Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ли Якокка «Менеджер мансабы»

Автор:   •  Апрель 1, 2023  •  Реферат  •  1,190 Слов (5 Страниц)  •  291 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

1 - СӨЖ

Тақырыбы: Ли Якокка «Менеджер мансабы»

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2023

Кез келген адамның өмірі тосын, өз көзқарастары мен идеяларының құлдырауына, қалыптасуы мен бұзылуына толы. Әр адамның өмірінде өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ерекше орын алады. Оларды нақты тұжырымдай білу, басымдық бере білу, менің ойымша, өте маңызды. Бұл жалғыз адамға ғана емес, сонымен қатар адамдар тобына, ұйымға да қатысты. Себебі, мақсаттар өте әртүрлі болуы мүмкін. Сіз мақсатты өз мүмкіндігіңізше қол жеткізуге болатындай етіп қоюыңыз керек, әйтпесе оны орындау кезінде сіз жай ғана моральдық тұрғыдан шамадан тыс жүктеме аласыз. Бұл одан әрі мақсатсыз өмір сүруге дейін қайғылы салдарға қауіп төндіреді. Мақсат қоюдың маңыздылығы қазіргі жастар үшін өте өзекті. Сіздің жеке мүмкіндіктеріңізден басқа, мақсатқа жету мүмкіндігін - мақсаттылықты ескерген жөн. Ол мақсатқа жетуде де маңызды рөл атқарады. Бұл өзін-өзі мәжбүрлеу, одан әрі әрекетке итермелеу, табандылық және еңбекқорлық. «Менеджер мансабы» кітабында біз бала кезінен дерлік алдына мақсат қойып, оның жеткен жетістіктеріне табанды түрде ерген Ли Якокко жайлы айта аламыз.

Ли Якокканың «Менеджер мансабы» еңбегінің өмірбаяны кәсіби менеджерлер арасында абсолютті көшбасшы болды. Көптеген адамдар бұл кітаптың артықшылықтарының бірі - оның қарапайымдылығы мен ашықтығын айтады және бұл кітап қиындықтарды жеңе отырып, өз міндеттерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқан Ли Якокканың жеке басына үңілуге ​​мүмкіндік береді. Ли Якокканың өмірбаяны шабыттандырады және өмірде шын мәнінде неге қол жеткізуге болатынын, қиындықтарды қалай жеңуге болатынын көрсетеді.

«Мененджер мансабы» кітабын оқып отырып, көптеген Лидің басынан өткен оқиғалар, цитаталар және бизнеске, өзіңе қажетті көптеген қызық мағұлматтарды оқып, табуға болады. Бірінші маған ойсалдырған оқиға, ол: Ли мектепте оқу жылдарында сабақ барысында және үйірмелерге қатысудың арқасында адамдармен тіл табыса алу, аудитория алдында еркін өз ойын білдіре алу қабілеттерін меңгереді. Оның әрдайым айтып жүретін цитатаның бірі: «Сіздің басыңызда тамаша идеялар болуы мүмкін, бірақ оларды тыңдаушылардың санасына қалай жеткізу керектігін білмесеңіз, сіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз»[1, 14 б.]. Әсіресе бұл менеджерлер үшін басты мәселе болып табылады деп ойлаймын. Сіз қанша жерден білімді, бизнесті қалай жүргізу қажеттігін біліп тұрсаңыз да, сіз қалай адамдармен сөйлесіп, тіл табысып, адамдарды көндіру, басқару қабілеттеріңіз болмаса, сіздің басқа маңызды заттарды білгеніңіздің маңыздылығы болмайды. Сол себептен, сізді бұндай қабілет туа біткеннен болмаса да, сіз бұл қабілетті курстарға барып, практикалық тәжірибелер жасау арқылы қол жеткізе аласыз.

Мектеп кезінен бастап, Ли, үй жұмысын бірден үйге келе салып орындауды әдетке айналдырады. Сондықтан да бұл әдет оның университетке түскен кезінде де көмегін тигізеді. Оның айтуынша: «...университетке түскенде радионы өшіріп, басқа ештеңеге алаңдамай, зейінімді салып, әдебиетке тынбай еңбек етуді білдім. Мен өзіме: «Алдағы үш сағатта мен бар күш-жігеріммен жұмыс істеймін. Тек үш сағаттан кейін мен бұл істі тастап, кинотеатрға барамын. Бизнесте табысқа жету үшін, барлығы дерлік сияқты, ең бастысы - уақытты дұрыс пайдалана білу және назар аудару маңызды»[2, 18 б.]. Уақыт – тек бизнесті басқарушы емес, қарапайым адамдар үшін де құнды ресурс болып табылады. Уақытымызды тиімді не тиімді емес өткізу, бұл әр адамның өз еркі. Әрине, жоғары белестерге жетіп, мақсаттарың орындалуы үшін тайм-менеджментті басқару өте маңызды болып табылады. Мысалы, Ли әрдайым өзінің уақытын дұрыс бөліп, өмірін тек жұмысқа ғана толтырмай, әр демалыс күндері өзінің отбасы мен хоббиларына, демалуға жұмсауды ұйымдастырған. Қанша жерден жұмысың көп болса да, демалуға уақыт бөлу қажжет. Адам 24/7 бойы жұмыс істеу арқылы стресске ұшырауы мүмкін.

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (174.1 Kb)   docx (113.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club