 2008 жылғы 3 қарашада құрылды. Қор басқару тиімділігін арттыру және тиісті мемлекеттік бағдарламаларда қойылған стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу мақсатында ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінде "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында маңызды рөл атқарады. Қор осы тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыруда Үкіметтің негізгі операторы болды. Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі.
“Самұрық – Қазына” ұйымының ұйымдастырушылық құрылымы
“Самұрық-Қазына” басқару органы - директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады. Компания ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып отыр, сонымен қатар бизнес-модель проекттерімен де айналысып бірталай жұмыстарды атқарып келеді. Яғни, бұның ішіне көмірді өндіру және оны басқа да мемлекеттерде сату, тағы да өндіру саласымен және де көтерме сауда(оның ішіне оны тарату және жеткізу жатқызылады), бөлшек саудамен айланылысып компания ішіндегі активтерді біршама көтеріп алған болатын. Ұйымның өзіне сай ішкі және сыртқы құрылымдары болады. Бұл құрылымдар компания үшін өте тиімді және пайданы алып келеді.
“Самұрық – Қазына” компаниясы әр жыл сайын көптеген жаңадан ұйымдастыру құрылымдарын енгізіп отырады. 2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына орындауға тапсырылды.
2011 жылы Компания жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға, атап айтқанда акционерлердің проблемаларын шешуге және проблемалық құрылыс жобаларын аяқтауға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде өз қызметін жалғастырды. Компания 2014-2016 жылдары "Қолжетімді тұрғын үй - 2020", "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру барысында ірі операторларының бірі ретінде айқындалды.
2015 жылы 25 ақпанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен холдингтегі жаңа кадрлық саясатқа байланысты брифинг өтті. Қордың жаңа ұйымдастыру құрылымына өту үрдісі 2016 жылдың басында басталды және бірінші жарты жылдыққа дейін жалғасатын болды. “Самұрық – Қазына” ұйымының осы жылғы ұйымдастырушылық құрылымы кең ауқымды. Себебі, шет мемлекеттерімен өзара келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынас құру мақсатында біраз істер атқарылған болатын. Лондон қор биржасының негізінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Инвестициялық форум өтті. "Тұрақты инвестициялардың болашағы. ESG үшін шешуші онжылдық" тақырыбындағы шараға LSE мен ҚР СІМ басшылығы, қазақстандық және британдық іскерлер қоғамдастығының өкілдері қатысты. Осының ішінде, әрине Қазақстан ұйымының ішінен “Самұрық – Қазына” компаниясы өзінің ұйымдастырушылық құрылымын жан-жақты дәлелдей отырып, қырағылық танытқан болатын. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Лондон қор биржасының капитал нарықтары жөніндегі Тобының жетекшісі Мюррей Рооспен кездесіп, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын жекешелендіру
...