Мемлекеттiк билiк жуйесiндегi менеджменттiн ролi
Автор: 18101979 • Апрель 24, 2018 • Статья • 1,429 Слов (6 Страниц) • 503 Просмотры
ӘОЖ 338.24.01
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РОЛІ
Түйіндеме. Бұл мақалада мемлекеттік биліктегі менеджменттің атқарушылық және өкілетті органдарының негізгі ұйымдастырушылық қызметтеріне, олардың қарым-қатынастарына аса үлкен көңіл бөлінген және қоғамда басқару процестердің маңызды функцияларын жүзеге асыруы.
Summaru. This article examines the main organizational, executive functions of authorized bodies of management in the government, and the main attention is paid to their relations and the implementation of important functions of managerial processes in societyю.
Түйін сөздер. Мемлекеттік басқару, мемлекеттік менеджмент, билік, бәсеке, реформа, концепция, атқарушы билік.
Keywords. Public administration, public management, power, competition, reform, conception, executive branch.
Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы және ішкі салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекет, мемлекеттік басқару және менеджмент ұғымдары бір бірінен ажырамас және «билік» ұғымынан туындайды. Мемлекеттік билік жүйесіндегі менеджменттің қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін реттеумен байланысты.
Мемлекеттік билік — бұл ерекше қоғамдық қатынастар жүйесі және мемлекеттік органдар қызметі заңмен белгіленген нысандар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылатын және қоғамда демократиялық режимді жасауға, тұлға мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттік басқару мен бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нақты мақсаттары мен функциялары және қоғамдық қатынастарға әсер етудің құқықтық құралдары бар мемлекет билігі. Мемлекеттің әр түрлі функциялары арнаулы мемлекеттік органдардың тағайындалуына, олардың арнайы нысандар мен әдістері арқылы әсер етуіне, қоғамның, азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсатын құруына себепші болады.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқарудағы үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады [1, 35-38 беттер]. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байлан\ысты органдар жүйесінен тұрады. Мемлекеттік аппарат дегеніміз – билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырлады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана білікті және басқару өнерін жетік меңгерген білімді мамандарды тарту. Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет. Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі ол мемлекеттік лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқығын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына кіреді. Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сай білім реформасыз және басқарудың жаңа үлгісіз Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Соған байланысты кәсіптік деңгейді тест, анкета арқылы анықтап барып, мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау.
Мемлекеттік басқарудың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау – қоғамдағы оның объективті қажеттілігін
...