Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның жалпы сипаттамасы

Автор:   •  Май 11, 2023  •  Реферат  •  825 Слов (4 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 4

1.«First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның жалпы сипаттамасы

1.1. Банктің тарихы және атқарушы органдарымен танысу

First Heartland Jýsan Bank-Қазақстандық екінші деңгейлі,коммерциялық банкке жатады.Бас кеңсесі-Алматы қаласында орналасқан.

Жусан банк (First Heartland Jýsan Bank) -бұрынғы ЦеснаБанк-1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі банктердің, жақында қалпына келтірілген жүйесі бар қаржылық тұрғыдан тұрақты банктердің бірі.

Атауының өзгеруі және ребрендинг 2019 жылдың сәуірінде басшылықтың өзгеруіне байланысты болды.

Банктің жаңа атауы-Jýsan Bank бөлшек сауда брендімен байланысты ("Jysan" қазақ тілінен аударғанда-"Жусан")"First Heartland Jýsan Bank" АҚ деп аталады.

Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау органының банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясының болуымен айқындалады.

Банктің атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242 үй. Меншіктік формасы – жеке. Банк қызметін жүзеге асыру барысында Конституцияны және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын, ҚР-сы жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ заңнамалық актілер мен ҚР-ның өз құзіретіне жатқызылған мәселелері бойынша актілері негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын ҚР-сы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Акционерлердің жалпы жиналысының, Банктік Директорлар кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.

"Цеснабанк" АҚ 1992 жылы 17 қаңтарда Целиноград (Астана) қаласында құрылды. 22 жыл ішінде банк танымал, тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан қаржы институтына айналды. Құрылған сәттен бастап банк банктік қызметтердің кең спектрінде әр клиенттің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, әмбебаптылық пен тиімділік принциптерін ұстанады. "Цеснабанк" қызметінің негізін өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы, жеделділік, клиентке бағытталушылық және қаржылық тұрақтылық құрайды.

2007 жылдың қаңтарында Жусан банк АҚ-ы өзінің он бес жылдығын атап өтті. 15 жыл ішінде Банк өзін ең табысты, тұрақты дамып келе жатқан қаржы институттарының бірі ретінде көрсетті. Жусан банк АҚ-ның өзінің стратегиясына сәйкес бірнеше жыл ішінде тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйесін жоғары деңгейге қоя отырып, айтарлықтай сапалы өзгерістерге қол жеткізді. Сенімді және дәйекті бизнес-стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде 2007 жылдың мамыр айында беделді халыақаралық «Euromoney» қаржы журналы Жусан банк АҚ-ын Орталық, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең жақсы менеджменті бар деп, «Best Managed Companies 2007» марапатын ұсынды. Бұл марапат Жусан банк АҚ-ның ұжымының жоғары кәсіби шеберлігі танылғандығын айғақтайды. Іскерлік жүргізу және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына бейімделген Банк ұзақ мерзімді жетістіктерге бағдарланған, оған қол жеткізу 15000-нан астам қызметкердің тиімді және жауапты жұмысымен қамтамасыз етіледі. Осындай марапаттауға лайық болған Жусан банк АҚ-ның тарихи даталарынына көз жүгіртетін болсақ:

1992 жыл,17 қаңтар- "Цеснабанк" банк операцияларын жүргізуге лицензия алды.

1993 жыл-Алматы мен Қостанайда "Цеснабанк" филиалдарының ашылуы.

1994 жыл-"Цеснабанк" Қазақстандық банкаралық валюта-сауда биржасының мүшесі болды және "БСС " санатына сәйкес қатты шетел валюталары бойынша сауда-саттыққа қол жеткізді".

1995 жыл-Республикаішілік шұғыл электрондық төлемдер жүйесін игеру. "Цеснабанк" деректерді берудің халықаралық электрондық

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (67.9 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club