Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

SMM (Social Media Marketing) немесе әлеуметтік медиа маркетинг

Автор:   •  Январь 24, 2019  •  Реферат  •  1,469 Слов (6 Страниц)  •  2,073 Просмотры

Страница 1 из 6

SMM (Social Media Marketing) немесе әлеуметтік медиа маркетинг

        
Веб-басылымның басқа да басылымдар сияқты редакциясы болу керек, яғни онда орналастырылған материалдар түзетілуі қажет. Бұл – әдеттегі дүние. Егер басылым болса, онда редақцияда болуы қажет. Алайда ғаламтор материалдар түзетілмей-ақ авторлардың қорқынышы мен ұятына қарай өздері орналастыратын басылымдардың болуына мүмкіндік береді.                                                                                          
        Расында, өздерінің жазушыларына осындай мүмкіндік беретін көптеген телекоммуниялық жобалар бар. Бұлар – бірінші кезекте әдеби, ғылыми, публицистикалық ресурстар. Бұл жерде ойлармен еркін алмасуға арналған жаңалықтар тобы және чаттар емес, айтарлықтай тиянақталған жұмысты, кітапты немесе мақаланы жариялауға болатын ресурстар ғана айтылады.                                                                                 
        SMM (Social Media Marketing) - әлеуметтік желілер (Facebook, Twitter, Google+ және т.б) мен басқа да блогплатформалар (
yvision.kz, kerekinfo.kz және т.б) арқылы компанияның немесе жеке тұлғаның брендін қалыптастыру, өнімнің немесе қызметтің сату көлемін ұлғайту, тұтынушымен тікелей қарым-қатынасқа шығу.                        
SMM шеңберінде екі стратегиялық ұғым бар. Олар: ашық SMM және жабық SMM. Алғашқысы қоғамға етене араласса, кейінгісі тек компанияның атынан емес тұтынушылар арқылы жарнамаларын жүргізіп отырады. Десек те екі бағытта да белгілі SMM маманның қажеттілігі артып отыр. Осыдан келіп SMM маманның  міндеті не? деген орынды сұрақ туындайды.                                                 
        SMM маман интернетте еркін жұмыс істей алу, соңғы технологияларды меңгеру қажет. Сонымен қатар өзінің қызықтыратын саласынжете меңгеріп, маркетингтік стратегияларды біліп, сараптап, қортынды шығара алуы тиіс. Ол үшін SMM маман бүкіл әлеуметтәк желіде тіркеліп, тек қана акаунт ашып қана қоймай, ол жерлерде белсенділік көрсетуі және әлеуметтік желілердегі әр түрлі сауалнама, байқау, шара ұйымдастыруда белсенді болғаны жөн.                                                                                 
        Интернет журналистикада мәтінмен жұмыс істей алу өте маңызды рөл атқарады. Өйткені маркетингтік сипаттағы сауатты жазбалар жазып, мәтіндер жасау, сайт, жеке блог жүргізу ең басты қағида болмақ. Ол үшін әрине, үздіксіз көркем әдебиет оқу және оны интернеттегі контенттің ерекшеліктерін аныұтауда пайдалану сапалы жазбаларды қалыптастырады. Сол арқылы жарнамалап отырған компанияға да, өзіне де белгілі бір дәрежеде қаржы көздерін әкелері сөзсіз.                                                                 
        SMM маманның сараптамалық қабілеті компания немесе ұйымға пайда келтіру, абырой әкелу жолдарын білумен шектелмейді. Сонымен қатар экономикалық және статистикалық білімді жетілдіру, Excel-де жоспар құрып, есеп-қисапты жақсы меңгергені абзал. Соңғы трендтер мен технологиялардан хабардар болу SMM мамандар үшін міндетті болып саналады. Шығармашыл, креатившіл – қызықты, жаңа идеялар ойлап, оны дамытудың креативті тәсілдерін меңгеруді жүйелеп, жоспарлай алу қажет.
        SMM жүргізу аз күннің немесе бір айдың жұмысы емес, кемінде алты ай немесе бір жылдық стратегия жасалады. SMM мамандардың қоғамға тигізер пайдасы ақпараттық активтер атрып, компания, тұлға жайлы пайдалы да, қызықты ақпарат көбейеді. Сонымен қатарсату көлемінің ұлғаюы мемлекеттік ұйым болса, абыройы артады.                                 SMM маман графикалық интерфейстің бірнеше түрін еркін меңгеруі қажет. Кез келген интерфейстің негізгі мақсаты – пайдаланушы үшін компьютерде орындалған материалды неғұрлым түсінікті жасау. Оны ақпарат ретінде тарату.                                          Онлайн режимдегі БАҚ технологияларын төмендегідей сараптауымызға болады.
1. Ақпараттық технология – блогтар, жаңалықтар лентасы.                                         
2.Интерактивті технология – түрлі чаттар, сауалнамалар, форумдар.                 
3.Фото-аудио-видео технологияялар – журналист өнімін жариялаудағы қосымша мүмкіндіктері.
4.Флэш технология – мақалада флэш – сызбаларды, диаграммаларды қолдану.
        Ал онлайн – режимде SMM-нің артықшылықтары:                                         
        Біріншіден, интернет журналист үшін ақпаратты қысқа мерзім ішінде саны жағынан ауқымды аудиторияға жариялауға мүмкіндік береді.                                         
        Екіншіден, интерактивтілік, жарияланған ақпаратқа деген оқырман көзқарасын білу мүмкіндігі. Яғни бұл жерде аудиториямен байланыс орнайды.                                         Үшіншіден, жеделділік. Ескірген ақпараттың құны жоқ, журналист өнімін уақытында жариялап отыруы тиіс. Ал сайттарда бұл небары бірер минуттарды құрайды.                 Төртіншіден, өзара байланыс. Гипермәтіндік сілтемелерді қолдану сайттардыы бір бетте топтастыруға мүмкіндік береді.                                                                          SMM – бұл жазбаларды салып отыру ғана емес, аудиториямен тікелей байланыс, олардың әрбір сұрағын жауапсыз қалдырмай келген сұрақтарды талдау және сараптау болып есептеледі. Диалог жасамайтын бір жақты жұмыс істейтін SMM- маман ешқашан өспейді.
        Қорыта айтқанда, SMM маман журналистер үшін графикалық интерфейсті меңгере отырып, инфорграфиканың қолданысын, бизнестік жобалар аясын кеңейтеміз. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар дамыған тұста замана ағымына ілесіп, интернет журналистиканың келелі мәелелерін шешуге ат салысып қана коймай, өзіндік ізденістерді, нәтижелерді байқауға болады.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (103.6 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club